Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

3.Етістіктерді тиісті шақ формасына қойыңыз.

Інімнің мінезі өзгер... . Мен жұмысымды тиянақты атқарып жүр... .Анам қарындасыма сабақ оқытып жатыр... .Біздің үй қонақ күтуге дайындал... .Біз көршілермен тату тұрып жатыр... .Өмірімде сәттілік пен сәтсіздік жиі болып тұр... . Әкемнің келісті мінезі көп адамға үлгі бол... .Ағам ешкімге теріс мінез көрсетпе... .Жағымсыз мінез оған абырой әпермей жүр... .

4.Үлгі бойынша сөйлем құраңыз.

Үлгі: Оның мінезі қатал болды, бірақ қайырымсыз емес.

Ашушаң ---------------------------------- тез қайтады

Ашық-жарқын -------------------------- көп сөйлейді

Ерке --------------------------------------- кінәмшіл

Пысық ------------------------------------- қыңыр

5.Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлемдер құраңыз.

Кәмелеттік жас + мінез;

Ата-ана + үлгі;

Сәтсіздік - + ашу;

Еліктеу + жасандылық;

Табиғи бітім + сақталу;

Теріс мінез + жағымсыз.

Екінші сабақ. (1 сағат)

1.Мәтінді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.

Көркем мінез қалай қалыптасады?

Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты ерекше атаған жөн. Жан жақты дамыған, жарасымды, көркіне ақылы сай жастар арамызда жүр.

Алаштың ардагері Жүсіпбек Аймауытов былай деген: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білім берудің көздейтін түпкі мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек».

Адамдардың сүйікті ісімен айналысуы жұрттың бәрі қабылдаған қажетті қарым-қатынастар ережелерін пайдалануды керек етеді. Күнделікті өмірде тәрбиесіз біреу көрсеткен дөрекіліктің кесірінен адамның бүкіл күн бойына жай-күйі бұзылады.

Егер адамдарға, заттарға деген мәдениеттілік қарам-қатынастарының ережелері отбасында, мектепте, жоғары оқу орындарында уақытында берілмесе, оларды жас адамдардың өз беттерімен оқып-үйренгені жөн. Ең бастысы, мәдени, әдептілік қарым-қатынастар ережелерін балаларға үйреткен жөн. Болашақ отбасындағы қайырымдылық, қуаныш пен бақыт, махаббат солардан басталады. «Әдет ақылдан күшті» деген мәтелде үлкен мән бар. Әдеп әдеттері біздің санамыздан бөлек жұмыс жасасын, олар біздің өмір-бақи жоспарланбаған әдеттерімізге айналсын.

Өмірде кездесетін түрлі жағдайларда жас адамның өзін-өзі қалай ұстау керектігін жақсы білуі және оны жетік меңгеруі оның бойында әдептіліктің, көркем мінездің қалыптасуына көп ықпалын тигізеді.

Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім,

Судан терең дегенім – оқу-ғылым,

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,

Көктен биік дегенім – шәкірттің көңілі.

Егер, шын мәнінде, жас азаматпен үйлесімді жұмыс жүргізілсе, сол тәлім-тәрбие де, білім де нәтижелі болмақ. Бұл - адам бойындағы көркем мінездің қалыптасу жолы.

2. Берілген тапсырмалардың әрқайсысына жеке тоқталып, өз ойыңызды айтыңыз.

Адамдар бір-бірімен қалай сәлемдесуі керек?

Қоғамдық орындарда, көлікте өзін-өзі қалай ұстауы керек?

Дүкенде, базарда қалай жүруі керек?

Театрда, мұражайда, кітапханада ше?

Жатақханада, қонақ үйде, демалыс орындарында ше?