- •Химиялық технологияның жалпы мәселелері і тарау. Химиялық технологияның мазмұны
- •Химия өндірістерінің ғылыми негіздері
- •Химия өндірістерін ұйымдастыру
- •Химия өндірістерінің маңызы және дамуы
- •Қазақстанда химия өндірістерінің дамуы
- •1.5 Химия өндірістерін технологиялық негізге байланысты жіктеу
- •1.6 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер
- •1.7 Химиялық технология процестерін қарқындандыру
- •7.1.1 Процестердің технологиялық сұлбасы
- •1.8 Реагенттердің және энергетика ағындарының бағыты
- •1.9 Технологиялық сұлбаны болжағандағы жалпы пікір
- •1.10 Химиялық техниканың негізгі даму жолдары.
- •Технологиялық процестегі материалдық және энергетикалық баланс
- •2.2 Шикізатты байыту принциптері
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (1-2)
- •3.1 Табиғи және өнеркәсіп суларына сипаттама
- •3.2 Өндіріс әдістерімен суды тазарту
- •3.3 Су қағының түрлері, оны болдырмау және одан тазарту әдістері
- •3.3.1 Су қағының химиялық құрамына байлаынсты түрлері
- •3.3.2 Су қағының түзілуіне қарсы шаралар
- •3.3.3 Су қағын тазарту әдстері
- •3.3.4 Қоршаған ортаны қорғау
- •3.4 Өндірістің ағынды суларын тазарту
- •5.3 Химиялық-технологиялық процестердің термодинамикасы
- •5.4 Тепе-теңдіктегі технологиялық процестер
- •5.5 Химиялық реакцияның жылдамдығы
- •5.5 Катализ
- •6.1 Отынды шикізат ретінде термиялық өңдеу.
- •6.2 Көмірді кокстеу
- •6.3 Қатты отынды газға айналдыру
- •Көмірді гидрогендеу
- •Сұйық отынды химиялық әдіспен өңдеу
- •6.5.1 Мұнай және мұнай өнімдерінің қасиеттері және құрамы
- •6.5.3 Мұнайды және мұнай өнімдерін өңдеу әдістері
- •6.6 Мұнайды және мұнай өнімдерін жоғары температурада химиялық әдістермен өңдеу
- •6.7 Мұнай өнімдерін тазарту
- •Басты химиялық өнімдерді өндіру технологиясы
- •7.1 Табиғи газдардан конверсиялау
- •7.2 Метанды су буымен катализдік конверсиялау
- •8.3 Синтетикалық аммиак өндірудің сұлбасы
- •9.1 Азот қышқылын өндіру әдістері
- •9.2 Азот қышқылын аммиакты тотықтырып алу әдәсәнәң физикалық-химиялық негізі
- •9.2.1. Азот (іі) оксидінің азот (іv) диоксидіне тотығуы
- •Тепе-теңдік константасының температураға тәуелділігі
- •9.2.2 Азот диоксидін және оның димерінің абсорбциялану сұлбасы
- •9.3 Сұйылтылған азот қышқылын өндіру
- •9.4 Азот қышқылын концентрлеу
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (3-4):
- •10.2 Күкірт қышқылын өндіру әдістері
- •Қайталауға және өздік бағылауға арналған сұрақтар мен есептер (1-2)
- •4. Күкірт қышқылын концентрлеу
- •10.4 Күкірт қышқыл өндірістерінің дамуының негізгі бағыттары
- •Хі тарау. Минералдық тыңайтқыштарды өндіру
- •11.1. Тыңайтқыштарды жіктеу
- •Қайталауға және өзіндік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •11.2 Фосфор тыңайтқыштары
- •11.2.1Фосфор тыңайтқыштарын өндіріу технологиясының негізгі мақсаттары
- •11.2.2. Фосфор қышқылдарын жіктеу.
- •11.2.3 Табиғи тыңайтқыштардан фосфор қышқылын өнідіру әдісі
- •11.2.4 Суперфосфатты өндіру
- •11.2.5 Суперфосфатты өндірудің физикалық-химиялық негізі.
- •11.2.6 Концентрлі тыңайтқыштарды өндіру
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар(2);
- •Фосфор қышқылын өндіру
- •Фосфаттарды азот қышқылымен өңдеу
- •11.5 Карбамидті (несеп нәрін) ((nн2)2со) өндіру
- •12.1 Күйдіргіш натр өндіру
- •12.2 Электрхимиялық әдіспен күйдіргіш натр және хлорды өндіру
- •12.3 Хлор және күйдіргіш натр өндірудін физикалық-химиялық негізі
- •12.4 Ас тұзының ерітіндісін сұйық катодты электролиздік астауда электролиздеу
- •12.5 Электролиз өнімін өңдеу
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (3-5):
- •Хііі – тарау. Органикалық синтез
- •13.1 Органикалық синтездеу өнеркәсіптеріндегі негізгі процесстер және шикізаттар
- •13.2 Көміртек (іі) оксидіне негізделген синтездер. Метил спиртін өңдеу
- •Қысымға байланысты метанолдың тепе-теңдік концентрациясы
- •13.3 Олефиндерге негізделген синтездер
- •13.3.1 Синтетикалық этил спиртін өндіру
- •13.3.2 Этиленді тікелей гидраттандыру әдісімен этанолды синтездеу
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (1-3):
- •13.4 Ацетиленге негізделген синтездер
- •13.4.1 Ацетиленді өндіру және өңдеу
- •13.4.2 Ацетальдегидті өндіру.
- •13.4.3 Сірке альдегидінен сірке қышқылын өндіру
- •14.1 Целлюлозаны өндіру
- •14.1.1 Целлюлоза өндірісінің технологиялық процестерінің негізгі салалары
- •14.1.2 Сульфит әдісімен ағаш целлюлозасын өндіру
- •14.2.1 Вискоза талшығын өндіру
- •14.2.2 Капрон талшығын өндіру
- •14.2.3 Лавсан полэфир талшығын өндіру
- •14.3 Пластикалық массаларды өндіру
- •14.3.1 Пластикалық массалар құрамы
- •14.4 Поликонденсациялық пластмассалар.
- •14.5 Каучуктарды және резинаны өндіру.
- •14.5.1 Синтетикалық каучуктар
- •14.5.2 Бутадиен – стирол каучуктері (скс, скмс)
- •3. Стехиометрлік баланс теңдеуі
- •3.1 Реакцияның тәуелсіз сатыларын анықтауға стехиометрлік коэфициенттерінің матрицасы
- •4. Экспериментмүмкіндік береді.
- •4.1 Экспериментті жоспарлау
- •Регрессия теңдеуі, регрессия теңдеуінің коэфициенттері
- •Экспериментті жоспарлағандағы гипотезаларды тексеру
- •Регрессия теңдеуін интерпретациялау
- •5 Идеалдық ығыстыру және араластыру реакторының математикалық моделі
- •5.1 Идеалдық ығыстыру және идеалдық араластыру реакторларының модельдерін реакция жылдамдықтары бойынша салыстыру
- •5.2 Идеалдық араластыру реакторларының каскадасының математикалық моделі.
- •6 Құрылымдық талдау әдістері
- •6.1 Бөлінетін ағымдардың оңтайлы жиынтығын анықтауға
- •6.2 Ақпараттық блок сұлба және процесс матрицасы
- •6.3 Ағымдар, инциденциялар және аралас матрицаларды анықтау
- •6.4 Тұйықтылығы үзілген тұйық сұлбалар,рецикуляциялық тізбектіліктер
- •6.5 Параметрлік сезімталдық және процестердің тұрақтылығы
- •8 Ректификациялық колоннаны математикалық түрде сипаттау (жазу)
- •8.2 Колонна диаметрін және тәрелкеаралық қашықтықты есептеу
- •8.3 Тәрелкелердің жұмыс істеу қабілеттілігін есептеу
- •8.4 Қайнатқыштарды математикалық түрде жазу(сипаттау)
- •8.5 Конденсаторлар
- •9.Ректификациялық колонналардың тәрелкелеріндегі масса тасымалдаудың тиімділігін бағалау
- •10.Ректификация процесін есептеу әдістері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Қосымша
1.8 Реагенттердің және энергетика ағындарының бағыты
Реакторға (аппаратқа) енгізілетін реагенттер немесе жылу ағыны және материалдар бір бағытта болса - тік (тура) немесе параллель ағынды процесс деп атайды. 1-сурет-А.
Қарама-қарсы ағынды процесте - реагенттер немесе жылу ағындары және материалдар ағындары қарама-қарсы бағытта аппаратта немесе реакторда кездеседі. 1 -сурет - Б.
Айқасқан ағын сұлбасы - реагенттер немесе жылу және материалдар бір-бірімен белгілі бұрышпен (қыйғаш) кездесетін ағын сұлбасы. Мысалы аппараттардың жылу ауыстыруы. Тік ағынды және қарама-қарсы ағынды процестер тек қана гетерогенді процеотерге тарайды да, гомогенді технологиялық процестерге мұндай түсінік орынсыз.
Химиялық гехнология процестерінде көбінесе қарама-қарсы ағынды процесс сұлбасы қолданылады, себебі:
1.технологиялық процесс толық жүреді;
2.процестің орташа қозғалғыш күші жоғары (орташа қозғалғыш күш - реагенттер концентрациясының немесе темпе-
1.9 Технологиялық сұлбаны болжағандағы жалпы пікір
Технологиялық сұлбаны болжағанда алдын ала сұйық және газдың аппаратынан өтетін ағын бағыттын анықтау, рагенттердің әрекеттесу уақытын , процесс кезінде температураның өзгеру шамасын, аппараттардың констукциясын және т.б. жағдайларды анықтау қажет.
Технологиялық сұлбаны болжағанда төмендегідей шарттар орындалуы қажет.
Мүмкіншілік болғанынша, шикізатты және энергияны шығынсыз толық мақсат өніміне айналдыратын жағдайдағы үздіксіз технологиялық процесс болуы қажет.
Еңбек жағдайлары өте қолайлы және қауіпсіз, еңбек гигиенасы сақталуы қажет.
Күрделі қаржыны азайту мақсатында сәйкес ғимарат көлемі және аппараттар көлемі ең аз шамада болғаны дұрыс.
Реакцияның әр қайсысы немесе технологиялық процестің операциясы оңтайлы физика-химиялық жағдайда жүруі қажет.
Аппараттар ара қашықтығы мүмкіншілік болғанынша жақын болып, меңгеруге, жұмыс істеуге қолайлы болуы қажет.
Аппараттар кострукциясы, меңгеру жүйесі, өндіріс процесін қадағалау қарапайым түрінд болғаны орынды.
Сорғы, транспартерлердің, элеваторлардың және т.б. санын азайту мақсатымен мүмкіншілік болғанынша сұйық және сусымал (сыпучый) заттардың аппараттардың бір-біріне өз ағынымен ауысатын жағдай туғызу мақсатпен аппараттарды сатылап немесе тікеден –тік бірінің орналастыру керек.
Күрделі, көп еңбек сіңіруді керек ететін және өте дәлдікпен орындалатын операцияларды бақылау және оларды дұрыс жолға қою үшін технологиялық процесс максималды түрде механизациялауды және автоматизациялауы қажет.
Ұтымды (рационалды) технологиялық процестің сұлбасын құрғанда ерекше ескеретін және шешуші пікір мүмкін болғанша операцияныңжүру уақытын қысқарту және энергияны минимум (ең аз) мөлшерде жұмсап, өнімнің шығымын (ең көп) шамаға жеткізу қажет.
1.10 Химиялық техниканың негізгі даму жолдары.
Химиялық техниканы жоғары сатыға көтеру еңбек өнімін арттыруға, өнімнің сапасын жақсартуға және оның өзндік құнын төмендетуге бағытталған . Химиялық техниканың дамуына әсер ететін өзара байланысты жолдамалар:
1. Аппараттардың кең көлемділігін (масштабын) көбейту. 2. Аппараттардың жұмысын қарқындандыру. 3. Көп еңбек сіңіруді керек ететін процестерді механизациялау . 4. Процестерді автоматтандыру және дистанциялық (алыс қашықтықтан) меңгеру. 5. Периодтық ( оқтын-оқтын) процестерді үздіксіз процестермен ауыстыру . 6. Реакция жылуын пайдалану. 7. Қалдықсыз өндіріс құру.
Аппараттар масштабын көбейту нәтижесінде өнімділік көбейеді және жұмыс жағдайы жақсарады , аппаратта жұмыс істейтін жұмысшылар саны өзгемейді, жаңадан өндірістік және өндістік емес негізгі қор жасауға немесе оның бұрынғыларын бүгінгі талапқа сай қайта құруға жұмсалған шығындардың жиынтығы – күрделі қаржы жасау азаяды. Өндірістің автоматтандыру жеңілдетеді. Экономикалық тұрғыдан қарағанда, машиналардың және аппараттардың қуаты көбейеді. Мысалы, соңғы жиырма жыл ішінде күкірт қышқыл және аммиак өндірістерінің негізгі реакторларның қуаты 30 есе артты.
Аппараттың жұмысын қарқындандыру - аппараттардың көлемін сол қалпында жұмыс режимін жақсарту арқылы өнімділкті өніділікті арттырудың екі жолы бар: 1. Аппараттардың конструкциясын жақсарту; 2. Аппараттағы технологиялық процесті жоғары сатыға көтеру (температура, қысымды және реагенттер косентрациясын жоғарлану; компоненттердің араласуын ұлғайту; әрекеттесетін заттардың өзара жанасатын бет қабаттарын арттыру , католизаторды қолдану , тағы басқа – механизациялау және процестерді автоматтандыру).
Механизациялау - адамның физикалық еңбегін машинаға істету. Механизациялау аппарттың қарқындылығын арттыру және аппаратқа жұмыс істейтін штаттың қысқартылу нәтижесінде еңбек өнімділігі көтеріледі. Қазіргі кезде химия өндірістерінде көпшілік операциялар механизацияланған, дегенмен шикізатты тиеу, түсіру және материалдарды тасу әлде болса машинамен істелінбейді.
Автоматтандыру - өндіріс процесін тікелей адамның қатысынсыз жүргізу аспаптарды қолдану, адам тек қана қадағалайды, бақылаушы. Автоматтандыру механизациялаудың жоғары сатысы болып есептелінеді. Автоматтандырылған өндістік процестердің еңбек өнімділігі жоғары және өнімнің сапасы жақсы болады. Кейбір өндіріс процестерін түгел автоматтандырудың қажеті болмайды, немесе мүмкіншілік жоқ болуы мүмкін, мұндай жағдайда дистанциялық меңгеруді қолданады – жұмыс режимін адам алыстан меңгеру пультінен реттейді.
Қайталу және өздік бақылауға арналған сұрақтар (8-10):
Тік ағынды процестердің арақашықтықтарына не жатады?
Қарама-қарсы ағынды процестердің ерекшеліктері мен артықшылықтары қандай?
Технологиялық сұлбаны болжағанда қандай шарттар орындалуы қажет?
Химиялық техниканың дамуына әсер ететін жолдамаларды айтыныз?
Аппараттық масштабын көбейтудің нәтижесі қандай болады?
Аппарат жұмысын қарқындандыру қандай жолдары бар?
