Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5. Төмендегі сәлемдесу үлгілері кімдерге арналатынын анықтаңыз.

Сырттан кірген адамның дауыстап сәлем беруі –

Қолын кеудесіне салып, басын иіп сәлемдесу –

Қос қолдап сәлемдесу –

Төс қағыстырып сәлемдесу –

Тізе бүгіп иіліп сәлем беру –

Бауырына басып, бетінен, маңдайынан сүю –

Маңдайына ернін тигізу –

6. Төмендегі сәлемдесу түрлерін ұнамды және ұнамсыз әдетке ждіктеп жазыңыз.

Үлгі: Ұнамды Ұнамсыз

Қол беріп сәлемдесу Сәлемді селқос қабылдау

Сәлемді селқос қабылдау, қол беріп сәлемдесу, сәлемдескенде қолының ұшын ғана беру, қолын кеудесіне қойып сәлемдесу, жақтырмаған кейіп таныту, сәлемдескенде қабағын түнерту, күлімсіреп сәлемдесу, жүзін суытып, дапусын естіртіп сәлемдесу, бетін сүйкімсіз тыржиту, естілер-естілмес сәлем беру, айғайлап амандасу, сәлемдескенде басқа жаққа алаңдап тұру.

7. Мақалдарды еске сақтаңыз

  • Сәлем – сөздің атасы.

  • Сәлеміне қарап, кісіні таны.

8. Жағдай сұрау:

- Қалың қалай? – Қалыңыз қалай?

- Қалыңыз жақсы ма? Как ваши дела?

- Хал - жағдайыңыз қалай?

- Хал - ахуалыңыз қалай?

- Деңсаулығыңыз қалай? Как ваше здоровье?

- Деңсаулық жақсы ма?

- Тәуірсіз бе?

- Көңіл – күйіңіз қалай?

Жақсы – хорошо

Өте жақсы – очень хорошо

Жаман емес – неплохо

Ойдағыдай – благополучно

Тамаша – прекрасно

Тәуірмін – мне лучше (выздоравливаю)

Ш үкір Слава богу, помаленьку Құдайға шүкір

Шүкіршілік Құдай деп

Екінші сабақ (1 сағат)

  1. Оқып, есте сақтаңыз. Өз сөзіңізбен мазмұндап айтыңыз.

Әр елдің салты басқа...

Амандық-саулық сұрасудың түп-төркіндері мен тарихы тым әріден басталады... Көне дәуірлерде адамдар бір-бірлеріне ең алдымен күнделікті ғұмырларына қажет нәрселерді тілеген тәрізді. Мәселен, қазір адамдар бір-біріне ұшырасқан сәттерінде: «Сен тамақ іштің бе?»-деп хал-жағдай сұрасса, аң-таң қалатыныңыз ақиқат. Ал, императорлық Қытайда бұл дағдылы амандасу салты болған. Көне парсылар сәлемдескен кезде: «Пейіліңіз ашылсын!» - деп тілек тілейді екен.

Қыр көшпенділері амандық-саулық барысында «Ел-жұртың, мал-жаның, қора-қопсың аман ба?» деп сәлемдескен. Негізгі кәсібі мал бағып, дала төсінде ғұмыр кешкен қазақ халқына да бұл салттың тән екенін білеміз.

Үш құрылыққа тереңдей енген мұсылман діні жолай кездескен елдер мен халықтарды қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен бағындырды. Бірақ мұсылман іліміне мойын ұсынған осынау аймақтарда бейбіт тыныштық орнай қоймады. Бейбітшілік пен тыныштық – халықтар көксеген ең мұратты армандардың бірі болып еді. Адамдар да өзара кездескен сәттерінде бір-біріне осыны тіледі.

- Ассалаумағалейкүм!

- Уағалейкүмассалам!

Араб тілінен аударғанда «Сізге тыныштық тілеймін», «Сізге де бейбітшілік болсын!» деген ұғымды білдіреді.

Ж.Бейсембаев.