Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1.«ҚР Тілдер туралы Заңы» қашан шықты?

2.Мемлекеттік тілдің басты қызметтері қандай?

3.Ол Қазақстан халқын топтастыруда қандай қызмет атқарады?

4.Үкіметтің, мемлекеттік атқарушы атқарушы органдардың алдында «Тілдер туралы Заңды» орындауда қандай міндеттер тұр?

5.Қазақ диаспорасының ана тілін сақтауына кімдер көмектесуге міндетті және қалай?

3.Екі қатардағы сөздерді бір-бірімен тіркестіріп, сөйлем құрастырыңыз.

  1. халықтың тиіс

  2. құрметтеуге сүтімен

  3. әр елдің байлық

  4. Қазақстанның көрінісі

  5. азаматтық мақтанышы

  6. рухани болашағы

  7. ақыл-ойының міндеті

  8. жақсылыққа танытатын

  9. ана жаны

10.әлемге жеткізетін

4.Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз.

  • Егер тілім ... болса құрымақ,

           Мен дайынмын өлуге бүгін-ақ.      

                                                                             Ертең,завтра

  • Ақылдың көркі – тіл, тілдің көркі - ...    

                                                                     Сөз,слово

  • Тәрбие басы - ...  

                                                                     Тіл, язык

  • Асыл сөзді іздесең,

Абайды   ...   ерінбе.  

                                                              Оқы,читай                                           

  • Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр ... ,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.    

                                                                 Бет, лицо

  • Туған тіліне жаны ашымаған ...   – жәндік.

                                                               Адам, человек

  • Ана тілін білмеген, ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген, ... сүйіп жарытпас.  

                                                                Халық, народ

5.Төменде берілген Ахмет Байтұрсынов сөзінің мағынасын ұғындырып, бүгінгі күнгі жағдаймен салыстырыңыз.

«Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар  ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс  я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып,  балалар әбден дағдыланғаннан  кейін басқаша  оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай  сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі  ана тілімізбен  оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз»

 Ахмет Байтұрсынов

Кейбір сөздердің мағынасын біліп алыңыз:

ноғай – татар;

жүйесімен түзсе – бұл жерде «үйренсе» деген мағынада;

жұрт – «ел, халық» деген мағынада;

әуелінде – алғаш

Үшінші сабақ (1 сағат)

1. Мәтінді оқып, мағынасын біліп алыңыз.

Қазақ үшін қастерлі күн

Туған тілдің төрге озғанына жиырма жыл болды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ қазақ тілінің басында үйіріліп тұрған қара бұлт та сейіле бастаған. Дегенмен қазақ тілінің етегіне жармасып, еңсесін түсіргісі келетіндер де болды. Бұл – арпалыс пен айқасқа толы 1989 жыл еді.

22-қыркүйек қазақ үшін қастерлі күн болуға тиіс. Себебі осы күні ресми түрде қазақ тіліне – «мемлекеттік тіл» деген ат берілді. Тарихи деректер былай дейді: сол күні Жоғарғы Кеңесте тілдің жайы қозғалған. «Қазақ тіліне – мемлекеттік тіл атағын береміз бе, жоқ па?» деген мәселе сөз болған. Дауыс екіге жарылады. Бірі қолдайды, екіншілері қарсы болады. Мәскеуден түскен нұсқау белгілі. Олар қазақ тілімен қатар орыс тілі де жүруі керек дейді. Ақырында, Заңға «қос тілділік» өтеді. Бұл қалың қазақтың қара жамылған, қабырғасы қайысқан мезет болатын.

Заң басым дауыспен қабылданды. Енді не болмақ? Оны қайта қарауға болмайды. Осы тұста бірнеше ұлтшыл депутаттар бұған наразылығын білдіріп, мінбеден сөз арнайды. Заңның қабылдануына қатысып отырған Нұрсұлтан Назарбаев шұғыл шешім қабылдайды. «Заңды қайта қарау керек». Нәтижесінде «Тіл туралы» заңға түзетулер енгізіліп, басы артық сөздер алынып тасталды, сөйтіп депутаттардың назарына қайта ұсынылады. Заң қабылданады. Онда «Қазақстандағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп жазылады.

Айтайын дегеніміз, сол кезде Президент Нұрсұлтан Назарбаев шұғыл шешім қабылдамағанда, қазақ тілінің жағдайы не болар еді? Табалдырықтан сығалай алмай қалатын еді ғой. Елбасының осындай тарихи шешімінің арқасында қазақ тілі өз тұғырына қонды. Солайша, басына бағы қайта оралды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тілге қатысты атқан мынадай қанатты сөзі еске орала береді. «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар?!».

Ана тілім – ардағым. Ардағымыз айбарлы, айбатты болсын, ағайын!

«Ана тілі» 28-Қыркүйек, 2009 ж.