Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

8. Сұхбатты толықтырыңыз.

- Досжан, сен Қазақстанның қай өңірінде тудың?

- –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– .

- Сенің облысыңда қандай өндіріс орындары бар?

- ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– .

- Сен Қазақстандағы қандай туристік нысандарды білесің?

- ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– .

- Сен Астанадағы қандай мәдени орындарды білесің??

- ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– .

- Жоғары оқу орнын бітірген соң ауылға барып жұмыс істегің келмей ме?

- ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– .

Үшінші сабақ (1 сағат)

1. Өлеңді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Қазақ елі

Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.

Намысын ешкімге қолынан бермеген.

Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,

Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.

Қазақтың тілері ата жол салтымен

Достасу, туысу әр елдің халқымен.

Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз.

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.

Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,

Қазақтың елі мен даңқты даласын.

Шаймерден Әлдибекұлы

  1. Сұрақтарға ауызща жауап әзірлеңіз.

  1. Бірінші шумақта айтылған тарихи оқиға жайлы қысқаша баяндаңыз.

  2. Екінші шумақта қай кезең суреттелген?

  3. «Таныған жұмыр жер Алаштың баласын» деген жолдарды қалай түсіндіресіз?

  4. Өзіңіз Қазақстан жайлы не айтасыз?

4. Студенттердің өзара сөйлескен сұхбатын оқып, есте сақтаңыз.

- Қазақстанның қандай көне қалаларын білесің?

- Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Сауран, Отырар, Сығанақ, Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларын білемін.

- Қазақстанның географиялық ерекшеліктері қандай?

- Қазақстан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларының Іле Алатауы сілемдерімен, солтүстігінде – Сібірдің мәңгі жасыл ормандарымен, шығысында – Алтай тауымен, батысында – Каспий теңізі мен Орал тауларымен шектеседі.

- Еліміздің тарихи жәдігерлері жайлы оқыдың ба?

- Еліміздің ең қымбат жәдігері – Алматы маңындағы Есік обасынан табылған «Алтын адам». Осындай «Алтын адамдар» еліміздің шығысынан да, Батысынан да, Орталығынан да табылды. Бұл қазақ жерінің барлық аймағында ежелгі мәдениеттің дамығандығын білдіреді. Біздің заманымызға дейін жеткен тарихи жәдігерлер қазір мемлекеттің қорғауында.

5. Сөйлемдерді оқи отырып, өз әсерлеріңізді айтып, толықтырыңыз.

1. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мәдени, экономикалық дамуында Астана қаласының орны айрықша.

2. Қалада қазіргі заманға сай көптеген ғимараттар салынуда.

3. Есілдің сол жағалауына салынған жаңа қала ерекше сәулетімен көзге түседі.

4. Қаланың бұл бөлігінде мемлекет басшысының резиденциясы «Ақорда», сенат, парламент, министрліктер үйлерімен бірге «Бәйтерек», Ислам орталығы, Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен келісім, Оқушылар сарайлары сияқты аса көрікті нысандар көз тартады.

6. Сөйлемдердегі сөздерді, тиісті септік жалғауларын қойып, толықтырыңыз.

Қазақстан Республикасының әскери құрылым... әскери басқару органдар..., Қарулы Күштердiң түрлер..., арнайы әскерлер..., тыл, әскери оқу орындар... мен ғылыми мекемелер... қамтиды. Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерi... басқа Iшкi iстер министрлігі... iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi... шекара қызметi және басқа да әскерлер..., республикалық “Ұлан”, азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдар... кiредi.

ҚР Қарулы Күштерi... басты мақсат... — елдiң егемендi..., аумағының тұтасты..., экономикасы..., мемлекеттік институттары мен азаматтары... соғыс қатерi... қорғау, жаугершiлiк немесе әскери қақтығыстар туғызу... алдын алу, Қазақстан... орнықты дамуы үшiн қолайлы жағдай туғызу.