Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

3.Мәтін негізінде берілген шыларулармен салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыз.

Алайда, сондықтан, және, сол себепті, мен, өйткені, себебі, сонда да, дегенмен.

Үлгі: Қайрат «ЖасылЕлге» барғысы келген еді, алайда досы Нұрланмен бірге «СҚО»-на кетті.

4.Сұхбаттасыңыз.

  • Оспан, сен жастардың қоғамдық ұйымына жазылдың ба?

  • Иә, әрине, жазылдым.

  • Қай ұйымға?

  • «Жас Отан» партиясының мүшесімін.

  • Ол партия не береді?

  • Бұл партия жастардың жан-жақты дамуын қадағалайды. Олардың рухани-адамгершілік күш қуатын арттыруға, әлеуметтік-экономикалық жағдай жасауға күш салады. Өзің қандай қоғамдасың?

  • Мен жастардың құрылыс отрядындамын. Бұл жерде жаз айларында жүмыссыз қалмайсың. Өзің қалаған жерде, қалаған отрядыңмен құрылыста еңбек етесің. Мәселе тек ақша табуда ғана емес, онда түрлі мәдени іс-шаралар жүргізіледі. Студенттердің күшімен концерттер қоямыз, КВН ойындары, басқа да спорттық ойындар ойналады. Жалпы, жастарға патриоттық тәрбие беріледі. Өте жақсы ұйым.

  • Қуаныштымын. Өз көңіліңнен шығатын әрекетпен айналысқан нағыз бақыт қой.

БӨЖ тапсырмасы

«Менің елім – менің мақтанышым» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

Тоғызыншы апта қазақстан - әлемдік кеңістікте (3 сағат) Бірінші сабақ (1 сағат)

Грамматика: Талғаулы салалас кұрмалалас сөйлем.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің біріндегі ғана іс жүзеге асатын құрмалас сөйлем талғаулы салалас құрмалас сөйлем деп аталады. Оның жұрнақтары: не, немесе, я, я болмаса, не болмаса.

Мысалы: Биыл анам не Сарыағашқа курортқа барады, не болмаса Алматыға барып демалады.

1.Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен мазмұндаңыз.

Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы. Қазақстан – 2050.

Баршамызға мәлім, Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы мазмұны терең, бағыты айқын, стратегиялық мәні ерекше құжат. Қазақстанның аз уақыт ішінде қол жеткізген жетістіктерін әлем мойындады. Басты жетістігіміз – тәуелсіз мемлекет құрғанымыз. Көпұлтты, ынтымағы жарасқан елге айналдық. Еліміздегі өндірістік байланыстар орнықтырылып, нығайтылды. Сәулетіне салтанаты сай жаңа елорда – Астана бой көтеріп, «Экспо-2017» бүкіләлемдік көрмесін өткізу орны ретінде таңдалып алынды.

Еліміз ықпалды халықаралық ұйымдарға төрағалық етті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын қосты. Өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан бірінші ел ретінде әлем тарихында танылдық. Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөнінде жалпы ұлттық міндет қойған болатын. Қазақстан дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісі бойынша 51-орынды иеленді. Бұл, әрине, мемлекетіміздің мәртебесінің асқақтап келе жатқандығының бірден бір айғағы.

Жаңа Жолдауда елбасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің санатына қосылу межесін белгіледі. Заманауи білім беру, демократияны дамыту, сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм, жұмыспен қамтуды үйлестіру, жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты тақырыбына айналды.

           Жасампаз Жолдаудың басты бағытының бірі – білім саласы. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. М.Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» деген. Білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Балаларымыздың қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп Елбасы Жолдауында атап көрсетті.

ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына ат салысуымыз қажет деп білеміз. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Сондықтан, «мәңгілік ел» болу жолындағы игі істеріміз арта берсін.

Гаухар Әлім

2.Жаңа сөздерді біліп алыңыз.

Бағыт - направление

өндірістік - производственный

орнықтырылу - стабилизироваться

бүкіләлемдік - всемирный

ықпалды - влиятельный

төрағалық етті - председательствовал

дәстүрлі - традиционный

көшбасшы - лидер

заманауи - современный

қолжетімді – доступный

3.Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауы қандай құжат?

  • Біздің елімізде қандвй жаңалықтар болды?

  • Елордамыз Астана жайлы не айтасыз?

  • Дамыған 50 елдің қатарына кіру үшін не істеу керек?

  • Білім саласында қандай өзгерістер болғаны шарт?

4.Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыз.

Қазақ тілі орыс тілі (не)

Алматыда тұрамын Астанада тұрамын (не болмаса)

Қыркүйекте береді қазанда береді (я болмаса)

Дос боларсың дос болмассың (я)

Мен оқып беремін сен оқып бересің (яки болмаса)

5.Жұмбақтарды біліп алыңыз.

Б ір жолда екеуі жарысады,

Бір-бірінен оза алмай алысады.

(Темір жол) Алпыс тісті айдаһар,

Ешқайда қадам баспайды,

Қозғамасаң жатады,

Ештеңеден саспайды.

Ағаштан тамақ жейді екен,

Жұтпай шайнап тастайды. (Ағаш кесетін ара) Төбедегі көзінен,

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен,

Самал еркін еседі. (Киіз үй) Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем.

(Жер)