Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

3.Сөйлемдерді аяқтаңыз.

  1. Түрік ағайындар біздің егемендігімізге ... .

  2. Олар бізге экономикалық дағдарыс кезінде ... .

  3. Біздің елімізде көптеген түрік компаниялары ... .

  4. Қазақ-түрік лицейлері жетілген технологиямен ... .

  5. Олимпиада жүлдегерлерінің 70 пайызы ... .

4.Сұхбаттасыңыз.

  • Раушан, сен қазақ-түрік лицейінде оқыдың ба?

  • Иә, мен Тараздағы қазақ-түрік лицейін үздік бітірдім.

  • Лицейдің қандай артықшылығы бар?

  • Онда пәндер жаңа технологиямен оқытылады және әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізіледі.

  • Сабақтар қай тілде оқытылады?

  • Сабақтар қазақ, ағылшын, түрік тілдерінде оқытылады.

  • Лицей бітірушілер қандай жетістіктерге жетуде?

  • Олар халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, жоғары оқу орындарына грантпен түсе алады. Шет тілде жақсы сөйлейді. Тәрбиелілігі де басым.

  • Бұл өте маңызды көрсеткіштер екен.

БӨЖ тапсырмасы.

«Мен елім үшін мақтанамын» деген тақырыпта шығарма жазу.

Он бірінші апта Мемлекетіміздің тілі (3 сағат)

Грамматика: Жалғаулықтар

1.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиіс.                          

Қазақ   тілі     -    мемлекеттік  тіл.

Қазақ тілі – Қазақстан  Республикасының  тұрғылықты  халқы – қазақ халқының  және  шетелдерде  өмір  сүріп  жатқан  қазақтардың  ұлттық  тілі.

1989 жылы 22 қыркүйекте: «Қазақстан Республикасының   Тілдер  туралы Заңы» қабылданып, қазақ тіліне  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі (статус) берілді.

1993жылы 28 қаңтарда Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Конституциясы  қабылданды. Онда қазақ тілі  Қазақстан   Республикасының  мемлекеттік тілі болып  бекітілді.

1995 жылы 30 тамызда республикалық  референдумда  Қазақстан Республикасының жаңа  Конституцияның  7-бабында былай делінеді:        1.Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  тіл - қазақ тілі.        2.Мемлекеттік  ұйымдарда  және  өзін-өзі  басқару  органдарында орыс            тілі  ресми түрде  қазақ тілімен  тең  қолданылады.        3.Мемлекет Қазақстан  халқының  тілдерін  үйрену  мен  дамыту  үшін      жағдай  туғызуға  қамқорлық  жасайды.

1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тілдер  туралы» жаңа Заңы  Парламентте  қайтадан  талқыланып, ол  ҚР Президентінің  Жарлығымен  бекітілді. Бұл Заң  бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  тілі, қазақ  халқының ұлттық  тілі  болып  есептеледі. kaz tili ukoz.ru.

2.Жаңа сөздермен танысыңыз және олармен сөйлемдер құрастырыңыз.

Мұра – наследие

өзін-өзі басқару – самоуправление

Көзінің қарашығындай – как зеницу ока талқыланды - обсуждался

Тұрғылықты – местные бекітілді – был утвержден

Бүкіл аумақта – во всей территории топтастыру – объединить