Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4.Сөйлемдерді жалғастырып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыз.

  • Бастық пен қызметкердің арасындағы әдептіліктің өзіндік орындары бар, ... .

  • Мекеме басқарып отыр­ған адам, ең бастысы, сабырлы болуы қажет, ... .

  • Бастықтың алдында отырған қызметкер оны мұқият тыңдауы қажет, ... .

  • Өзін-өзі ұстау мәнері өзара амандасудан басталады, ... .

  • Қызметкердің киім кию үлгісінен-ақ оның қандай адам  екендігін аңғаруға болады, ... .

  • Жақсы сөйлеуге үйрену керек, ... .

  • Сіз өзіңіз біреуді ықыласпен тыңдаңыз, ... .

  • Басшы жұмыс барысында көпшілік алдына шығып сөйлеуге мәжбүр болады, ... .

Екінші сабақ (1 сағат) Дипломат келбеті

1.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Қазақтың дипломаты

Сайлау Батырша-ұлы дипломатия саласында 1965 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 47 жыл бойы қызмет атқарып жүрген тұлға. Ол 1964 жылы Орта Азия Мемлекеттік университетінде және Сириядағы Дамаск университетінде, Париждегі «Альянс Франсэс» институтында білім алып, сол уақыттардан бастап шет елдерге шыға бастады. 1965-1967 жж. Қазақ ССР Сыртқы істер министрлігінде бірінші хатшының қызметін атқарды. Қазақ, өзбек, орыс тілдерін санамағанда, араб және француз тілдерінде еркін сөйлей алады. 1990 жылы Сыртқы істер министрінің орынбасары боп тағайындалды.

1991 жылы қыркүйектен бастап С. Батырша-ұлы Б¥¥-дағы КСРО делегациясы басшысының орынбасары болып барады.

1991 жылы Ислам Конференциясы ¥йымына (ИК¥) мүше мемлекеттер басшылары Дакар қаласында болатын алтыншы кездесуге шақырылады. Республика Президенті бұл сапарға Қазақстанның атынан барып қайтуды С.Батырша-ұлына тапсырады. Конференция күндерінде С.Батырша-ұлы әр елдерден келген бірнеше делегация басшыларымен кездесіп, 10-желтоқсан күні арнайы шақыру бойынша Түркия Президенті Тұрғыт Озалдың қабылдауында болады.

С.Батыршаұлы Монғолияға үш рет ресми іссапармен барған болатын. Осы іссапарлар барысында білікті дипломат 50 мыңнан аса қазақтардың тарихи отанына келуіне барынша мүмкіндік жасайды. Ол Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшісі қызметінде жүргенде де мыңдаған отандастарының елге оралуына мүмкіндік берді.

Айта кету керек, бұл тұлға дипломатиялық қызметпен бірге қоғамдық және саяси мәселелермен де айналысты. Ол халықаралық «Қазақ тілі» Қоғамы Басқармасының мүшесі, Алматы «Қазақ тілі» қоғамының басшысы, Астанадағы «Мемлекет тілі» қозғалысының төрағасы, Африка істері жөнінде Ресей Федерациясы Академиясы ғылыми кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Палестина Ассоциациясы мен Португалия халықаралық географиялық қоғамының құрметті мүшесі болды.

С.Батырша-ұлы — белгілі ғалым, ақылшы ұстаз. 2002 жылдан бері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Ол тәжірибелі дипломат және ұлағатты ұстаз ретінде болашақ дипломаттарды даярлауға да белсене араласты. Тұңғыш рет қазақ тілінде «Дипломатиялық қызмет және халықаралық қатынастар» деген оқулық жазып, өзінің азаматтық парызын орындады.

Қазақстанның тәуелсіздік алуына, еліміздің дипломатиясының дамуына қосқан үлесі үшін Сайлау Батырша-ұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Ақбота Хамитова