Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khim_tekh_lts.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

14.2.2 Капрон талшығын өндіру

Капрон талшығын периодтық (қысым астындағы автоклавтарда) немесе үздіксіз (атмосфералық қысымдағы колоннаның түрдегі реакторларда) сұлбалар бойынша өндіруге болады.Капрон талшығын үздіксіз тәслмен өндірудің технологиялық сұлбасы көрсетілген.Қатты капролактам бункерден бу арқылы қыздырылатын балқытқышқа түседі.Балқыған мономер сүзгіден өтеді де, колонналық түрдегі полимерлеу реакторының жоғары жағына беріледі.Онда АГ тұзының сулы ерітіндісі де аппараттан дозаланып келеді.(АГ бұл мономерді полмерлеу процесінің катализаторы ,адипин қышқыл мен гексаметилен диаминнің тұзы NH2-(CH2)6-NH2*HOOC-(CH2)4)-COOH .Су мен реакцияға енбеген капролактамның буларының қоспасы мұздатқыш конденсаторға түседі. Он капролактам конденсацияланады да, реакторға қайтадан ағады,ал су жинағышта жиналады. Өнімдердің тотығуын болдырмау үшін балқытқышқа және полимерлеу реакторына азот енгізеді. Балқыған поликапроамид реактордан тесікті фильер арқылы ығыстырылып сумен салқындатылғвн барабанға беріледі,онда ол ұсақ түйіршіктерге ұсақталады.Станоктан ұсақ түйіршіктер экстракторға түседі.Онда полимерден суда еритін мономерлер мен олигомерлер жуылады.Жуылған поликапромид кептіргіште жылы ауамен кептіріледі де, тікелей иіргіш машинаға талшық жасауға беріледі, немесе қомаға түседі.Иіргіш машинаға түскен ұсақ түйіршіктер ирек түтікше арқылы қыздырылатын балқытқыш камерада балқытылады,ал түзілген балқыма иіргіш сораптама дозатор көмегімен 250-290С темп.да 2-6МПа қысыммен сүзгі арқылы фильерге беріледі.Олар бағыттағыш роликтер арқылы орағыш машинаға беріледі және одан кейін әрі қарай өңдеуге жіберіледі. Капрон талшықтарын жасаудың жылдамдығы оның қалыңдығына тәуелді болады және 500-1200м/мин аралығында болады.

Капрон және басқа полиамид талшықтары берік ,мықты, иілгіш эластикалық қасиеттері жоғары және сілтілерге ,сөмірсутектеріне спирттерге, кетондарға, микроорганизмдерге төзімді және көгермейді(зең,өңез пайда болмайды).Капрон жоғары сапалы арқын, парашюттер, қозғалтқыш белдік және т.б. техникалық бұйымдар дайындауға қолданылады.

14.2.3 Лавсан полэфир талшығын өндіру

Лавсан полиэфир талшығы терефтал қышқылының диметил эфирін поликонденсациялау процесінен өндіріледі.Технологиялық процесс үш сатыда жүреді.195С темп.да магний оксиді қатысуымен терефтал қышқылының диметил эфирі этилен гликолде еріп, переэтерификацияланып терефтал қышқылының дигликол эфирі түзіледі. 280С темп.да және үлкен вакуумде (1мм сн.б) балқыған эфир сүзілгеннен соң поликонденсацияланады.

n [HOOC – C6H4- COOH ]+n[HO- CH2 – CH2 - OH] = [- CO- C6H4-CO –O – CH2 – CH2 – O -]n +2nH2O

Поликонденсацияланған кезде этиленгликольдың қалдығы босанып айдалады.Полимеризациялау дәрежесі 80-120-ға жеткенде процесс аяқталады. Алынған шайыр ленті түрінде су құйылған астауға азотпен ығыстырылып тез суытылады және қатаяды. Талшықты формалау балқыған күйіндегі массадан капрон алу әдісіндей.Шайырдың балқу темп. 260С және одан жоғары.Формаланған талшық  100С темп. Жоғары темп.да созылып, ұзындығы алғашқы ұзындығынан 4-6 есе ұзарады.Жылу өткізгіштігі және мыжылмауы жүнге жақын ,құны 3есе арзан.Талшықтың эластикалық қатынасы өте жоғары,күн сәулесіне ,қышқылдарға микрооргнизмдерге төзімді.Лавсаннан дайындалған бұйым мыжылмайды және формасын сақтайды,фмзмкаөхимиялық қасиеттері ылғалды күйінде де өзгермейді.

Қайталауға және өзіндік бақылауға арналған сұрақтар (1-2)

  1. Целлюлозаның қандай өндіру әдістерін білесің?

  2. Чульфит әдісімен целлюлозаны өндірудің ерекшеліктері қандай?

  3. Целлюлозаның қандай қолдану аймақтарын білесіңдер?

  4. Сульфат әдісімен целлюлозаны қалай өндіреді?

  5. Химиялық талшықтарды қалай өндіреді?

  6. Химиялық талшықтарды өндіру технологиясының сатылары қандай?

  7. Капронды қалай өндіреді?

  8. Лавсан талшығын қалай өндіреді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]