Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khim_tekh_lts.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

12.1 Күйдіргіш натр өндіру

Күйдіргіш натр өндірісте химиялық және электрхимиялық әдістермен өндіріледі.

  1. .Химиялық әдістер: әк және феррит әдістері.

1.1.Әк әдісі. Сода ертіндісін ізбес суымен өңдегенде каусти- фикациялау процесі жүріп, каустикалық сода түзіледі:

N2СO3 + Са(ОН)2 ↔2NаОН + СаСO3

Соданың каустификациялау дәрежесі N2СO3 ерітіндісінің бастапқы концентрациясына тәуелді болатыны анықталды. Ерітіндінің бастапқы концентрациясы аз болған сайын соданың каустификациялану дәрежесі жоғарылайды. Мысалы, 5% N2СO3 ерітіндісінің каустификациялау 99,2% болса, 22% ерітіндісінің каустификациялау дәрежесі 78,1% шамасында болады. Іс жүзінде өндірісте сода ерітіндісінің концентрациясы 12% мөлшерінде болады, каустификациялау дәрежесі 90%, сілтіше құрамындағы NаОН -100-120г/л.

Технологиялық натр сілтісін өндіру процесінің температурасы жоғарылаған сайын NаОН шығымы төмендейді, оған себеп әктің ерігішітігі азаяды. Өндірісте оптимал температура: 100°С, осы температурада реакция жылдамдығы жоғары және реакция нәтижесінде бөлінетін шығымның / СаСO3 және тағы басқа қоспалар/ тұну жылдамдығы жоғары. Сөндірілген әктің еру дәрежесін арттыру мақсатпен суспензияны қарқынды түрде араластыру қажет.

Каустикалық содасын (күйдіргіш натр) өндіру технлогиялық процесінің негізгі сатылары:

1.Техникалық натр бикорбанатын бумен қыздырып сода ерітіндісін дайындау.

2NaНСO3 → Na2СO3+СO2+Н2O

2.«Қалыпты» ерітінді деп аталатын 12 %-ды сода ерітіндісін дайындау.

3.«Қалыпты» ерітінді мен әк сүтін әрекеттестіру (бірінші каустификациялау).

  1. Қоқырды бөліп алу.

5. Қоқырды декарбонизатордан бөлінген сұйықтықпен өңдеу (2-ші каустификациялау).

6. Қоқырды жуу.

7.Сілтішені қайната суалту.

8. Күйдіргіш натрды сусыздандыру.

Сегіз сатының ең баяу жүретіні 4-ші және 6-шы саты. Осы екі сатының жылдамдығын арттыру мақсатпен крахмал, темір тұздарын және натр сульфатының ерітінділерін қолданады.

Әк әдісінің негізгі кемшіліктері:

1. Сілтіше құрамындағы NаОН концентрациясы тым аз (90- 135г/л).

2. Іске аспайтын жиналып қалатын қоқыр. Қазіргі уақытта қоқыр өртеп, эк өндіріп, оны қайтадан технологиялық процесс басына түсіреді (каустификациялауға).

1.2 Күйдіргіш натрды феррит әдісімен өндіру.

1100-1200°С температурада темір оксидімен кальцинирленген соданы араластырып дайындалған шихтаны пісіріп, қатты қалпындағы піскен натр ферритін шаймалап сілті ерітіндісін бөліп алуға негізделген.

Технологиялық процестің негізгі сатылары:

1. Шикіқұрамды дайындау:

Nа2СO3 + Fе2O3 = 25%+75%

2. ІІІикіқүрамды 1100-1200°С температурада аса қыздыру:

Nа2СO3 + Fе2O, = Nа2O • Fе2O3 + СO2 - 142,5 кДж

3. Натр ферритін шаймалау және сөндіру:

Nа2O • Ғе2O3 + Н2O = 2NаOН + Fе2O3

Fе2O3 - технологиялық процестің басына қайтарылады.

4. Сілтішені NaOН мөлшері 610 г/л-ге жеткенше қайната суалту; (натр ферритін шаймалаудан шыққан ерітінді құрамында 360-380 г/л NaОН болады).

5. Суалтылған сілтішені сүзіп тазарту.

6. Біржолата суытып, күйдіргіш натрды балқыту.

7. Балқыған NаОН -ты мөлдірқалпында бөшкеге құю.

Осы әдіспен каустификациялау дәрежесі 87-90 % шамасында болады. Негізгі кемшіліктер: Отын көп жұмсалынады, сода шығымы жоғары және еңбек жағдайы ауыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]