Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khim_tekh_lts.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

14.4 Поликонденсациялық пластмассалар.

Өнеркәсіпте маңызды орын алатын полимерлер тобы – поликонденсациялық шайырлар, олар: фенолальдегид, полиамид, полиэфир, эпоксид және т.б. шайырлар.

Фенолальдегид шайырлары, фенолпластардың негізгі фенолдарды (фенол, крезолдар, резерцин) және альдегидтерді ( формельдегид, фурфорол) катализатор қатысуымен поликонденсациялау әдісімен алынады. Реакция процесінде шайырлардан басқа су бөлінеді. Полимердің құрылысы жәене қасиеті қолданылатын катализаторға және бастапқы реагенттердің молярлық ара қатынасына тәуелді, бастапқы бірдей шикізаттардан – фенол және формальдегидтен: новолок және резолдік деп аталатын әр түрлі шайырлар алынады.

Новолак ( термопластикалық шайыр) сулы ортада қышқылдар (тұз, қымыздық, күкірт қышқылдары) қатысуымен мол мөлшердегі фенолдардың және формальдегидтердің конденсациялану нәтижесінде мынадай сұлбамен түзіледі:

(n+1)С6Н5ОН+nСН2О→Н-[-С6Н3(ОН)СН2-)]nС6Н4+nН2О

немесе реакцияны былай көрсетуге болады:

Фенол және формальдегидтердің ара қатынасы 7:6. Новолоктардың полимерзациялану дәрежесі n=4-8, кіші молекулалық қосылыстар қыздырғанда химиялық өзгермей балқиды, суытса қайтадан қатаяды, спирттерде ериді. Новолок шайырын пресс-ұнтақтарды, абразивтік материалдар (ұсақ кристалды немесе ұнтақ түрде болатын өте қатты заттар), газ толтырылған материалдарды алуға қолданылады.

Новолок шайырларын термоплпстикалық күйінен термореактивтік күйіне айналдыруға уротропинді (қатайтатын компонент) қолданады.

Резолдік шайырлар- сілтілік катализатордың ( NH4OH,NаOH,Вa(OH)2) қатысуымен фенол және формальдегид (артық мөлщерде) поликонденсациялау әдісімен алады.

Резолдік шайырлардың түзілуі екі сатыда жүреді: фенол формальдегидтен реакцияласып фенолспирттерін реакцияласып конденсацияланып резоль түзеді ( полифенол қоспалары).

Фенол спирттері бір-бірімен реакцияласып резолдар түзеді.

Резолдар-сызықтық (ұзын) және тармақты полимерлер қоспасы, жалпы формуласы:

H-[-С6Н2(ОН)(СН2ОН)СН2-]m-[-C6Н3(ОН)СН2-]n-ОН

N=2:5; m+n=4:10

Резолді шайыр кіші молекулалық қосындылар қатарына жатады,(400-ден 1000-ға дейін). Қыздырғанда макромолекулалар әрі қарай конденсацияланып резит түзеді.

Резит-балқымайтын және ерімейтін құрылысы мынадай полимер:

Новолок және резольдік шайырларды алу әдістері іс жүзінде бірдей, технологиялық процестің сұлбасы көрсетілген.

Реакторға (1) фенол, формальдегид, әр түрлі қосымша заттарды және катализаторды орналастырып қоспаны сыртынан су буымен 70-75°С-де қыздырады. Фенол және формальдегидтердің поликонденсациялануынан жылу бөлінеді, оңтайлы температура 80°С болғандықтан, су буын тоқтатып реакторды сумен салқындатады. Түзілген шайыр балқыған сұйық күйінде реакторда құбыра арқылы шығарылып, «противень» аппаратында қатайтып және ұнтақталынады.

Фенолальдегидті шайырлар құрғақ, эмульсия және лак түрінде өндіріледі. Пресс ұнтағы, қабат-қабатты пластиктер, желімдер, ион айырбастайтын материалдар, қорғау қабықшасын дайындауға қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]