Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Сегізінші апта қоғам және жастар (Жалғасы. 3 сағат)

Бірінші сабақ (1 сағат)

Грамматика: Себеп-салдар салалас кұрмалас сөйлем.

Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдер бірінде болған істің бірі себебін немесе салдарын білдіреді. Оларды байланыстыратын шылаулар: сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені.

Мысалы: Апам концертке бара алмады, өйткені науқастанып қалған болатын.

Ол жасынан сурет салуды жақсы көретін еді, сондықтан университеттің құрылыс факультетіне, дизайнер мамандығына оқуға түсті.

1.Сөйлемдерді жалғастырыңыз.

Ол әкесі қайтқанда тым жас еді, сондықтан ... .

Мен әжемнің айтқанын екі етпеймін, себебі ... .

Біздің жатақханамыз университетке тым жақын, сондықтан ... .

Мен жексенбі күні ұлттық кітапханаға барамын, өйткені ... .

Ағамның тойы қыркүйектің бірінде болатын болды, сол себепті ... .

Анам өте жаныма жақын адам, сондықтан ... .

Мен осы өлеңді үнемі жатқа айтқанды ұнатамын, себебі ... .

2.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Жастар туралы

Қазақстанда жас­тар жал­пы халықтың 30 пай­ы­зын құрайды. Қазақстан Республикасында жас­тар са­я­са­ты әлеуметтік саясаттың аса жас бағыты бо­лып отыр. Мәселен, «Қазақстан Респубикасының Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы кон­цеп­ци­я­сы» 1999 жы­лы 28 та­мыз­да қабылданған болатын. Ал оның мағынасын кең түрде аша­тын «Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы заң» 2004 жы­лы 7 шілдеде шықты. Алай­да, оның бап­та­ры толық орын­дал­май­ды. Оның себебі тиімді норамативті-құқықтық ба­за­сының жеткілікті болмауынан ба, әлде қаржылық жетіспеушіліктен бе, немесе қадағалаудың аздығынан ба, ол жағы анық емес.

Ел­ба­сының ай­ту­ын­ша, төрт базалық эле­мент – кәсіби жақсы білім, жақсы төленетін тұрақты жұмыс, от­ба­сын құруға арналған жеке үйі, са­ла­у­ат­ты өмір сал­тын жүргізуге арналған мүмкіндіктің бо­луы - жас­тар мәселесін шешудің маңызды қадамдарының бірі.

Әлем мемлекеттерінде жас­тар ісімен ай­на­лыс­та­ын тікелей құрылым бар. Қазақстанда Білім және ғылым министірлігіндегі жас­тар са­я­са­ты департаменті, ҚР Президенті жанындағы Жас­тар кеңесі, Мәдениет министрлігі жанындағы комитет секілді құрылымдар ай­на­лы­са­ды. Жа­по­ния, Син­га­пур, Ма­ла­зия елдерінде жас­тар са­я­са­тының оңтайлы шешілуі осындай құрылымның жүйелі түрде жұмыс істеудің нәтижесінде туған.

Жас­тар ұйымдарының ор­ны. Әлемдік тәжірбиеде жастардың қоғамдық ұйымдары жас­тар са­я­са­тын орын­да­у­шы аса маңызды субъекті ретінде оры­н ала­ды. Қазақстанда жас­тар ұйымдарының тара­пы­нан көптеген мәселелер көтеріледі. Оларға тиісті құқықтар беріп, пікірлерімен са­на­су, олардың жұмыстарының көлеңкеде қалып кой­мауы еңбегінің жемісті бо­луына мүмкіндік береді.

Тұтастай әлемдік тәжірбиеде жас­тар са­я­са­тын жүзеге асы­ру­да екі мо­дель ба­сым: оның бірі – еуропалық модель. Он­да жас­тар са­я­са­ты са­ла­сын­да мем­ле­кет ба­сым. Екіншісі - ан­гло-саксондық жас­тар ұйымдары. Олардың жұмыстарына мемлекет қатыспай, өздеріне толық еркіндік бе­ру негізінде жасалған. Қазақстанға қай модельді таңдау ке­рек? Ең тиімдісі, Жа­по­ния секілді, екеуін де ұштастыра білу қажет.

Берікбол Дүкеев