Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Көкшетауға саяхат

Көкшетау - қала, тау, 1824 жылы негiзi қаланған. Көптеген көлдерi бар және қарағай қалың өсетiн жер. «Көкшетаудың» толық мағынасы: «көкпенбек, әдемi, сұлу бөп көрiнiп тұратын тау». Орысша «Синюха» деп аударғанмен, ресми түрде қазақ тiлiндегi тарихи «Көкшетау» аты берiк орын алған. Оның суретi мен келбет-кескiнi С. Сейфуллиннiң «Көкшетау» поэмасында тамаша берiлген. Биiктiгi 947 м-ге дейiн келедi.

Көкшетаудың табиғаты әдемi, сұлу. Мысалы: Бурабай - Көкшетаудағы ең әдемi көл. Суы тұщы және мөлдiр. Көлдiң ең терең жерiндегi жәндiктер мен балықтар айқын көрiнедi. Көлдiң айналасы - сыңсыған қарағайлы қайыңды орман. Көкшенiң әйгiлi шоқылары «Жұмбақтас» пен «Оқжетпес» көлдi ерекше көрiктi етiп тұрады. Сол себептi де жұрт оны «Қазақстан Швейцариясы» деп те атайды. Көлде әр түрлi балықтар бар.

Бурабай көлiнiң айналасында курорт, демалыс орындары орналасқан. Ол - таза ауасымен, қымызбен емдейтiн iрi курорт. Бурабай табиғатының көркемдiгi жөнiнен әлем курорттарының iшiнде ерекше орын алады. Көкшетау, әсiресе, көктемде әдемi болып кетедi. Себебi жемiс ағаштары гүлдеп, бүкiл дала жаңарғандай болады. Қалада әсем сая бақтар мен көшелер, тарихи орындар өте көп.

Visitkazahstan.kz

3. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, мағынасын сөздіктің көмегімен анықтаңыз.

4.Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Домашние животные, зимний день, летний сад, короткий день, осенний дождь, вкусная еда, сладкий виноград, кислое яблоко, ясный день.

5.Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Неліктен Алматыны «қала-бақ» деп атайды?

  2. Алматыда қандай тамашалайтын жерлер бар?

  3. «Көкшетау» аты қайдан алынған?

  4. Қаланың табиғаты мен көлдеріне сипаттама беріңіз.

  5. Көкшетау курорттары жайлы баяндаңыз.

  6. Сізге осы қалалар несімен ұнайды?

Екінші сабақ (1 сағат) Қазақстанның тарихи орындары

1. Тарихи қала жайлы мәтінді оқып, ұғып алыңыз.

Отырар - қаһарман қала

Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. VІ – VІІІ ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін ІХ – ХІІ ғғ сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады. Отырар Қазақ хандығы заманында мәдениеті мен экономикасы жақсы дамыған орталықтардың бірі болған. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы Жібек жолы болды. V–ХV ғғ Отырар қаласы Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Отырарға жан–жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. Мықты дуалмен қоршалған қалаға кіретін бес қақпа болған.

Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген. 1218 жылы Шыңғысхан басқарған Монғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттанды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал-мүлік Монғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалаларының ішіндегі Отырардың сол кездегі билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Монғолдар 1219 жылы 150 мыңға жуық әскерін аттандырады. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасқан Отырарлықтардың арасынан Қараша атты сатқын шықты. Ол қаланың дарбазасын жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді. Қаланы бірнеше күн бойы тонап, қиратады.

Bilimdiler.kz