Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khim_tekh_lts.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

12.4 Ас тұзының ерітіндісін сұйық катодты электролиздік астауда электролиздеу

Анод электродында (графит) хлор иондары қатты электродты астаудағыдай тотығып, газ күйінде бөліп шығарылады:

2Сl- -2е = С12

Катод электродында (сынап-сұйық) сутек иондары тотықсызданбайды, себебі: егер, қатты катодты электролиздік астауда сутек иондарының зарядсыздану потенциалы -0,415 в-ке тең болса, сұйық (сынап) катодында асқын кернеудің тигізетін әсерінің үлкендігінен сутек иондарының зарядсыздану потенциалы -1,7- 1,85 в-ке дейін көтеріледі, натрий иондарының зарядсыздану (тотықсыздану) потенциалы деполяризациялану әсерінен - 1,2 в-ке дейін төмендейді. Мұндай жағдайда зарядсыздану потенциалы натрий иондарының сутек иондарының зарядсыздану потенциалдарынан төмен болғандықтан сынап катодында натрий иондары тотықсызданып натрий амальгамасын түзеді:

Nа+ +е = Na

Nа + nHg = NaHgn

Натрий амальгамасы электролиздік астаудағы ыдырау астауына жіберіледі, ол астауда ыстық сумен жанасып химиялық реакция нәтижесінде:

NaHgn + H2O = NaOH + ½ H2 + nHg

сынап металл күйінде бөлініп электролиздік астауда қайтадан келіп бастапқы катод міндетін атқарады, ыдырау астауында күйдіргіш натрий ерітіндісі қалады және сутек газ күйінде бөлінеді.

Сұйық катодтағы электролиздік астауда элекгролиз кернеуі 4,3 - 4,4 в шамасында болады. Электролизденетін электролиттің бастапқы концентрациясы 310-315г/л NаСІ болса, электролиздік астауда шығатын ерітінді құрамында ас тұзы 260-270 г/л шамасында болады. Осы ерітінді хлордан тазартылып (ауа үрлеу әдісі) ас тұзымен қайтадан қанықтырылып (310-315 г/л) электролиздерге қайта араласады. Электролиттің оңтайлы температурасы 70-80°С, кернеу 4в.

Ыдырау астауындағы ерітінді құрамында 450-500 г/л NаОH өнімі болады. Әр-бір тонна NaОН -ін өндіруге 3100-3200 квт.с энергия жұмсалынады. Кемшіліктері: электр тоғы тым көп жұмсалынады, электролизді меңгеру күрделі жұмыс және еңбек жағдайы қолайсыз (сынап-улы зат).

12.5 Электролиз өнімін өңдеу

Электролиз процесінің нәтижесінде өңген сілтіше құрамында күйдіргіш натр мөлшері электролиздік астаудың түріне байланысты әр түрлі болады – бір жағынан, екінші жағынан электролизденбеген ас тұздардың да шамасы әр түрлі мөлшерде болады. Сілтіше құрамында ас тұзын бөліп алу мақсатпен ерітіндіні буландырады, күйдіргіш натрдың концентрациясы 50%-ға жеткенде ас тұзы тұнбаға тұнады. (Ас тұзының ерігіштігі сілті концентрациясына байланысты – концентрация өскен сайын тұздың ерігіштігі төмендейді). Бөлініп алынған ас тұзын электролизге берілетін электролит дайындауға қолданылады.

Сұйытылған және ас тұзынан тазартылған күйдіргіш натрий ерітіндісі буландыру әдісімен концентрленеді, соңында шойын қазанда балқытылып темір бөшкелеріне құйылып қоймаға келіп түседі.

Хлор электролиздік су буымен қаныққан күйінде су буынан құрғату үшін бірінші сатыда 20-300С температурадағы сумен шайқалып, су буының көпшілік мөлшері конденсацияланып су құрамына қосчылады, (жуынды сумен қосылады). Ал дымқылды хлор концентрлі кукіәрт қышқылымен құрғатылады (құрғатқыш мұнараларда).

Құрғатылған хлор үш түрлі әдістермен сұйылады:

  1. 1-1,2 МПа қысымда және 200С температурада

  2. Атмосфералық қысымда, -500С температурада

  3. 0,3-0,6 МПа қысымда, -50С – тен -250С температура аралығында.

Сұйылтылған хлорды болат баллондарында, бөшкелерде, 50 т цистерналарда тұтынушыларға ұсынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]