Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2.Жаңа сөздерді біліп алыңыз.

Құрылым – структура

Кредиттік оқу жүйесі – кредитная система обучения

Тиімді пайдалану – эффективно использовать

Мүмкіндік туғызу – создать возможность

3.Сөйлемдерді жалғастырыңыз.

Кредиттік жүйенің негізін 1870 жылдары Гарвард университетінің Президенті, ... салды.

«Кредит» ұғымын тек университет пен колледждерде ғана емес, ... де енгізе бастады.

1999 жылы 19 маусымда жоғары білімнің бірыңғай құрылымын енгізу үшін ... қабылданған болатын.

2007 жылы 15 тамызда шыққан «Білім туралы» жаңа заңда оқытуда жаңа технологияларды, сонымен қатар, ... енгізу атап көрсетілген.

Кредиттік технология бойынша оқу процесінің артықшылықтары оқутышының ғана емес, оқушылардың да ... кеңейту.

БӨЖ тапсырмалары: «Шетелде білім алу керек пе?» деген тақырыпта өз ойыңызды жазыңыз.

Он төртінші апта Ғылым мен техника (3 сағат)

Грамматика: Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Бірінші сабақ (1 сағат)

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлеміндегі іс басыңқы сөйлеміндегі істің шартын білдіріп тұрады.

Олар: -са,-се, ма/ме,ба/бе,па/пе+ғанда, генде жүрнақтары арқылы жасалады.

Мысалы: Күн жылыса, жердің тоңы жібір еді. Мен бармағанда, кездесу ертеңге қалар еді.

1.Сөйлемді, тиісті жұрнақтарын қойып, толықтырыңыз.

1. Білімің өте жақсы бол... , университетке грантпен түсе аласың.

2. Нағашым кел... . әжем қатты ренжитін еді.

3. Бай мақтан..., табылар,

Кедей мақтан..., шабылар (мақал).

4. Малды бақ... . қойды бақ, Май кетпейді шарадан. Ит асыра... . сырттаннан Қой бермейді қорадан. (мақал).

5. Анаңды Мекеге үш рет арқалап бар... да, қарызынан құтыла алмайсың.

6. Ол шындықты айт... , мәселе қиынға айналатын еді.

2.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Инновациялық экономика және ғылым

Соңғы жылдары әлемдік экономи­ка­да білім мен инновацияны маңызды экономикалық ресурстар ретінде пайдалану қалыптасты. Дамыған елдердің экономикасын қа­­зіргі уақытта ақпараттық немесе білім эконо­ми­касы немесе қызмет көрсету техно­ло­гиялық экономикасы деп анықтайды. Егер біз әлем­дік экономикаға тең түрде ық­пал­дас­қымыз келсе, тек табиғи ре­сурс­тарға иек арт­пауымыз керек. Қа­зақ­стан­ның ғы­лы­ми және білім беру әлеуеті бар. Оны инновациялар арқылы нарықтық эконо­микада қозға­лыс­қа келтіруге бола­ды. Қазіргі экономикада инновациясыз бір­де-бір түбегейлі міндетті шешу мүмкін емес.

Әр ел жаһандық инновациялық эко­но­микада өз тетігін табады. Қазақ­стан­ның артықшылықтары – дамыған іргелі ғылым, білім берудің, әсіресе, матема­ти­калық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімнің жоғары деңгейі. Осы артықшылықтар біздің еліміздің инно­вациялық экономикаға көшуінің алғы­шарттары болып табылады.

Қазақстандағы ғылымның дамуы­ның қиын мәселелерінің бірі оның қаржыландырылуы болып табылады. Сон­дықтан, «Ғылым туралы» жаңа заңға сәйкес ғылымды қаржылан­дыру тәсілдері өзгертілді. Ғылыми өтінімдерді енді ғалымдар, оқу орындары мен ҒЗИ бере алады, ал бұл қойылған міндеттерді шешудегі ғы­лы­ми еркіндікті білдіреді.

Ұлттық ғы­лы­ми-инновациялық жүйенің орта­лы­ғы Астана қаласында ашылған Жаң­а университет (Nazarbayev University) бола­ды. Оның базасында Қазақстан­ның ірі уни­вер­ситет­терінің қосылуы­мен зерттеу ор­та­лық­тарының, ұлттық зертханалар­дың желісі, инжинирингтік, жобалық-құ­растыру­шы­лық бюросы жа­са­латын болады. Ірі университеттер, ғылыми орталы­қ­тар, кәсіпорындар, отандық және шетелдік инвесторлар және басқа да инно­ва­циялық өндірістер арасындағы байланыстар дамиды. Нәтижесінде білім беру мекемелерінде инновациялық қызметті айтар­лық­тай белсендіруге қол жеткізілетін бо­лады. Осылайша ғылымның, білім беру мен өн­дірістің ықпалдасуы сапалы жаңа деңгейге көтеріледі.

Нәйла НҰРЛАНОВА, БҒМ ҒК

э.ғ.д., профессор.