Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khim_tekh_lts.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

10.4 Күкірт қышқыл өндірістерінің дамуының негізгі бағыттары

Күкірт қышқыл өндірістерінің дамуының негізгі бағыттары:

  1. Шикізат көзі, қорын кеңейту

  2. Жеке аппараттың және тұтас жүйенің қуатын көбейту

  3. Өндірісті қарқындату

  4. қоршаған ортаны қорғау

  5. Шикізатты толық пйдалану

  6. Химиялық реакциялар жылуын максималды шамада пайдалану

  1. Шикізаттың көзін, қорын кеңейту жолдары; пеш газының, металлургия газдарының құрамындағы күкірт диоксидін пайдалану. өндіріс қалдықтары, фосфогипс, қышқыл гудрон, көмірлі колчедан дәне т.б. қолдану (пайдалану).

  2. Аппараттың және тұтас химиялық-технологиялық жүйенің өуатын арттыру – аппараттардың өнімділігін олардың қарқындылығын арттыру арқылы , конструкциясын өзгерту арқылы орындалады.

  3. Технологиялық процестерді қарқындату – шикізатты күйдіргенде техникалық оттекті пайдалану., SO2 және O2 концентрацияарын жоғарылату және абсорбциялау процесінде SO3 концентрациясын жоғарылатып, оңтайлы температура және қысым орнату, активті және берік катализатор қолдану, қарқыны жоғары жұмыс істейтін реакторларды бірінші қатарда «қайнау қабатында» шикізатты күйдіретін пештер қолдану, оны тағы да контакт бөлімінде катализ процесінде қолдану және т.б. әдістерді қолдану арқылы орындалады.

  4. химиялық реакциялар жылуын толық пайдалану нәтижесінде т күкірт қышқылын өндіргенде 1,5-2 т су буы өндіріледі, су буы күкірт қышқылының өзіндік құнын төмендетеді.

Қайталауға және өзіндік бақылауға арналған сұрақтар (3-4)

  1. күкірт қышқылының қандай концентрлеу әдістерін білесіңдер?

  2. күкірт қышқлын қыздырғанда қандай жылу бөле жұретін процестер жүреді?

  3. барабанды барботаш әдісі неге негізделген?

  4. концентрлейтін аппаратты сыртынан қыздыру әдісі

  5. вакуумдеу әдісі қандай әдіс?

  6. күкірт қышқылы өндірістерінің дамсуының негізгі бағыттары қандай?

Хі тарау. Минералдық тыңайтқыштарды өндіру

Егіннің бітік шығуына минералдық тығайтқыштардың маңызы зор. өсімдік өскен жерден түрлі еріген минералды тұздарды тамыр арқылы бойына тартып керек етеді, ал егінді жинағанда жерден алынған заттар бірге кетеді, өсімдік бойында яғни топырақтың нәрі азайып құнарсызданады.жаратыслтың өзінде мұның орнын толтыратын процестер жоққа жақын, сондықтан топырақта жоғарыда аталған (C, H, N, P, Ca, Mg, S, Fe, B, Mn, Cu, Mo, Zn және т.б.) элементтер тапшылығы бастлады. Соған қарсы әрекет ретінде әртүрлі минерал тұздарын егістік жерге сеуіп, топырақты қайтадан құнарландырады. Көміртек өсімдіктер организміне фотосинтез процесінің нәтижесінде ауа құрамындағы көміртек (IV) оксидінен алынады. Бірсыпыра мөлшері топырақ құрамынан тамыр арқылы бойын атартып керек етеді. Сутек су құрамынан бөлінеді. Қалғандардың барлығын өсімдіктер топырақ құрамындағы еріген минерал тұздарынан бөліп алып керек етеді.

Тыңайтқыш ретінде өсімжікке берілетін үш элементтің; фосфор, азот, калий орындары ерекше, әсірісе фосфор-өсімдіктің дәніне жиналады, бірсыпыралары – сабағы, жапырағы, тамырына жиналады.

11.1. Тыңайтқыштарды жіктеу

1. тыңайтқыштар тегіне байланысты; минералдық, органикалық, органо-минералдық және бактериялық болып бөлінеді.

Минералдық тыңайтқыштарға жататындар; табиғи және өндірістерде өндірілетін минералдық тұздар.

Органикалық тыңайтқыштар – табиғи және жасанды өндірісте өндірілетін құрамында өсімдікке керек болатын элементтер бар органикалық қосылыстар, мысалы карбамид, көң, қи, тезек.

Органо-минералдық тыңайтқыштар құрамында өсімдіктерді қоректендіргіш эелементтер органикалық және минералдық қосылыстар қоспасында болады, мысалы торф (шымтезек).

2. тыңайтқыштар агрохимиялық мағынасына байланысты минералды тыңайтқыштар тікелей және жанама болып екі түрге бөлінеді.

Жанама тыңайтқыштар топырақтың құрамына араласқанда оның физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттері жақсарады. Мысалы топырақтың қасиетін әктас немесе дилометпен (CaCO3xMgCO3) өңдегенде өышқылдығы төмендеп, жақсарады. Гипс (CaSO4x2H2O) – сор топырақтың қасиетін жақсартады.

3. физиологиялық әсеріне байланысты тыңайтқыштар қышқылдық, сілтілік және бейтарапты қасиетті болып бөлінеді. Мысалы, (NH)2SO4: KCl –топыраққа қышқылдық, NaNO3, Ca(NO3)2, сілтілік, KNO3 және NH4NO3 бейтарап қасиеттерімен әсер етедіт (бірінші топтағы тұздардың өсімдікке керек болатын элементтер катиондар, екінші топта аниондар, ал үшінші топтағы өсімдікке керекболатын – ктаион және аниондар.

4. қоректендіргіш элементтерге байланысты; азот, фосфор және калий тыңайтқыштары болып бөлінеді.

Егер тыңайтқыш құрамында біртектес элемент болса, біртектес тыңайтқыштар, егер бірнеше элементттердің түрлері белгілі болса – көптектес немесе кешенді тыңайтқыштар деп атайды.

Егер әртүрлі біртектес тыңайтқыштардың түрлері болса – аралас тыңайтқыштар деп атайды. Кұрделі кешенді тыңайтқыштар – химиялық реакциялардың нәтижесінде түзіледі.

  1. қоректі заттардың концентрациясына байланысты; миротыңайтқыштар (B, Mn, Zn, Cu және т.б.) өсімдіктерге тым аз мөлшерде қажет, және концентрлі тыңайтқыштар – қоректі заттар 30%дан жоғары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]