Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭКОНОМИКА ККТ 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Туристерге кеңес

Лексикалық тақырып: Шығыс елдеріндегі тәртіп. Іссапарды ұйымдастыру.

Грамматика: Қайталау: Тәуелдік тұлға мен модальдық мағына (абзал, керек). Шарт мәнді сөйлемдер.

Сөздік:

киім-кешек –

реттеу –

тыйым салу –

ашық-шашық –

тағу –

абзал –

темекі шегу = темекі тарту –

қоқыс –

айыппұл –

1-тапсырма. Абзал және керек сөздерінің синонимдерін дәптеріңізге жазып алыңыз:

абзал = дұрыс = жөн ;

керек = қажет

2-тапсырма. Сөз тіркестеріне мән беріңіз.

1. ескерген жөн, алдын-ала тапсырған абзал, орамал таққан дұрыс

2. ескеру(і) керек, алдын-ала тапсыру(ы) қажет, орамал тағу(ға) тиіс

Шығыс елдеріндегі тәртіп

Көптеген мұсылман елдерінде адамның мінез-қылығы шариғат заңдарымен анықталатынын ескерген жөн. Ол заңдар әйел мен ерлер арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеп отырады, алкогол пайдалануға тыйым салады және т.б. Сапарға киетін киім-кешекті баратын мемлекеттің ережелеріне сай алған абзал. Егер онда ислам дәстүрлері басым болса, онда турист өзімен бірге қарапайым киімдер алуы тиіс. Шығыстың көптеген елдерінде әйелдерге ашық-шашық киіммен жүруге тыйым салынған. Ал Иранда олар қоғамдық орындарда орамал тағуға міндетті. Көптеген еуропалық мемлекеттерде, сонымен бірге АҚШ-та қоғамдық орындарда, мейрамханалар мен дәмханаларда темекі шегуге тыйым салатын заңдар қабылданған. Ал әлемнің кей бұрышында, мысалы, Сингапурда қоқыс тастауға болмайтын жерді ластағаны үшін айыппұл салынады.

Өзіңіздің басқа елге саяхатқа шығатыныңыз туралы туыстарыңызға хабарлап, байланыс телефондарыңызды қалдырыңыз. Өзіңіз келген елдегі елшілігіңіз пен жақын арадағы елшілік мекемесінің телефонын жазып алыңыз.

3-тапсырма. Төмендегі үлгілердің көмегімен сөз тіркестерін жасаңыз.

...-ған, ...-ген, ...-қан, ...-кен абзал. Үлгі: айтқан жөн, кеткен дұрыс

...у қажет, керек. Үлгі: айту қажет, кету керек

4-тапсырма. Сөз тіркестерін түрлендіріңіз. 1-үлгі: Менің айтқаным абзал.

Сенің ... абзал

Сіздің ... абзал

Оның ... абзал

Біздің ... абзал

Сендердің ... абзал

Сіздердің ... абзал

Олардың ... абзал

2-үлгі: Менің айтуым қажет, кетуім керек.

Сенің ... қажет, ... керек

Сіздің ... қажет, ... керек

Оның ... қажет, ... керек

Біздің ... қажет, ... керек

Сендердің ... қажет, ... керек

Сіздердің ... қажет, ... керек

Олардың ... қажет, ... керек

5-тапсырма. Мәтіндегі етістіктерді 3-тапсырмадағы үлгіге айналдырыңыз. Сөз тіркестеріне емес сөзін қосып жасап көріңіз. Үлгі: алдын-ала тапсыру қажет емес

6-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

  1. Турист өзімен бірге қарапайым киімдер ... ... (должен брать).

  2. Әйелдерге ашық-шашық киіммен жүру ... ... (не нужно).

  3. Олар қоғамдық орындарда орамал ... ... (надо завязать ).

  4. Қоғамдық орындарда темекі ... ... ... (курить не правильно).

  5. Туыстарға байланыс телефондарын ... ... ( оставить правильно).

7-тапсырма. Өткен сбақтардағы -уға, -уге міндетті, тыйым салу, болады, болмайды ережелерін еске түсіре отырып, сол үлгідегі сөйлемдерді мәтіннен көшіріп алыңыз. Үлгі: Темекі шегуге тыйым салынады.