Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khim_tekh_lts.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

6.2 Көмірді кокстеу

Көмірді кокстеу 900-1050С темп.да ауа кірмейтін кокс пештерінде тас көмірді өңдеу әдісі. Алғашқы өнетін өнімдер : кокс және ұшқын заттар – тіке кокс газы. Шикізат ретінде 350-400С темп.да пластикалық күйіне ауысып берік және кеуекті металлургиялық кокске айналатын тас көмірлерді қолданады. Коксталынатын көмірді көмірлердің басқа түрлерінен араластырып дайындалған шихтаны кокстайды.

Коксхимиялық өндірісі кокспен қатар жүздеген химиялық өнімдер ,химиялық өндірістердің шикізатын,жартылай өнімдер және мономерлерді өндіреді. Коксталынатын шихтадан орта есеппен % -65-80% кокс, 1-1,1% шикібензол, 1-2% аммоний сульфаты,15-18%, 310-340 м3газ(1т құрғақ шихтадан) өнімдер өндіріледі.

Кокс кеуекті қатты зат (мөлшері 50%) қасиеттері металлургия талабына тәуелді,домна пештерінің жұмыс істеу жағдайына байланысты,кеуектілігінен басқа механикалық беріктілігі жоғары, ал жану жылуы ) қасиеттері металлургия талабына тәуелді,домна пештерінің жұмыс істеу жағдайына байланысты,кеуектілігінен басқа механикалық беріктілігі жоғары, ал жану жылуы 31400 кДж/кг кем болмауы міндетті.

Тура кокс газы кокс пешінен шығатын бу мен газдар қопасы. Тура кокс газы құрамындағы шайырларды, бензол көмірсутектерін , суды конденсацияланғаннан және аммиакты адсорбциялағаннан кейін газ күйінде қалған газ қоспаларын кері кокс газы деп атайды, оның ұқрамы : H2-54-59; CH4-23-28; CO – 5,0-7,0; N2-3,5; CmHn-2-3; CO2-1,5-2,5; O2-0,3-0,8 ;жану жылуыө 16700-17200кДж/м3.

Кері кокс газы кокс және домна пештерін қыздыруға ,көбінесе химиялық шикізат ретінде қолданылады.

Кокс шайырларының құрамында мыңдаған дербес қосылыстар бар,солардың 300-ге жақынын жеке бөліп алуға болады. Кокс шайырын алғашында фракцияларға бөліп,олардан дербес заттарды және олардың қоспасын өндіреді. Шикі бензол жеңіл ароматтық көмірсутектерінен құралған күрделі ,тіке кокс газынан кокс шайырымен бірге конденсацияланбайтын ,қайнау температурасы үлкен маймен сіңіріліп бөлінетін қоспа.

Кокс пештері 70тен астам камерадан тізілген жоғары температураға төзімді реакторлар батареясы. Пешті сыртыннан қыздырады,отын қатарында:домна ,кері кокс немесе генератор газдарын қолданады.Әр камераның ұзындығы 14м, биіктігі 4,3м,ені 0,4м.

Камераның ішкі қабырғасы динас кірпішімен қапталған. Тас көмірді кокстау 13-14 сағаттан кейін аяқталынады. Оңтайлы температура 900-1100С аралығында.Кокстеу процесі периодтық процесс,13-14 сағаттан кейін кокс камерадан шығарылып сумен суытылады.

Кокстеу процесінде үздіксіз бөлінетін кокс газы құрамындағы қажетті құнды компоненттерді айырып алу үшін технологиялық сұлбаға жіберіліп химия – физикалық әдістермен өңделеді.

Кокс газын қайта өңдеу үздіксіз тура кокс газы 800С темп.н газ жинағышқа келіп, «шайыр бетіндегі( сумен 70С –ға дейін салқындатылады.Газдар,булар, су және концент.шайыр қоспалары сепереторға келіп тығыздылғана байланысты сұйық және газ бу қоспасына бөлінеді. Сұйық фракция тұндырғышқа құйылып, газ фракциясы тоңазытқыштан өтіп 30C темп.электрсүзгіге тұман күйіндегі шайырдан тазартылады.

Бензол көмірсутектерін газ құрамынан айырып алу мақатымен газды салқын тоңазытқышта жаңастырып салқындатады, газбен жанасқан су газ құрамындағы күкірт қышқыл тамшылары мен қатты нафталинді газдан айырып алады. Салқындаған газ шайыр орналасқан мұнарада соляр немесе тас көмір майларымен жуылады.Бензол көмірсутектері майда физикалық адсорбцияланып мұнараның төменгі шетінен бөліп алынып дистилляциялау әдісімен «шикі» бензолға және алғашқы қалпына келтірілген жұтқыш майға бөлінеді.

Мұнарадан шыққан газ «кері кокс газы» деп аталып күкіртті сутекпен және басқада күкіртті қосылыстардан тазартылып кокс немесе металлургия пештерін қыздыруға отын ретінде қолданады.Қазіргі уақытта «кері кокс газдан» - этилен, метан, көмір оксидін, сутект фракциялап бөліп алып, оларды химиялық шикізат реітнде қолданады. Газ қоспаларын алдымен тазартып терең тоңазыту әдісімен әр фракцияны конденсациялау температурасына сәйкес жеке бөліп алады.

«Шайыр бетіндегі су» құрамында: еріген күйіндегі аммиак және оның тұздары (NH4)2CO3;NH4CN; (NH4)2S;NH4Cl; NH4CNS;(NH4)2SO4 болады.

Аммиакты айырып алу мақсатымен су буымен жанастырып қыздырады және әк сүтімен өңдейді. «Шайыр бетіндегі суда» еріген түріндегі фенол болады,оны қткір су буымен айдап натрий сілтісінің ерітіндісін өткізіп феноляттарға айналдырады.

Тас көмір шайыры: құрамында 300-дей әртүрлі заттар бар күрделі сұйық қоспа, олар: бойынша нафталин 5-10;фенантрен 4-6;карбазол 1-2;антрацен 0,5-1,5;фенол 1,5-3,5;крезол 0,6-1,2;пиридиндер негіздері 0,5-1,5; аз мөлшерде бензол,тоуол ,ксилолдар,50-60% жоғары температурақайнайтын ауыр молекулалық өнімдер.Фракцияларға айдағанда қалатын қалдық ПЕК өндіріс орындарында қолданады.

«Шикі» бензол құрамында бойынша: күкіртті көмірсутек және жеңіл қайнайтын көмірсутектер 1,6-3,4; бензол 59,5-78,3бензол гомолгтары 12-21 және т.б. қосылыстардан құралған қоспа.Фракциялау әдісімен: күкіртті көмірсутектер ,бензол,толуол, ксилол,ауыр бензол өндіріледі.

Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (1-2):

  1. Отынның классификациясы қандай?

  2. Қатты отынды химиялық жолмен өңдеу әдістері қандай?

  3. Көмірді кокстеу дегеніміз не?

  4. Тура кокс газының құрамы қандай?

  5. Тас көмір шайырының құрамы қандай?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]