Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭКОНОМИКА ККТ 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Сыртқы экономикалық байланыстар

Бүгінде республика дүниежүзіндегі жүз қырық бес мемлекетпен сыртқы сауда операцияларын жүргізуде. Экспорттық жеткізілімдер әлемнің жүз жиырма екі еліне жүзеге асырылуда, импорттық тауарлар жүз он бес мемлекеттен жеткізілуде.

Қазақстан өнімін негізін тұтынушылары – Ресей, Нидерланды, Қытай, Швейцария, Германия, Өзбекстан, Италия, Украина, Ұлыбритания т.б.. Импортталатын тауарлардың басым бөлігі Ресейден, Өзбекстаннан, Түркіменстаннан, Гермаиядан, Түркиядан, Ұлыбританиядан Белорусьтен, Украинадан, АҚШ-тан, Қытайдан жеткізіледі.

Қазақстан Еуропа мен Азия Тынық мұхит аймағын қосып маңызды геосаяси орын және стратегиялық кеңістікті алып жатыр. Сондықтан Қазақстанның Ресей және Қытаймен өзара қарым-қатынастары ерекше мәселе болып табылады. 1992 жылы Ресеймен өзара көмек, экономика, әскери және саяси сфераларда достық пен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды. Қытай Халық Республикасымен де бірқатар келісімдер жасалды. Қазіргі кезде Қазақстаннан сыртқы нарыққа тауарлардың екі жүзден астам түрі шығарылды. Қазақстанның түсті металдары, ферроерітінділер, қара металл, минералдық тыңайтқыштар, көмірсутекті шикізат дүниежүзілік нарықта көп сұраным тауып отыр. Республиканың экспорттық тауарларының маңызды тобын агроөнеркәсіп кешенінің өнімі: талшықты мақта, дәнді дақылдары, былғары шикізаты, ет консервілері құрайды.

Қазақстанның ең ірі және пәрменді шетелдік әріптестері арасында Шеврон, Британия Газ, Аджип, Мобил, Самсунг т.б. бар. Шетелдік инвесторларды бәрінен көп қызықтыратыны – мұнай-газ өнеркәсібі, түсті және қара металлургия.

Тізе берсек тізім үлкен, еліміз әлемнің бар елімен қатынаста десек артық болмас, ең бастысы тізім емес, нәтижелік, еліміздің алға дамуы, ДСҰ-ын басқаруы.

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2-тапсырма. Мекен, мезгіл үстеулерін қолданып, сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңыз.

Әлемдік қауымдастық, сыртқы саясат, лайықты орын, өтпелі кезең, іс жүзінде, тығыз байланыс, әңгіме барысында, баса назар аудару, дербес даму жолы, жөн болар еді, айрықша риза, жалғасын табу.

3-тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қарапайым американдықтар (немістер) Қазақстан туралы неге өте аз біледі деп

ойлайсыз? Оның себебі неде?

2. Кез-келген ел туралы пікір қалай қалыптасады деп ойлайсыз?

3. Қазір біздің елімізге кімдер қызығушылық танытып отыр? Не үшін?

4-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашып, есіңізге сақтаңыз.

1. Өз елің – алтын бесік.

2. Әркімнің өз жұрты – ұжмақ.

3. Отан – елдің анасы.

Ел – ердің анасы.

4. Ұлтарақтай болса да

Ата қонысы – жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да

Туып - өскен ел қымбат.

5-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

6-тапсырма. Керек жалғауларды қойыңыз. Етістіктердің астын сызыңыз.

  1. Жаңа дүкен ... тұсау... кесу.

  2. Экономистер Қазақстан... таруарлар... шетелге тасымалдауды ұйымдастырды.

  3. Сен қарызың... қалай өтейсің?

  4. Ертегіде бала қасқыр... айналып кетеді.

  5. Ол ғимарат ... айналып өтті.

7-тапсырма. Есімшенің жасалу жолын еске түсіреміз. 6-тапсырмадағы етістіктерді есімше тұлғасында қолданыңыз.

8-тапсырма. Есімшенің жұрнақтары арқылы сөйлемдер құрастырыңыз. Шақтық мағынасына мән беріңіз.

9-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, таныс емес сөздерді сөздіктен табыңыз. «Жібек жолы тауарлары» деген тақырыпта әңгіме айтыңыз

Жібек жолы кезінде қытай жібегін сыртқа шығаруға қызмет етті. Сауда-саттық пен елшілік қарым-қатынас ұлғайған сайын тауарлардың түрлері де өзгеріп отырды. Енді жібек жолы арқылы Үндістан мен Иранның, Еуропа мен Русьтің тауарлары жүре бастады, Ұлы Жібек жолы арқылы кілемдер мен маталар, құйма күміс пен алтын, садақтар мен жебелер, семсерлер мен сүңгілер, араб арғымақтары мен сәйгүліктер, қаршығалар мен тауықтар, түйелер мен пілдер, тотықұстар мен түйеқұстар, шабдалы мен қауындар, жүзім мен қалампыр, қант пен көкөніс, әртүрлі жемістер әрлі-берлі тасылып жатты. Алайда сауданың ең бастысы – жібек болған. Алтынмен бірге ол халықаралық валюта болған, жібекті хандар мен елшілерге тарту екен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген.

10-тапсырма. Мәтінге өз ойыңызды қоса мазмұндаңыз.

БӨЖ