Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Оныншы апта қазақстан - әлемдік кеңістікте (Жалғасы. 3 сағат)

Грамматика: Кезектес салалас құрмалас сөйлемдер.

Бірінші сабақ (1 сағат)

Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердегі іс-әрекет бірінен соң бірі кезектесіп орындалады. Жалғаулық шылаулары: бірде, біресе, кейде.

Мысалы: Ол бірде қатты сөйлейді, бірде жай сөйлейді; Мен демалыс күндері қыдырамын, кейде үйде кітап оқимын.

1.Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Қазақстан Республикасының әлем елдерімен қарым–қатынастары

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.

1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2,8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.

2.Тірек сөздермен сөйлемдер құраңыз, есіңізге сақтаңыз.

Декларация, бауырлас, мойындады, өкілдік, елшілік, ұлтаралық, саммит.

3.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) 1991 жылы елімізде қандай өзгерістер болды?

2) Шет елдермен дипломатиялық қатынастар жайлы айтыңыз.

3) БҰҰ және Қазақстан.

4) 2002 жылғы саммит туралы не айтасыз?

4.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Асан үздік оқиды ... топ басшысы. Кеше біздің бөлмеге Гаухар ... Әсел қонаққа келді. Менің далаға шыққым келмеді, ... далада жаңбыр жауып тұрды. Астанада күз ерте түседі, ... жылы киімдерімді дайындадым. Саяның ашуланғаны ..., жүзі сұрланып кетті. Кеше күн қатты салқын болды, ... мен тоңып қалдым. ... телефон шаларсың, ... хат жазып хабарласарсың.

Екінші сабақ (1 сағат)

1.Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Қытай-Қазақстан: өткені, бүгіні мен болашағы

Қытай мен Қазақстан жақын көршілікте өмір сүруде және ортақ таулармен және өзендер­мен байланысқан. Екі елдің достығы мен тату көршілігінің тамыры тереңде жатыр. Бүкіл әлемге әйгілі Ұлы Жібек жолы екі ел арасындағы ғасырларға жалғасқан достықтың нақты айғағындай.

Алдағы жылы екі ел ара­сында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 20 жыл толады. Бірінші кезекте, Қытай мен Қазақстан – шынайы және сенімді саяси серіктестер. Біздің елде­ріміздің көшбас­шылары тек тығыз жұмыс байла­ныстарын ғана емес, сондай-ақ терең жеке достық байланыс­тарын да ұста­нып келеді. ҚХР Төрағасы  Ху Цзиньтао Қазақ­станда жеті мәрте болса, Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сапармен, сондай-ақ халықаралық конференцияларға қатысу үшін Қытайда 17 рет болған. Өткен 2010 жыл екіжақты қарым-қаты­настарды дамытуда үлкен ма­ңызға ие жыл болды. Президент Назарбаев пен Төраға Ху Цзиньтао жан-жақты стратегия­лық әріп­тес­тік құрып, оны дамытуға уағ­даласты.

Осылайша Қытай мен Қазақ­стан өзара пайдалы сауда-эконо­микалық әріптестерге айналды. Елдеріміздің сауда айна­лымы дипломатиялық қатынас орнаған алғашқы жылдардағы 368 млн. доллардан 2010 жылы рекордтық көрсеткішке дейін, яғни  20,31 млрд. долларға дейін өсті.

Қытай – Қазақстанның сенімді экономикалық серіктесі. Қытайдың Қазақстанға инвестиция көле­мі 10 млрд. долларға жетті. Қазіргі кезде Қазақстанда Қытай капи­талының қатысуы­мен 1000 қаралы кәсіпорын жұмыс істейді. Жақын­дағы халықаралық қаржы дағ­да­рысы кезінде Қытай Қазақ­станға 13 млрд. доллар көле­мінде несие ұсынған. Ол өзінің осы іс-әрекеті арқылы Қазақ­стан экономикасына қолдау көрсетті.

Қытай мен Қазақстан арасын­дағы достық байланыс­тардың тереңдей түсті. Жыл өткен сайын екі ел азамат­тарының бір-біріне жұмыс­қа, оқуға немесе саяхатқа келулері жиілей бастады. Бүгінде Қы­тайда бірнеше мың қазақ­стандық студент білім алып жүр. Қытай тарапы да Қазақ­станнан оқитын студент-сти­пендиаттардың жыл сайын­ғы квоталарын 200 адам­ға дейін көбейтті. Қазақстанда да мың­нан аса қытайлық студент біліммен сусындауда. Осы­лайша ортақ күш-жігер жұм­саудың нәтиже­сінде ғана біздің халық­тарымыз бейбітшілікпен, тұрақты­лықпен қамта­масыз етілетін болады.

i-news.kz