Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2.Мәтінді төмендегі жоспар бойынша баяндаңыз.

  1. Сайлау Батырша-ұлының білім алуы.

  2. Дипломаттың алғашқы қызмет жолы.

  3. 1991 жылғы кездесулер.

  4. Шетелдегі қазақтарға жасаған көмегі.

  5. С.Батырша-ұлының қоғамдық қызметі.

  6. Дипломат-ұстаз.

3.Сұхбаттасыңыз.

  • Әлия, сен дипломаттардан кімді білесің?

  • ...................................................................... .

  • Сайлау Батырша-ұлы Қазақстанның дипломатиясына қандай еңбек сіңірген?

  • .................................................................................................................. .

  • Ол кісі қандай тілдерді біледі?

  • ................................................................................................................. .

  • Дипломат қай мемлекеттерде болған?

  • .................................................................................................................. .

  • Шетелдегі қазақтарға қандай көмек көрсетті?

  • .................................................................................................................... .

  • С.Батырша-ұлы қандай марапаттарға ие болды?

3.Тірек сөздермен сөйлемдер құраңыз.

Дипломат, тұлға, қызмет, шетелдегі қазақтар, қоғамдық жұмыс, ұстаз.

Үшінші сабақ (1 сағат)

1.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Қайраткерлік қағидасы (қоғам қайраткері хақында)

«Ақиқат басшы» деп өзінің мемлекетті басқару қабілеті арқылы халықты ақиқат бақытқа жеткізуді мақсат еткен тұлғаны айтуға болады. Өйткені басқару өнерінің мәні мен мақсаты да осы адамдарды шынайы бақытқа жеткізу», – дейді әлемнің екінші ұстазы, адамзаттың ұлы ойшылы әл-Фараби «Мемлекет қайраткерінің даналығы» еңбегінде. Ұлы ғұлама әл-Фа­раби ел басқаратын адамға 12 түрлі та­лап қойған екен. Ең алдымен, ол таби­ға­тында басқаруға бейім, бүгінгіше айт­сақ, тумы­сы­нан лидер болуы керек. Бұл ұғы­мның түп тамыры «тектілік» атты қа­сиет­тен бастау алып жатқаны белгілі.

Тек­тілік қарызға алатын немесе базарда тұра­тын бұйым емес. Ол – туаен қасиет, Ал­ланың берген сыйы. Бірақ тектілікті шың­дай білу де – өнер, оған да ақыл керек. Тектілігіңді жұрт тану үшін алдымен өзіңді-өзің тануың абзал. Өйткені адам өзін-өзі зерттеу арқылы ғана мына дүниені жақ­сылыққа қарай жылжыта алады. Өзіңді танымай жатып өзгеге ақыл айтып өзеуреу әбестік бола­р. Ал оның кілті қайда? Оны халықтың өзінен, үлкеннің сөзінен іздеген дұрыс. «Халық – ұлықтың ақылын аздыр­май­тын, сезімін сөндірмейтін ұлы күш. Қазақ: «Халық деген – Құдайдың бір аты»,-деп айтып кеткен.

Әл-Фараби саясаткер болу үшін «әді­лет­сіз­дікті жек көру керек; жақында­рына да, жат адамдарға да әділ болып, жұртты әді­леттілікке баулу керек. Әділеттілік алдында нойыс мінез көрсетіп қасарыспау керек. Өзі қа­жет деп тапқан істі жүзеге асырғанда, қор­қыныш пен жасқану дегенді біл­мей­тін батыл, ержүрек болу керек» дейді.

Грузин жазу­шы­сы Нодар Думбадзенің «Мәңгілік заңы» де­ген романында адам­ның жаны оның денесінен жүз есе ауыр екенін жазады. Адам ба­ласы өмір бақи өз жанын өзі көтеріп жүре алмайтын көрінеді, сондықтан мен – саған, сен – оғ­ан, ол – тағы біреу­ге, біреу – басқа бі­реу­ге, сөйтіп, шексіз жалғастыра береді екен. Адам баласы осылайша бір-бірінің өмір сүруіне мо­раль­дық тұрғы­дан көмектеседі екен. Соны жазушы «мәңгілік заң» деп атапты. Мұндай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар қам­қорлықтың мәні хакім Абайдың «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» қа­ғи­дасымен астасып жатқандай.

М.Ералин