Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Үшінші сабақ (1 сағат)

1.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Жаңаны жаңа дегенге не жетсiн, шiркiн!

Бiлiмi өркендеген, ғылымы дамыған елдерде бұл мәселе баяғыда қолға алынған. Мәселен, 1948 жылы Колумбия университетiнде «Ауызша тарих» орталығы ашылған. Бұл орталық қоғамның қарапайым мүшелерiнiң тарихын зерттеумен айналысады. Яғни, тарихшы-ғалым сұхбаттасу арқылы, сұрақ беру арқылы «кiшкентай адамдардың» ауызша айтқан әңгiмесiн жазып алып отырады. Ал бұл – сол уақытты, сол кезеңдi зерттейтiн тарихшы-ғалымдар үшiн құнды материал.

Мәмбет Қойгелдиев бастаған жаңашыл ғалымдар осындай мақсатпен Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетiнен «Айтылған тарих» атты ғылыми-зерттеу орталығын ашады. Бұл жөнiнде Мәмбет Қойгелдиевтiң өзi былай дейдi:

– Өткен ғасырдың 30-жылдары ұлт зиялыларының ұйымдастыруымен сол кездегi қазақ студенттерi ел аралап, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң, 1917 жылғы күрделi өзгерiстердiң куәгерлерiнен естелiк жинаған. Ал қазiр бұл естелiктер тарихшылар үшiн өте құнды материал болып отыр. Сол сияқты, бiз қазiр түбегейлi өзгерiстерге толы, күрделi заманда өмiр сүрiп отырмыз. Олай болса, өткендi көзiмен көрген қариялар, жаңа қоғамды, жаңа тарихты жасаушы тұлғалар арамызда жүрген тұста тағылымы мол тарихи тәжiрибенің келер ұрпаққа қызмет еткенi жөн. Бұл өз кезегiнде тарихи зерттеулердiң әлеуметтене (социализация) түсуiне жол ашады. Әрине, айтылған тарих материалдары – тарихи оқиғаларға байланысты жеке адамның көзқарасы ғана. Яғни, ол жалпы қоғамның көзқарасы, ұстанымы дегендi бiлдiрмейдi. Сондықтан да бұл тарихи фактiлер кәсiби зерттеушiлердiң талдап-сараптауынан, ой елегiнен өткiзiлуi тиiс.

Мәмбет Қойгел­диев «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы жинастырған материалдарды ҚР Орталық мұрағатының бас директоры Ләззат Ақтаеваның өз қолына тапсырды.

Әмiр Нұртайұлы.

2.Сұхбаттасыңыз.

  • Сұлтан, «кішкентай адамдармен» сөйлесу дегенді қалай тұсінесің?

  • Ол қоғамның қарапайым мүшелерімен сұхбаттасу деген мағынаны білдіреді.

  • Оның берері не?

  • Өткендi көзiмен көрген қариялар мен жаңа қоғамды, жаңа тарихты жасаушы тұлғалардың айтар әңгімелері тарихи тәжірибе болып қалады емес пе? Олардың тәрбиелік мәні зор.

  • Оларды жазған соң, не істейді?

  • Олар тарихи фактілер ретінде мұражайларда сақталады, зерттеу жұмыстарына қызмет етеді.

  • Бұл әрекетпен бұрын арнайы айналысқандар болған ба?

  • Ғалымдар 1948 жылы Колумбия университетiнде «Ауызша тарих» деген орталық ашып, айналысқан.

  • Бізде ше?

  • Бізде Мәмбет Қойгелдиев бастаған жаңашыл ғалымдар «Айтылған тарих» атты ғылыми-зерттеу орталығын ұйымдастырды да, жиналған материалдарды мұражайға өткізді.

3.Мақалдардың мағынасын айтыңыз.

Ғ ылыммен жақын болсаң, қолың жетер,

Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

ххх

Кісінің көркі киім емес, білім.

ххх

Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.

ххх

Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді.

ххх

Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей,

Егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей.

ххх

Өнер көпке де жеткізеді, көкке де жеткізеді.

ххх

Тірлікте ілім үйрен көріп жүріп,

Әр жақсының артынан еріп жүріп.

БӨЖ тапсырмалары: Қазақстандағы белгілі ғалымдар жайлы жазыңыз.