- •Химиялық технологияның жалпы мәселелері і тарау. Химиялық технологияның мазмұны
- •Химия өндірістерінің ғылыми негіздері
- •Химия өндірістерін ұйымдастыру
- •Химия өндірістерінің маңызы және дамуы
- •Қазақстанда химия өндірістерінің дамуы
- •1.5 Химия өндірістерін технологиялық негізге байланысты жіктеу
- •1.6 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер
- •1.7 Химиялық технология процестерін қарқындандыру
- •7.1.1 Процестердің технологиялық сұлбасы
- •1.8 Реагенттердің және энергетика ағындарының бағыты
- •1.9 Технологиялық сұлбаны болжағандағы жалпы пікір
- •1.10 Химиялық техниканың негізгі даму жолдары.
- •Технологиялық процестегі материалдық және энергетикалық баланс
- •2.2 Шикізатты байыту принциптері
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (1-2)
- •3.1 Табиғи және өнеркәсіп суларына сипаттама
- •3.2 Өндіріс әдістерімен суды тазарту
- •3.3 Су қағының түрлері, оны болдырмау және одан тазарту әдістері
- •3.3.1 Су қағының химиялық құрамына байлаынсты түрлері
- •3.3.2 Су қағының түзілуіне қарсы шаралар
- •3.3.3 Су қағын тазарту әдстері
- •3.3.4 Қоршаған ортаны қорғау
- •3.4 Өндірістің ағынды суларын тазарту
- •5.3 Химиялық-технологиялық процестердің термодинамикасы
- •5.4 Тепе-теңдіктегі технологиялық процестер
- •5.5 Химиялық реакцияның жылдамдығы
- •5.5 Катализ
- •6.1 Отынды шикізат ретінде термиялық өңдеу.
- •6.2 Көмірді кокстеу
- •6.3 Қатты отынды газға айналдыру
- •Көмірді гидрогендеу
- •Сұйық отынды химиялық әдіспен өңдеу
- •6.5.1 Мұнай және мұнай өнімдерінің қасиеттері және құрамы
- •6.5.3 Мұнайды және мұнай өнімдерін өңдеу әдістері
- •6.6 Мұнайды және мұнай өнімдерін жоғары температурада химиялық әдістермен өңдеу
- •6.7 Мұнай өнімдерін тазарту
- •Басты химиялық өнімдерді өндіру технологиясы
- •7.1 Табиғи газдардан конверсиялау
- •7.2 Метанды су буымен катализдік конверсиялау
- •8.3 Синтетикалық аммиак өндірудің сұлбасы
- •9.1 Азот қышқылын өндіру әдістері
- •9.2 Азот қышқылын аммиакты тотықтырып алу әдәсәнәң физикалық-химиялық негізі
- •9.2.1. Азот (іі) оксидінің азот (іv) диоксидіне тотығуы
- •Тепе-теңдік константасының температураға тәуелділігі
- •9.2.2 Азот диоксидін және оның димерінің абсорбциялану сұлбасы
- •9.3 Сұйылтылған азот қышқылын өндіру
- •9.4 Азот қышқылын концентрлеу
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (3-4):
- •10.2 Күкірт қышқылын өндіру әдістері
- •Қайталауға және өздік бағылауға арналған сұрақтар мен есептер (1-2)
- •4. Күкірт қышқылын концентрлеу
- •10.4 Күкірт қышқыл өндірістерінің дамуының негізгі бағыттары
- •Хі тарау. Минералдық тыңайтқыштарды өндіру
- •11.1. Тыңайтқыштарды жіктеу
- •Қайталауға және өзіндік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •11.2 Фосфор тыңайтқыштары
- •11.2.1Фосфор тыңайтқыштарын өндіріу технологиясының негізгі мақсаттары
- •11.2.2. Фосфор қышқылдарын жіктеу.
- •11.2.3 Табиғи тыңайтқыштардан фосфор қышқылын өнідіру әдісі
- •11.2.4 Суперфосфатты өндіру
- •11.2.5 Суперфосфатты өндірудің физикалық-химиялық негізі.
- •11.2.6 Концентрлі тыңайтқыштарды өндіру
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар(2);
- •Фосфор қышқылын өндіру
- •Фосфаттарды азот қышқылымен өңдеу
- •11.5 Карбамидті (несеп нәрін) ((nн2)2со) өндіру
- •12.1 Күйдіргіш натр өндіру
- •12.2 Электрхимиялық әдіспен күйдіргіш натр және хлорды өндіру
- •12.3 Хлор және күйдіргіш натр өндірудін физикалық-химиялық негізі
- •12.4 Ас тұзының ерітіндісін сұйық катодты электролиздік астауда электролиздеу
- •12.5 Электролиз өнімін өңдеу
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (3-5):
- •Хііі – тарау. Органикалық синтез
- •13.1 Органикалық синтездеу өнеркәсіптеріндегі негізгі процесстер және шикізаттар
- •13.2 Көміртек (іі) оксидіне негізделген синтездер. Метил спиртін өңдеу
- •Қысымға байланысты метанолдың тепе-теңдік концентрациясы
- •13.3 Олефиндерге негізделген синтездер
- •13.3.1 Синтетикалық этил спиртін өндіру
- •13.3.2 Этиленді тікелей гидраттандыру әдісімен этанолды синтездеу
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (1-3):
- •13.4 Ацетиленге негізделген синтездер
- •13.4.1 Ацетиленді өндіру және өңдеу
- •13.4.2 Ацетальдегидті өндіру.
- •13.4.3 Сірке альдегидінен сірке қышқылын өндіру
- •14.1 Целлюлозаны өндіру
- •14.1.1 Целлюлоза өндірісінің технологиялық процестерінің негізгі салалары
- •14.1.2 Сульфит әдісімен ағаш целлюлозасын өндіру
- •14.2.1 Вискоза талшығын өндіру
- •14.2.2 Капрон талшығын өндіру
- •14.2.3 Лавсан полэфир талшығын өндіру
- •14.3 Пластикалық массаларды өндіру
- •14.3.1 Пластикалық массалар құрамы
- •14.4 Поликонденсациялық пластмассалар.
- •14.5 Каучуктарды және резинаны өндіру.
- •14.5.1 Синтетикалық каучуктар
- •14.5.2 Бутадиен – стирол каучуктері (скс, скмс)
- •3. Стехиометрлік баланс теңдеуі
- •3.1 Реакцияның тәуелсіз сатыларын анықтауға стехиометрлік коэфициенттерінің матрицасы
- •4. Экспериментмүмкіндік береді.
- •4.1 Экспериментті жоспарлау
- •Регрессия теңдеуі, регрессия теңдеуінің коэфициенттері
- •Экспериментті жоспарлағандағы гипотезаларды тексеру
- •Регрессия теңдеуін интерпретациялау
- •5 Идеалдық ығыстыру және араластыру реакторының математикалық моделі
- •5.1 Идеалдық ығыстыру және идеалдық араластыру реакторларының модельдерін реакция жылдамдықтары бойынша салыстыру
- •5.2 Идеалдық араластыру реакторларының каскадасының математикалық моделі.
- •6 Құрылымдық талдау әдістері
- •6.1 Бөлінетін ағымдардың оңтайлы жиынтығын анықтауға
- •6.2 Ақпараттық блок сұлба және процесс матрицасы
- •6.3 Ағымдар, инциденциялар және аралас матрицаларды анықтау
- •6.4 Тұйықтылығы үзілген тұйық сұлбалар,рецикуляциялық тізбектіліктер
- •6.5 Параметрлік сезімталдық және процестердің тұрақтылығы
- •8 Ректификациялық колоннаны математикалық түрде сипаттау (жазу)
- •8.2 Колонна диаметрін және тәрелкеаралық қашықтықты есептеу
- •8.3 Тәрелкелердің жұмыс істеу қабілеттілігін есептеу
- •8.4 Қайнатқыштарды математикалық түрде жазу(сипаттау)
- •8.5 Конденсаторлар
- •9.Ректификациялық колонналардың тәрелкелеріндегі масса тасымалдаудың тиімділігін бағалау
- •10.Ректификация процесін есептеу әдістері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Қосымша
Фосфаттарды азот қышқылымен өңдеу
Азот қышқылын синтетикалық әдіспен өндіре бастағаннан бері фосфор тыңайтқыштарын өндіруге мүмкіншілік туды. Азот қышқылымен өндірудің нәтижесінде концентрлі және күрделі тыңайтқыштар өндіріледі, күкірт қышқылын қолданғандағы алатын тыңайтқыштар кұрамындағы кальций және сульфат иондары топырақ кұрамында өсімдіктерге керек болмай (сіңбей) босқа жиналып қалатын болса, азот қышқылын қолданғанда өнетін тыңайтқыш құрамындағы кальций және қышқыл қалдығыда толық өсімдікке керек болады.
Фосфориттерді сұйытылған азот қышқылымен өндегенде, фосфорит немесе апатит құрамындағы негізгі қажетті элементтер ерітінді түріне айналады.
Негізгі реакция мынадай:
Са3(РO4)2+6НNO3=2Н3РO4+ЗСа(NO3)2
Ерімеген заттардан (таужыныстары және т.б.) ерітіндіні бөліп алып, бөлінген ерітіндіні үш әдіспен өңдейді: 1) 10°С температураға дейін салқындатқанда кальций нитраты ірі кристалл күйінде ерітіндіден бөлінеді. Фильтратты (ерітіндіні) аммиакпен бейтараптағанда бөлінетін жылу ерітіндідегі суды буландырып, ерітінді концентрациясын жоғарылатады. Пульпаны одан әрі буландырып қоюланған кезде калий хлоридін қосып, ол қоспаны құрғатып екі түрлі тыңайтқыш алады: кальций нитраты және нитрофоска (құрамында N, Р жэне К).
2)Ерітіндіні аммиакпен бейтараптайды. Ерітінді аммиакпен бейтараптағанда түзілген қоспаларға тағы да (СаНРO4, Са(NO3)2 және NH4NО3,), калий хлоридін қосып күрделі - үш элементті (Р, N, К) тыңайтқыш алынады.
3)Аммиакпен бейтараптағаннан кейін ерітіндіні көміртек қышқыл газымен өдейді. Осы жағдайда СаНРO4 және СаСО, тұнбаға тұнады. Ерітіндіде аммоний нитраты қалады.
Фосфаттағы кальцийдіц орнына сутек емес, айталық натрий, калий сияқты металл енгізудің әдісі ізделуде.
Фосфатты сілтілік металдардың тұздарымен жоғары температурадағы (1100-1200°С) жағдайда қыздырса, құрамында СаNaРO4, иә басқа сол сияқты тұз түзіледі екен. Осы түзілген заттар термофосфат деп аталады.
Термофосфат қасиеттері және өсімдікке сіңімділігі жағынан суперфосфаттан кем емес.
Термофосфатты өңдеуге болатындығын Қазақ мемлекеттік университетінің, академик А.Б.Бектұров бастаған бір топ қызметкерлерінің зерттеу жұмыстары дәлелдеді.
2Са3(РO4)2+SiO2+2Na2СO3=4NаСаРO4+
+Са2SіO4+2СO2
Термофосфат құрамында 20-35% Р2O5 болады, қышқыл топыраққа қолданылады.
11.5 Карбамидті (несеп нәрін) ((nн2)2со) өндіру
1828 жылы несеп нәрін синтездеуді ашқан неміс ғалымы Велер - витализмге бірінші соққы берген ғалым. Несеп нәрі жануарлардың несібімен шығатын зат болғандықтан ол тірі организмнің өнімі.
Несеп нәрі оңай еритін түссіз кристалдық зат, өте құнды тыңайтқыш, құрамында өсімдікке жеңіл сіңірілетін 46% азот бар. Агрохимиялық сапасы барлық қатты азот тыңайтқыштарынан басым, топырақ құрамында ұзақ уақыт сақталынады. Өсімдіктерге тамыры және жапырақтары арқылы толық сіңіріледі, өзіндік құны төмен (арзан). Карбамидті мал жемдеріне азот қоспасы ретінде қосады.
Карбамид ауыл шаруашылығынан басқа өндіріс орындарында көп қолданылады. Ағаш жоңқасынан плита (тақтасын), синтетикалық желім және т.б. пластмассалар өндіретін шайырларды алуға, фармацевтік (дәрі-дәрімек) өндірістерінде, мұнай өнімдерін өңдеуге, синтетикалық талшық-урилон алуға және т.б. өндіріс орындарында қолданылады.
Карбамид өндіруге шикізат ретінде аммиак және көміртек диоксидін қолданады. Карбамид синтезі екі сатымен жүреді. Бірінші сатысында карбамид қышқылының аммоний тұзы (карбамат) түзіледі:
2NH3 + CO2↔ NH2COONH4+159кДж (а)
Ары қарай карбамат дегидратталынып карбамид түзіледі:
NН2СOONН4↔ (NН2)2СO+Н2O- 285 кДж (б)
Жалпы қорытқанда карбамидтің синтезі гетерогенді Г-С жүйесіндегі процесс, кинетикалық аймақта жүреді. Аммиак карбаматты оңтайлы жағдайда толық және үлкен жылдамдықта түзіледі. Карбаматтың дегидратациялауы баяу және толық жүрмейді, тек сұйық фазада ғана жылдамдайды. Температура жоғарылағанда карбамидтің түзілу жылдамдығы көбейеді және шығымы өседі. Карбамид шығымын арттыру үшін температура мен қатар қысымды үлкейту және аммиак мөлшерін стехиометриялық шамадан артық алу қосымша өнімдердің түзілуіне жол бермейді.
Өндірісте карбамидті синтездеуге температура 180-200°С, қысым 18-20 МПа және аммиак 100% артық алынады. Оңтайлы жағдайда 100% көміртек диоксидін және (абсолют) мүлде тап-таза аммиакты қолданғанда карбамид шығымы 60-70% шамасында болады. Өндірістің экономикалық көрсеткішін көтеру үшін реакцияласпаған аммиак және көміртек диоксидті басқа өнімдер өндіруге жұмсалынады және қайтадан процесс басына оралады (тұйық сұлба).
12- суретте алшақ құралған карбамид өндірісінің технологиялық процесінің сұлбасы көрсетілген. Сұйық аммиак соратпамен (1) және көміртек диоксиді компрессормен (2) легирленген болаттан құйылған синтез құбырына (3) беріледі.
Синтез құбырын агрессивті ортадан қорғау үшін құбыр ортасына қорғасын цилиндрі орналасады, синтез процесі осы цилиндрде жүреді. Құбыр биіктігі 10-15 м, диаметрі 1 м. Балқыған күйдегі карбамидті құбырдың жоғарғы шетінен шығарып, атмосфера қысымына жеткенше дроссельдеп (қысымды бірден төмендету) дистиляциялау құбырына (5) ауыстырады. Бұл құбырда бос күйінде қалған артық аммиактан, көмір қышқылының аммоний тұздарының ыдырауынан пайда болған заттардың карбамидті (тазартады) босатады.
Карбамид ерітіндісі буландырғыш аппаратта (6) буланып онан соң карбамид иә кристализаторларда кристаладанады, иә кристалды ерітіндіден сүзіліп бөлінеді, иә түйіршіктейтін мұнараға (8) келтіріліп түйіршіктелінеді. Газдар дистиляцияланғаннан кейін регенерациялануға жіберіледі, одан әрі пайдалануға жұмсалынады (көрсетілген сұлба аммиак селитрасын өндіруге қолданылады).
Қайталауға және өздік бақылауға арналған сүрақтар(3-5);
1 .Фосфор қышқылын шайғындау әдісімен қалай өндіреді?
2.Фосфор қышқылын алудың қандай электрохимиялық әдісі бар?
3.Фосфаттарды азот кышқылымен қалай өңдейді?
4. Карбамидті қалай өндіреді?
5. Карбамидті өндіру технологиясының сұлбасын түсіндіріндер?
ХІІ-тарау. КҮЙДІРГІШ НАТР ЖӘНЕ ХЛОРДЫ ӨНДІРУ
