Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

7.Сұхбаттасыңыз.

  • Ажар, Сен айтыстың қандай түрлерін білесің?

  • ........................................................................... .

  • Айтыстың қай түрі өте ертеде шыққан?

  • ........................................................................... .

  • Бәдік айтысының айтылу жайлы туралы не айта аласың?

  • .................................................................................................. .

  • Қыз бен жігіттің айтысында әлеуметтік мәселе қаралған ба?

  • ............................................................................................................ .

  • Қазіргі заманда ақындар айтыса ма, айтысса, ол жайлы сенің пікірің қандай?

  • .............................................................................................................. .

Екінші сабақ (1 сағат)

1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз. Күй атасы - Құрманғазы

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазының бесінші атасы Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, ойын - тойдың шырайын келтірген.

Құрманғазы бала кезінен-ақ қос ішекті домбыра күйіне құмар болып өсті. Сондықтан да, ол сахараның атақты күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ оның домбырасының тілі мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныға тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын.

1830 жылы Беріштен шыққан Исатай Тайманұлы мен оның жан досы, дауылпаз ақын, керемет күйші Махамбет Өтемісұлы бастаған Жәңгір-ханға қарсы шаруалар көтерілісінде Құрманғазы да болады. Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады. 1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады. Екінші рет оны Орынбор түрмесіне қамайды, бірақ генерал-губернатор Перовскийдің қолдауымен құтқарылады.

Құрманғазы түрме тақырыбына бірталай күй шығарады: «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Арба соққан», «Перовский маршы», «Не кричи не шуми», «Машина».

Құрманғазы - өмірге ғашық күйші. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.

Құрманғазы 1880 жылы Астрахань түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды.

Kk.wikipedia.org

2. Мәтіні төмендегі жоспар бойынша баяндаңыз.

    1. Құрманғазының туып-өскен жері, ата-анасы;

    2. Құрманғазының домбыра тартуға әуестігі;

    3. «Кішкентай» күйінің шығу тарихы

    4. Өмірінің қиын сәттерінде шығарған күйлері;

    5. Қуатты, сезімге арналған күйлері;

    6. Құрманғазының мұрагерлерін тәрбиелеуі.