Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Басшының басқару стилі

Бастық пен қызметкердің арасындағы әдептіліктің өзіндік орындары бар.  Жұмыс мәселесіне байланысты әдептілікті сақтау кейде қызметкердің тарапынан бұзылып жатса, енді бірде бастықтың  тарапынан қателіктер кетіп жатады. Сондықтан бастық пен қызметкер арасындағы    әдептілік жолдары назарда болғаны жөн.

Басшының бойында қандай қасиеттер болуы қажет? Мекеме басқарып отыр­ған адам, ең бастысы, сабырлы болуы қажет.  Кез-келген істе шыдамсыздық таныту - бастық адамның үлкен қателігі. Сонымен қатар бастық шыншыл болып, екіжүзділікке, өтірік айтуға жол бермеуге тиіс. Ал тәкаппарлық қасиет - ұжым басқарып отырған адамға тіпті жараспайды.

Қызметші басшы алдында өзін қалай ұстауы керек? Бастықтың алдында отырған қызметкер оны мұқият тыңдауы қажет. Сонымен қатар қызметкер өз ісін жетік меңгеріп, жауапкершілікті түсіне білуі қажет. Кімнің бірінші сәлемдескені дұрыс? Өзін-өзі ұстау мәнері өзара амандасудан басталады. Қызмет шарты бойынша қызметкер бастықпен бірінші амандасуға тиіс. Әйел адам бастығына «Сәлеметсіз бе?» деп амандасса, жетіп жатыр.

Қызметкердің киіну үлгісі оның әдептілігінен сыр шертеді Қызметкердің киім кию үлгісіне қарап, оның қандай адам  екендігін аңғаруға болады. Тап-таза, өзіне сенімді, сыпайы, көзге ұрып тұратын артық жылтырақсыз киінген қызметкер сенімге тез ие болады. Сөйлесе білу Сөйлей білмей - ойлауға дағды алу мүмкін емес. Жақсы сөйлеуге үйрену үшін не істеу керек? Ең алдымен әдеби кітаптар оқып, өлеңдер мен көркемсөздер жаттау арқылы жадыңыздағы жақсы сөз тіркестерін үнемі жаңғыртып отырыңыз. Әрбір сөйлегеніңіз қысқа да нұсқа, сауатты құрылған сөйлемдерден болуы тиіс.

Белсенді тыңдау Сіз айналаңызды ынта қоя тыңдаған сайын, сөйлеуші де сізге ықыласпен әңгімелей түседі. Сіз өзіңіз біреуді ықыласпен тыңдасаңыз, сіз сөйлегенде ол да сізді сондай ынтамен тыңдайды.

Көпшілік алдында қалай сөйлеу керек? Қызметкерлер немесе басшы жұмыс барысында көпшілік алдына шығып сөйлеуге мәжбүр болады. Мұндай кезде сөйлеуге байсалды дайындықпен кірісіңіз. Сіздің әрбір сөзіңіз аудитория үшін де, сіз үшін де маңызды болуы тиіс. Келеңсіздік болмас үшін рет-ретімен не болатынын нақтылап жазып алыңыз.

top-vws.kz

2.Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіннің мазмұнын айтып шығыңыз.

1. Басшының бойында қандай қасиеттер болуы қажет?

2. Басшы мен қызметкердің сәлемдесу мәнері қандай болу керек?

3. Басшының киіну үлгісінің мәні қандай?

4. Басшы жақсы сөйлеуге қалай дағдылануы керек?

5. Басшы сөйлеушіні қалай тыңдауы керек?

6. Басшының көпшілік алдында сөйлеуге қалай дағдыланғаны жөн?

3.Ұлыларлың сөздерінің мағынасын түсініп, жадыңызда сақтаңыз.

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді. Өзің білмесең, білгендерден үйрен, Үйренгеннен ештеңең кетпейді. Төле би Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.

Бұқар жырау