- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Көсемшенің жасалуы мен түрлері
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Сауда. Сауда орталығы
- •Сыртқы экономикалық байланыстар
- •Құнды қағаздар. Банк билеттері, ақша
- •Ұлы Жібек жолы
- •Ұлы Жібек жолы тауарлары
- •Шенген келісімі
- •Шенген визасын қалай алуға болады?
- •Шенген визасы. Виза үшін қажетті құжаттар
- •Как вести себя в непредвиденых ситуациях
- •Поведение во время землетресения и стихийных бедствий
- •Қазақстанның сәулет өнері
- •Батыс Қазақстан
- •Тараз шаһары
- •Киім үлгісінің құпиялары
- •Киімдердің түсі туралы
- •Костюмдер, шалбарлар
- •Шалбар, аяқ киім
- •Қазақстанда жоғары туристік білім орнықтыру
- •Банкноттар тарихы
- •Қазақстан Республикасының банкноттары
- •Ақш банкноттарында кімдер тұр?
- •Ақтөбе облысының этнографиялық ерекшелігі – туристік мотивацияның факторы
- •Ағаш ою, зергерлік жұмыстары
- •Ақтөбе облысындағы әйелдер қолөнері
- •Тарихи-этнографиялық туристік нысандар
- •Күлтегін тас жазуы
- •Күлтегін тас жазуы
- •Турист өміріне қауіп төндіретін факторлар
- •Саяхат проблемалары
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристерге кеңес
- •Шығыс елдеріндегі тәртіп
- •Іссапарды ұйымдастыру
- •Іссапардағы ережелер
- •Шартты рай
- •Туризм жұмысын жандандыру жолдары
- •Тыңдалым (аудирование)
- •Қалау рай
- •Жиналыстар мен конференциялардағы әдеп
- •Келіссөздер жүргізу техникасы
- •Сізге аудармашы қажет пе?
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •IV. Сөйлемді аяқтаңыз, етістіктің астын сызыңыз.
- •Қорытынды бақылау жұмысы
- •10.Аударыңыз: «Честь быть изображенным на однодолларовой купюре предоставлена Джорджу Вашингтону»
- •15.Жақшадағы сөздерді аударыңыз: Мамандардың (качественно) және (выгодно) жұмыс жасауы үшін оларды (квалификацию) арттыратын курстарға (направлять) отыруы тиіс.»
- •20.Керек сөзді қойыңыз: «Мұражайлар ... Әсер қалдырды.»
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы – сауда, керуен жолдарының жалпы атауы. Ол біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырдан он алтыншы ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырды. Чжан Цяньның жасаған саяхаты нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырда ашылды. Ұлы Жібек жолы Сианьнан Ланчжоу арқылы Дуньхуанға апарады. Бұл жерден жол екі торапқа бөлінеді: солтүстік жол Тұрфан, Қашқар, Самарқан, Мервті және Ферғана алабын басып өтсе, оңтүстік жол Хотан, Жаркент, Балх және Мервті басып өтіп, Памирдің тау жоталары арқылы Үндістанға, сондай-ақ Таяу Шығысқа апарады. Экспорт үшін арнаулы дайындалған және Батыста жоғары бағаланатын қытай жібегі негізгі сауда тауары болды.
Ұлы Жібек жолы арқылы сауда-дипломатиялық байланыс, әсіресе, 1-2 ғасырлар арлығында мейлінше дамыды. Қытаймен негізінен ортаазиялық делдал саудагерлер сауда жүргізді (97 жылы қытай саяхатшысы Гань Ин Парсы шығанағына дейін, ал 100 жылы македониялық Май Лициан Ланчжоуға дейін жетті).
3-6 ғасырларда Ұлы Жібек жолы көбіне «Қажылар жолы» ретінде пайдаланылды. Бұл жол арқылы будда монахтары Қытайдан Үндістанға, Үндістаннан Қытайға сапар шекті. Оның 7-10 ғасырлардағы халықаралық маңызы – Қытай Визянтиямен және арабтармен байланыс орнатты. 15 ғасырда теңіз байланысының дамуына байланысты Ұлы Жібек жолы маңызын жоя бастады. Алдыңғы Азия мен Орта Азия және Қытай халықтары арасында экономикалық және мәдени байланысты дамытуда Ұлы Жібек жолының рөлі зор болды. Жібек жолының ұзындығы 7 мың шақырымнан асты.
1-тапсырма. Мына сөйлемдерді аяқтай отырып, мәтінге сұрақтар қойыңыз.
Жібек жолы Орта Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен ... .
Бұл жерден жол екі торапқа ... .
Оның негізгі сауда тауары ... ... болды.
Солтүстік жол Тұрфан, Қашқар, Самарқан, Мервті және Ферғана алабын ... ... .
Оңтүстік жол Хотан, Жаркент, Балх және Мервті ... ... , Памирдің тау жоталары арқылы Үндістанға, сондай-ақ Таяу Шығысқа ... .
Бұл жол арқылы будда монахтары Қытайдан Үндістанға, Үндістаннан Қытайға ... ... .
... ... мен Орта Азия және Қытай халықтары арасында экономикалық және мәдени байланысты ... Ұлы Жібек жолының ... ... болды.
2-тапсырма. Картадан Жібек жолы (басып өткен) жүріп өткен мемлекеттерді көрсетіңіз. Төмендегі лексиканы қолданыңыз:
оңтүстікте, (і.с.) оңтүстігінде, солтүстікте, (і.с.) солтүстігінде, батыста, (і.с.) батысында, шығыста, (і.с.) шығысында, (ш.с.) бастап (б.с.) дейін, ... арқылы өтеді, (б.с.) апарады, ... елін басып өтеді, негізгі тауар, тауарлар
3-тапсырма. Керекті жалғауларды қойыңыз.
Оңтүстік ... жаз ұзақ, қыс қысқа болады.
Картада Түркістан, Тараз қалалары Қазақстанның оңтүстігі ... жатыр.
Аса, Талас өзендері Жамбыл облысы ... басып өтеді.
Жібек жолы Тараз арқылы өтіп, Түркістан ... апарады.
Жібек жолы Шығыс елдері... Қазақстан... байланыстырды.
4-тапсырма. Жақшадағы сөздерді аударыңыз.
Орта Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен ... (связывал).
Ұлы Жібек жолы Сианьнан Ланчжоу арқылы Дуньхуанға ... (ведет).
Бұл жерден жол екі торапқа ... (делится).
Батыста жоғары бағаланатын ... ... (китайский шелк) негізгі сауда тауары болды.
Жібек жолының ... ... (основным товаром) қытай жібегі болды.
5-тапсырма. Оқиғаның кезеңдерін көрсетіңіз.
Жібек жолы біздің заманымыздан бұрынғы ... ғасырдан ... ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырды.
Чжан Цяньның жасаған саяхаты нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы ... ғасырда ашылды.
Сауда-дипломатиялық байланыс, әсіресе, ...-... ғасырлар арлығында мейлінше дамыды.
...-... ғасырларда Ұлы Жібек жолы көбіне «Қажылар жолы» ретінде пайдаланылды.
...-... ғасырлардағы халықаралық маңызы – Қытай Визянтиямен және арабтармен байланыс орнатты.
... ғасырда теңіз байланысының дамуына байланысты Ұлы Жібек жолы маңызын жоя бастады.
6-тапсырма. Сөздерге барыс септігі жалғауларын жалғаңыз, мысал келтіріңіз.
Емделу..., сөйлеу..., тыңдау..., орындау..., қол қою..., жою..., сұра..., дауыс беру..., сабақтан қалмау..., оқу ...
7-тапсырма. Жіктік жалғауын жалғаңыз.
Мен қоғамды сыйлауға міндетті-мін және еңбек етуге құқылы-мын.
Сен қоғамды сыйлауға міндетті-... және еңбек етуге құқылы-... .
Сіз қоғамды сыйлауға міндетті-... және еңбек етуге құқылы-... .
Ол қоғамды сыйлауға міндетті-... және еңбек етуге құқылы-... .
Біз қоғамды сыйлауға міндетті-... және еңбек етуге құқылы-... .
Сендер қоғамды сыйлауға міндетті-... және еңбек етуге құқылы-... .
Сіздер қоғамды сыйлауға міндетті-... және еңбек етуге құқылы-... .
Олар қоғамды сыйлауға міндетті-... және еңбек етуге құқылы-... .
8-тапсырма. «Құқық» сөзін тәуелдеңіз.
Менің білім алуға құқығ-... бар. Біздің білім алуға құқығ-... бар.
Сенің білім алуға құқығ-... бар. Сендердің білім алуға құқық-... бар.
Сіздің білім алуға құқығ-... бар. Сіздердің білім алуға құқық-... бар.
Оның білім алуға құқығ-... бар. Олардың білім алуға құқық-... бар.
9-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Студенттер (учиться) ... міндетті.
Мен (не пропускать занятия) ... ... міндеттенемін.
Менің ( на получение образования) ... ... құқығым бар.
Сен (отдыхать) ... құқылысың.
Біздің құжатқа ... ... (подписать) құқығымыз бар.
10-тапсырма. Қажет есімдіктерді қойыңыз.
... сабаққа кешікпеуге міндеттенесің.
... құжатқа қол қоюға құқықтарың жоқ.
... бас тартуға құқығыңыз бар.
... тәртіп сақтауға міндеттіміз.
... құжатты талап етуге құқылысыңдар.
Ұлы Жібек жолы тауарлары. Қытай жібегінен өзге тауарлар туралы
Сөздік:
тоғысқан тоқсан торап –
тұсауын кесу –
тасымалдау –
өтеу –
борыш –
күретамыр –
айналу –
11-тапсырма. Мына сөздерге мән беріңіз: лирра, ладан, жасмин суы, амбра, янтарь, маржандар, алдаспан қылыштар, көксүңгі найзалар. Сөйлемдер құрастырыңыз.
12-тапсырма. Келесі сөз тіркестеріне түсініктемелер беріп көріңіз: тоғыз жолдың торабы, тұсау кесу, күретамыр.
Ақмола қаласы тоғыз жолдың торабында тұрғандықтан, сауданы дамытуға тиімді болды.
Тоғыз жолдың торабында тұрған Ақмолаға астананы көшіру экономиканы көтеру үшін қажет болды.
Астана қонақтары жаңа кітаптың тұсау кесу рәсіміне қатысты.
Қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі – тұсау кесу.
Ұлы Жібек жолы – сауда мен дипломатиялық қатынастардың күре тамыры.
