Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2. Мәтінде кездесетін тұрақты сөз тіркестерінің мағынасыцн біліп алыңыз.

жан тәсілім ету – өлу

дүрдің дүрі – аса әйгілі

құм қаптырған - жеңген

жанын жәннамға жіберу - өлтіру

арынды, азулы - өткір, айбынды

дем беретіндей – күш-қайрат беретіндей

тықсыра бастау – қуып, жеңу

әскерін жауып жібереді – көп әскермен шабуылға шығу

қарақан басты – жападан-жалғыз

өліспей беріспейтін жігермен – бар күш-жігерімен

қарымына - өтеуіне

мірдің оғындай - өткір

дуалы сөз - аталы, орынды сөз

атау-кереңді (іш) – адамның өлер алдында ішкен тамағы

тамыр тартатын – үлгі алатын

3. Мәтінді берілген сұрақтар бойынша баяндаңыз.

  1. Томирис патшайым кім?

  2. Кавадтың ұлы Рустам батыр Томиристі неліктен мойындады?

  3. Томирис қандай қолбасшы?

  4. Томиристің тағы қандай айрықша сипаты бар?

  5. Болат Жандарбековтың «Сақтар» романының тәрбиелік мәні неде?

4. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Алматы Астанадан үлкенірек. Қарағанда Астанаға жақындау. Ертіс Жайықтан тереңірек. Астана Таразға қарағанда өте суық. Үйрек қаздан кішілеу. Мына раушан гүлі қып-қызыл екен. Біздің ауылда таудың етегі жап-жасыл. Менің атам ауданның аса құрметті азаматы болған екен. Кит – тым үлкен балық. Астанада жаз мезгілі тым қысқа. Берілген тапсырма өте жеңіл болды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

    

1.  «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – Астана 2006-2011 жылдар

2.  Н.А. Назарбаев Президенттің Қазақстан халқына жылсайынғы жолдауы – Астана,  2003-2011 жылдар. 

3. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59

БӨЖ тапсырмасы

«Менің туған жерімдегі тарихи ескерткіштер» деген тақырыпқа эссе жазыңыз.

Төртінші апта туған жерге саяхат (Жалғасы. 3 сағат) Бірінші сабақ (1 сағат)

Грамматика: Негізгі және туынды сын есімдер.

1. Сын есімдердің құрамы жөнінде.

Сын есімдер негізгі (түбір тұлғада жасалған) және туынды (жұрнақтар арқылы жасалған) болып бөлінеді.

Негізгі сын есімдер: ақ, қызыл, қара, үлкен, жақсы, әдемі т.б.

Туынды сын есімдердің жасалу жолдары:

Жүрнақтары

-лы/лі

-ды/ді

-ты/ті

-дай/дей

-тай/тей

-лық/лік

-дық/дік

-тық/тік

-сыз/сіз

-қы/кі

-ғы/гі

Мысалдар

айлы

қарлы

күшті

баладай

жібектей

күндей

жаздық

күздік

қыстық

жолсыз

елсіз

сыртқы

ішкі

күзгі

2. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз. Қазақстанның көрікті жерлері

Алматы

Асқақ Тянь-Шань тауы жотасының көкжасыл бауырайынан орын тепкен қаланы «қала-бақ» деп атайды. Қала маңының табиғаты да әсем: алып тау шыңдары, асау өзендер, түрлі жұмбақ үңгірлер, бірегей шоқ тоғайлар, бәрі де қаладан бірнеше шақырымда ғана жатыр. Бұл жер тарихта Жетісу – «жеті өзен елі» атымен белгілі, қазір де еліміздің ең көрікті аумақтарының бірі.

Алматыда тап-таза мөлдір тау суы қалаға, жасыл желектерге нәр беріп, ауаны тазартады. Мұнда тамашалап көретін, Хан Тәңірі шыңы мен Шымбұлақтың қар басқан жолдарынан Ұлы Жібек жолы, Әнші құмдар сияқты бірегей жерлер өте көптеп кездеседі. Қала Евразия құрылығының дәл ортасында, Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 700 ден 1100 м биіктіктегі, Тянь-Шань тауының етегінде. Оның үстінен, биіктігі жағынан Қазбек, Монблан шыңдарынан кем түспейтін, Талғар (5017м), Нұрсултан (4376м), Үлкен Алматы (3684м) шыңдары мен мұңдалап алыстан көрінеді.

Алматы көк желекпен көмкерілген. Оның 10 000 гектар аумағын саябақтар мен шоқ тоғайлар, гүл бағзалар және бақшалар алады. Алматылықтар өз қаласының әлемдегі ең сұлу қала екендігін мақтан етеді.