Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Үшінші сабақ (1 сағат)

1.Мәтінді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз. Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары

Ядролық физика институтында «Ядролық және радиациялық физика» деп аталатын тоғызыншы халықаралық конференция өтті. Жиынға орай Қазақстанға Германия, Италия, АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония сияқты 26 елден 200 ядрошы ғалымдар мен эколог мамандар қатысты. Конференцияда ЭКСПО-2017 көрмесінің маңыздылығы жайлы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры, ғалым Ерлан Батырбеков баяндама жасады. Ол Қазақстан бойынша жылдам нейтрондағы энергияның дамуына тоқталып өтті.

Елбасының ұсынысымен ядролық медицина дамып келеді. Адам денсаулығын емдеп, өмірін ұзартудағы ғалымдардың жаңалықтары Астана, Алматы, Семей, Қарағанды, Ақтөбе қалаларындағы радиациялық медицина саласын ілгерілетуге мүмкіндік туғызып отыр.

Семейдегі онкологиялық диспансер брахитерапия және КТ-стимулятор аппараттарымен қамтамасыз етілді. 2014 жылы магнитті-резонансты томограф, басқа да маңызды жабдықтарға қол жетті. «Бұлардың барлығы да ядролық радиациялық физика мен медицинаның тығыз байланыста дамуы» деп атап өтті жиынға қатысқан «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалыстың вице-президенті Сұлтан Картоев. Сондықтан Қазақстандағы атом энергетикасы саласы ЭКСПО-2017-ні адам тіршілігіне аса қажетті тың жаңалықтарымен қарсы алуға дайындалу үстінде.

Раушан НҰҒЫМАНБЕКОВА.

2.Мәтінді жоспар бойынша мазмұндаңыз.

  1. Ғылыми конференция және оғын қатысқандар;

  2. Ғалым Ерлан Батырбековтің мәлімдемесі;

  3. Ядролық медицинаның жаңалықтары;

  4. Онкологиялық диспансердің жаңа жабдықтары.

3.Берілген сөз тіркестерімен мәтіннің мазмұнына сәйкес шартты бағыныңқылы сөйлемдер жасаңыз.

Халықаралық конференция өтпегенде, эколог мамандар келсе, ғалымдар адам өмірін ұзартса, радияциялық медицина дамымағанда, тың жаңалықтар болмаса.

БӨЖ тапсырмалары: Білім, ғылым туралы қанатты сөздер табыңыз.

Он бесінші апта Ғылым мен техника (Жалғасы. 3 сағат)

Грамматика: Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Бірінші сабақ (1 сағат)

Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлеміндегі іс басыңқы сөйлеміндегі істің мақсатын білдіріп тұрады.

Олар: -у үшін, -айын деп формалары арқылы жасалады.

Мысалы: Футбол ойынын көру үшін, ағам екеуіміз стадионға бара жатырмыз. Жаңа кітап көрейін деп, кітап дүкеніне келдім.

1.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

12 Патентi бар азамат инновациялық жаңалықтарға құмар

Асаумидин Әбдiхалықов ауылда тұрады. Түлкiбас ауданындағы агробизнес және туризм колледжiнде оқытушы болып жұмыс iстейтiн азамат жаңалық атаулыға жаны құмар. «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес бiлiм саласындағы  мемлекеттiк саясат жоғары және орта арнаулы оқу орындарында отандық ғылымның жаңа үлгiсiн құрып,  интеллектуалды ұлт қалыптастыру мiндетiн жүктеп отыр. Сондықтан жаңа тех­ника мен озық технологияға ар­налған жобаларды жүз­еге асыру, ол үшiн халықты ғылыми жа­ңа­лықтарды ашуға қызықтыру, ынта­ландыру қа­жет екенi белгiлi. 40 жылдан астам уақыт өскелең ұрпаққа сапалы бiлiм, саналы тәрбие берумен айналысып келе жатқан ұстаздың өмiрлiк ұстанымы осындай.

Асекең өзi жасаған 12 жобаға патент алған. Солардың бiрi әрi маңыздысы «Сығылған ауаны алудың күн қондырғысы» деп аталады. Жоба дәстүрлi емес балама қуат көздерiн пайдалану саласына жатады. Оның аналогы бар, инновациялық патент алынған, iс-әрекет жасайтын макеттерде тәжiрибеден өткен. Бұл жоба былтыр 17-27 қыркүйекте Астанада өткен республикалық «NIFS50K» конкурста ақтық сынға шығу дипломымен марапатталған.

– Қазiргi кезде барлық елдерде үй шатырының үстiнде күн сәулесiмен жұмыс iстейтiн «Күн коллекторы» қондырғылары пайдаланылады, – дейдi Асаумидин Әб­дiхалықов. – Ал мен ұсынып отырған қондырғы жаңа конструкция, отандық озық технология болғандықтан, оның жұмысы өзгеше. Басқа елдерде кездеспейдi. Жобаның артықшылығы сонда, қондырғымен күн сәулесi немесе сыртқы ауаның температурасы арқылы экологиялық таза сығылған ауа алынады және сығылған ауа қолданысқа түседi. Техникалық нәтижесi төмендегiдей. Жаңа жобаны, бiрiншiден, электр қуатын өндiру үшiн қолдануға болады. Екiншiден, бөлмелерде микроклимат жасауға өте қолайлы. Атап айтқанда, үйдi жылыту, керiсiнше, бөл­менi салқындатуға және ылғал­дан­дыруға да мүмкiндiк мол. Қой­маларда ауылшаруашылық өнiм­дердi кептiруге, сақтауға қолдана ала­мыз. Мәселен, жылыжай мен көшетжайды жылытуды, бөлмелердi желдетудi осы жоба жүзеге асырады. Осы жобалық идеяны ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ұсынып, өз үлесiмдi қосуға ниет етiп отырмын. Ашқан жаңалықты толық дәлелдеп шығу үшiн бар күш-жiгерiмдi сарқа жұмсауға әзiрмiн, – дейдi автор.

Серiкқали Жексенбаев.

2.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Асаумидин Әбдіхалықов кім және оның мақсаты не?

2) Ол бұрын қандай жетістіктерге жеткен?

3) Оның жаңа жобасы қандай?

4) Автордың қазіргі мақсаты не?

3.Мәтіндегі сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыз, түрлерін айтыңыз.

Үлгі: «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес бiлiм саласындағы  мемлекеттiк саясат жоғары және орта арнаулы оқу орындарында отандық ғылымның жаңа үлгiсiн құрып,  интеллектуалды ұлт қалыптастыру мiндетiн жүктеп отыр (қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас).

4.Шартты бағыныңқылы сөйлемдер жасаңыз.

Асаумидин Әбдiхалықов ғылыми жаңалықтар ашу үшін, ... .

Сығылған ауаны алу үшін, ... .

Үйдi жылыту, керiсiнше, бөл­менi салқындатуға және ылғал­дан­дыру үшін, ... .

Осы жобалық идеяны ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ұсынайын деп, ...

5.Мақалдардың мағынасын ұғып, жаттап алыңыз.

1.Әйелді табағынан байқа,баланы талабынан байқа. 2.Шешесін ұқпайтын, әкеден ықпайтын ұл болмайды. 3.Әйелге ана,балаға дана деп қара. 4.Қыз баланың қымбаты мен қимасы ұяты мен ибасы.