Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2. Сөйлемдерді жалғастырыңыз.

1.Сақтар Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерлерін ... .

2.Олар ат құлағында ойнайтын шабандоз, əрі мерген ....

3.Уақыт өте келе сақтар отырықшылыққа көшіп, жер өңдеп, егін шаруашылығымен ... .

4.Оларда əйелдер мен қыздар да соғыс өнерін жетік біліп, еркектермен бірдей ... .

5.Сақтарда қолөнер мен зергерлік өнер ... .

6.Табиғат күштері мен аспан шырақтарына, əсіресе, Күн мен отқа ... .

7.Көшпелі қоғамдағы тұңғыш жазу сақтарда ... .

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Сақтар қай жерлерді мекендеген?

2) Сақтар қандай кәсіптермен шұғылданған?

3) Олар шаруашылықтың қай түрімен шұғылданған?

4) Сақтарда өнердің қай түрі дамыған?

5) Сақтарда жазу болған ба?

4. Сын есімдердің шырай түрлерін айтыңыз.

Күштілеу, сап-сары, өте тамаша, қып-қызыл, топ-толық, биіктеу, жеп-жеңіл, тіпті қызық, тым қысқа, аса қиын, ұзынырақ, жақсылау.

Үшінші сабақ (1 сағат)

1. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз, сол жоспар бойынша әңгімелеңіз. Томирис патшайым

«Патшалардың патшасы» атанған, бүкіл алдыңғы Азияны жаулап алған иран патшасы Кир Орта Азияда яки тұран жерінде жан тәсілім етіпті. Қалайша? Ондай дүрдің дүріне құм қаптырған кім? Жауабын Болат Жандарбеков романынан табамыз. Кирдің жанын жәннамға жіберуші – Орта Азия көшпенділері – сақтардың падишасы Томирис. Болат Жандарбековтың «Сақтар» романы Қазақ елінің арғы тарихын қалпына келтіріп, Томирис бейнесін бар қуат, сипатында жайнатып келісті етіп жасады. Тіл жеткісіз ару, арынды, азулы патшайым, алғыр қолбасшы Томирис бейнесі сақ тайпаларының ұрпағы – бүгінгі қазаққа да дем беретіндей етіп сомдалған.

Әскерінің саны екі есе басым Кир патша соңғы резервін және қосып сақтарды тықсыра бастайды. Сол шешуші минуттарда Томирис өзі бастап кілең әйелдерден тұратын жеті мың атты әскерін жауып жібереді. Соғыстың безбенін сақтар жағына аударады... Орлеан аруы Жанна ДАрк жалғызілікті, қарақан басты болса, Томирис ғұзырындағы ондай батыр қыздар мыңдап саналады.

Томирис - текті атадан. Массагеттер патшасы Спаргапистің қызы. Ата-бабалары алдыңғы Азияны жаулаған Ишпакай, Партатуа, Мади... Томиристің дала аруына тән өр мінезі әскер ойыны алаңына атын ойнатып шыға келген бетінде бірден аңғарылады. Одақтас көрші тиграхаудтар патшасы Кавадтың ұлы Рустам батыр әскери ойындарда массагед батырларының бәрін шетінен оп-оңай жеңе береді. Дәл сол сәтте алып батырмен айқасқа шыққан Томирис, өліспей беріспейтін жігермен, нешеме айла қолданып шайқасқанда, алып Рустамның өзін сүйсіндіреді. Рустам ердің ісін істеп, астындағы тұлпарын қыздың алдында тізе бүктіреді. Екі көзі оттай жанған қыз қарымына алтын белдігін Рустам тұлпарының аяғына тастайды. «Тәңірім бұйыртқан таңдаулым сен болдың» дегені.

Томирис – ақылды патшайым, үздік қолбасшы. Бірақ оның осы биік қасиет-қадірінің бәрінен де асып түсетін бір сипаты айрықша көзге түседі. Ол – Томиристің тапқыр, мірдің оғындай тілі. Мыңдаған ғасырларға кететін, ұмытқызбайтын дуалы сөзі. Шешуші айқаста даңқы аспанға шыққан, еш әскерге есе бермеген иран қарулы күштерін сақтар күл-талқан еткен сағатта Томирис бір төбеге шығып, қоршаған әскеріне Кирдің кесілген басын жоғары көтеріп көрсетеді. Сөйтеді де:

– Сен, Кир, парсылардың патшасы, адам қанына құмарың қанбап еді, ендеше тоя атау-керенді іш! – деп, кәлласын қан толы былғары қапшыққа тастап кеп жібереді. («Ты жаждал крови, Кир, так пей теперь ее досыта»)

«Сақтар» дилогиясы дала әйелінің осындай еңселі, дара тұлғасын сомдауымен бағалы. Томиристей әпкелерінен тамыр тартатын, әсем жүзін жасырып ешқашан паранжы кимеген, қажет кезінде қолына найза ұстап жауға шапқан қазақ қызын мақтан етеміз. Күні кешегі Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының Батыры атанған Мәншүк пен Әлия, Халық Қаһарманы ұшқыш Хиуаз ерлігінің рухани көзін қайдан алатыны енді белгілі болды дейміз.

Шериаздан Елеукенов

(«Тоқсаныншы жылдардың романдарын қайта парақтағанда»)