Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1.Көп нүктенің орнына да, де, әрі, бірақ, әрі, бірақ шылауларың тиістісін қойып, салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыз.

Бақытжан еңбеккер ... момын адам. Кешке үйге апам ... , нағашым ... келетін болды. Айгүлдің далаға шыққысы келіп еді, ... далада күн суытып тұр екен. Астанада жаз ыстық, ... тым қысқа болады. Мараттың сурет салғанды ... жақсы көреді, ән айтуға ... құмарлығы бар. Кеше қарай қар жауды ... артынша жел тұрып, боран басталып кетті. Әкем ән айтады ... домбырада күй тартады.

2.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Дарынды оқушылармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру «Дарынды тұлға– халқымыздың ең қымбат байлығы» Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы Заңына» әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылғандай: «Ғасырда экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі ерекше күш – адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы мен білімі». Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастардың шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажет.

Дарынды балаларды бір орталыққа іріктеу, айқындау – белгілі бір баланың дамуына талдау жасайтын ұзақ процесс. Ал, дарынды баламен жұмыс істеу дегеніміз – мектептік және мектептен тыс сипаттағы тәрбиелік білім беру мекемелерінің өзара байланысы. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарға да байланысты.

Ұлы ойшыл, ағартушы-демократ ақын Абай Құнанбайұлы «Ұстаздық – жүректің асылдығы» деп тегін толғанбаса керек. Расында, мұғалім мамандығын таңдаған адамның артына қалдыратын ізі - кейінгіге ғибратқа толы тәлім-тәрбие қалдыру болса керек. Жалпы жеке тұлғаның дарындылығының деңгейлік көрсеткіштері, ғалымдардың пайымдауы бойынша, жоғары дарынды, дарынды, орташа дарынды болып сипатталады. Дарынды балаларды айқындауда негізгі жұмыс мектеп психологы мен мұғалімнің, мектеп әкімшілігінің бірлескен қызметі арқылы іске асырылуы қажет.

Тұрманова Роза, мұғалім

3.Берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер жасаңыз.

1. Жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер көтеріліп отыр. Еліміздегі дарынды жастардың шығармашылық потенциалын өсіру қажет.

2. Дарынды балаларды бір орталыққа іріктеу, айқындау оңай шаруа емес. Белгілі бір баланың дамуына жан-жақты талдау жасау керек.

3. Дарынды баламен жұмыс істеу күрделі әрекет. Мектептік және мектептен тыс сипаттағы тәрбиелік білім беру мекемелері өзара байланыста жұмыс істеуі керек.

4. Дарынды оқушылардың көп болуына шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздар көп ықпал етеді. Мұғалім мамандығын таңдаған адам ғибратқа толы тәлім-тәрбие беруі керек.

5. Дарынды балаларды айқындауда негізгі жұмыс мектеп мұғалімінікі. Мектеп психологы мен әкімшілігінің де бірлескен қызметі болуы қажет.