Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Екінші сабақ (1 сағат)

1.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Мамандық таңдау – болашақты таңдау

Мамандық таңдау – жай ғана оқып, диплом алу емес, өмірлік жолыңды айқындау. Сарапшы мамандардың пікірінше, бүгінгі күнде маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласы мамандары жетіспейді. Ал астрофизик, астроном сынды ғарыш саласы мамандары мен механик, картогроф, геодезист мамандығына еліміз аса зәру.

Күннен-күнге заманауи технологиялардың сан түрі шығарылып жатыр. Адамзат жеті қат көкті де, жерді де зерттеп-зерделеді. Ғаламат ғарышқа да табан тіреді. Осыған орай еліміз де ел экономикасының басты бағдары болып отырған мұнай-газ және энергетикалық салаға баса назар аударып отыр. Бірақ бір «әттеген-айы» бұл мамандыққа деген сұраныстың артуы жоғары болғанымен, оған жастардың қызығушылығы төмен.

Әдебиет пен тарих сынды гуманитарлық пәндерден алдына жан салмайтын оқушылардың көпшілігі физика мен химияға кел­генде амалсыз тосылып қалады. Оған ұлттық бірыңғай тест барысындағы көрсеткіштер куә бола алады. Жапония, Корея, Қытай сынды Азия елдерінде сол техниканың небір түрлері жасалады. «Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі біздің жерімізде бар» деп кеуде кере мақтансақ та, оларды еркін игере алмаймыз. Ал жоғарыда аталған елдерде, байқап қарасақ, қазба байлық та шамалы. Бірақ олар тыңнан түрен салып, әлем елдерінің алдыңғы қатарына шықты.

Елбасының нанотехнологиялық орталықтар мен зерттеу институттарын қалай болғанда да да­мы­ту керектігін айтқаны белгілі. Ал бұл саланы да­мытсақ, химиялық биология, биотехнология сынды ғылымдардың да дамуына мүмкіндік туады. Мамандар «біздің ұлттың бойынан техникалық мамандықтарды игеруге құлықсыздық, ал гуманитарлық салаға бейімділік бар, себебі – ұлттың технократтық санасының әлсіздігінен» деген тұжырымға келіп отыр. Сол себепті де жылдан-жылға техникалық, ауылшаруашылық мамандарын даярлауға мемлекет тарапынан бөлінген грант саны артып отыр. Мәселен, өткен жылы талапкерлерге барлық сала бойынша бөлінген 35 мың гранттың 11мыңы еңбек нарығында сұранысқа ие аталмыш техникалық мамандықтарға бөлінген екен. Биыл да бөлінген жалпы грант санының 11 мыңнан астамы аталмыш мамандық салаларына бөлініп отыр.

Анар Дүйсенбайқызы

2.Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Еліміз қандай мамандықтарға зәру?

  2. Біздің оқушыларымыз қандай пәндерден жақсы көрсеткіш көрсете алмай келеді?

  3. Елбасы неліктен нанотехнологиялық орталықтар мен зерттеу институттарын дамытуды жолға қойды?

  4. Соңғы жылдары техникалық мамандықтарға гранттың көп бөлініп жатуының себебі неде?

3.Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз..

Өмірлік жол, заманауи технология, басты бағдар, мамандыққа сұраныс, жастардың қызығушылығы, гуманитарлық пәндер, тест көрсеткіштері, қазба байлық, әлем елдері, технократтық сана, жалпы грант.

4.Берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер жасаңыз.

1. Күннен-күнге заманауи технологиялардың сан түрі шығарылып жатыр. Адамзат жеті қат көкті де, жерді де зерттеп-зерделеді.

2. Адамзат жеті қат көкті де, жерді де зерттеп-зерделеді. Ғаламат ғарышқа да табан тіреді.

3. Еліміз мұнай-газ және энергетикалық салаға баса назар аударып отыр. Бұл мамандыққа деген жастардың қызығушылығы төмен.

4. «Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі біздің жерімізде бар» деп кеуде кере мақтанамыз. Оларды еркін игере алмаймыз.

5. Елбасының нанотехнологиялық орталықтарды да­мы­ту керектігін айтты. Бұл саланы да­мытсақ, химиялық биология, биотехнология сынды ғылымдардың да дамуына мүмкіндік туады.