Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khim_tekh_lts.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

14.5 Каучуктарды және резинаны өндіру.

Каучуктар жоғары эластикалық полимерлер, каучукті өсімдіктерден ( табиғи каучук) немесе химиялық синтез, жолымен синтетикалық каучук алынады.

Табиғи каучук кейбір өсімдіктердің көбінесе гевея деп аталатын өсімдіктердің сүтті шырынынан алынады. Гевея өсімдігінің отан-Бразилия.

Гевея ағашынан каучук алу үшін, оның қабығын тіледі. Сол тіліктер шығатын сүтті шырын- каучуктің коллоидтық ерітіндісі, осы ерітіндіні электролитпен (қышқыл ерітіндісі) әсер етіп немесе қыздырып коагуляциялайды. Коагуляция нәтижесінде каучук бөлініп шығады.

Каучуктің аса маңызды қасиетіоның созылғыштығы, суды және газды өткізбеуі және т.б. Каучуктан жасалған бұйымдар Еуропада XXI ғасырдың басында –ақ тарала бастады. Бұл бұйымдар орташа температура кезінде ғана жақсы да ыңғайлы болады, ал ыстық кезде жұмсарып, жабысқақ бола бастайды, аязда қаудырлап, қатайып морт келеді. Каучукты вулканизациялау (-күкірт қосып қыздыру) арқылы резеңкеге айналдыру әдісі ашылғаннан кейін ғана каучуктың қолайсыз қасиетін жоюға мүмкіндік болды.

Каучук негізінен автомобильдер, семолеттер, велосипедтер покрышкаларын, камераларын жасауға жұмсалынады. Сол сияқты каучук транспортер ленталарын, шлангер, электроизоляцияларын, аяқ киімдер, су өтпейтін киім, ауруды күтуге қажетті т.б. нәрселер жасауға қажетті.

Өзінің маңызы жөнінде каучук болат, мұнай, тас көмір сияқты аса қажетті заттармен қатар тұрады.

Жасалған сапалық талдау каучуктың екі элементтен- көміртек пен сутектен тұратынын, яғни көмірсутек класына жататынын көрсетті.

Сандық талдау каучуктың С5Н8-өте қарапайым формуладан тұратынын анықтады. Ал молекулалық массасын анықтаудың нәтижесі оның бірнеше жүздеген мың (150 000-500 000) екенін аңғартады. Демек, каучук табиғи полимер болып табылады. Оның макромолекулалық формуласы (С5Н8)n. Диен көмірсутектерінің өкілі-изопрен:

СН2=С-СН=СН2-

СН3

Каучуктың макромолекуласы изопрен молекулаларынан құралған деуге болады.

Каучуктың құрылысын формуламен былай бейнелеуге болады:

(-СН2-С=СН-СН2-) n

CH3

демек каучук макромолекулалары сызықты болып келеді. Каучук

молекулаларының сызықтық құрылымы болғанымен олар түзу созылмай, түйіншек тәрізді оралып, бірнеше рет иіліп жатады.

14.5.1 Синтетикалық каучуктар

Көп жылға созылған (1928 жылдан бастап) қажырлы еңбектің нәтижесінде академик С.В. Лебедов каучукты синтетикалық әдіспен алу жолын тапты, сөйтіп 1932 жылдан бастап бұрынғы Кеңес Одағында жасанды кацчук шығарыла бастады. Кеңес Одағы – дүние жүзінде каучуктың ірі өндірісін алғаш ұйымдастырған ел. Германияда 1937 жылы Америкада 1942 жылы синтетикалық каучук (СК) өндіре бастады.

Каучукты синтездеуде С.В. Лебедов табиғатқа еліктеді. Табиғи каучук – диен көмірсутектерінің полимері болғандықтан, С.В.Лебедов диен көмірсутекті, тек оның жай ғана оңай алуға болатын түрін-бутадиенді СН2=СН - =СН2 пайдаланды. Бұл мақсат үшін бутадиен этил спиртінен алынады.

С.В.Лебедов әдісі бойынша бутадиенді полимерлеу катализатор металдық натрий қатысуымен жүргізіледі: механизмін ескермей, оңайлатылған түрда бұл процесті былай көрсетуге болады.

СН2=СН-СН=СН2 + СН2=СН-СН=СН2→ -СН2-СН-СН-СН2-+-СН2-СН-СН- СН2- → -СН2-СН= -СН-СН2-СН=СН-СН2-

және т.б. Сонда бутадиен (полибутадиен) каучуктың құрылысы мына формуламен өрнектеледі.

(СН2-СН=СН-СН2-)n

Бұл әдіспен алынған бутадиен каучуктың суды және газды өткізбейтін жақсы қасиеті бар. Дегенмен оның созылғыштығы және беріктігі табиғи каучуктан кем.

Бутадиен С.В.Лебедов әдісімен этил спиртін дегидрлеу және дегидратациялау арқылы немесе бутанды дегидрлеумен де алуға болады.

2С2Н5ОН→ СН2=СН2-СН=СН2 + Н2 + 2НО-

Этил спиртінен алынған бутадиен шығымы 58,7% болады.

Технологиялық процесс катализаторлар орналасқан контакт пешінде 370-410°С температурада газ фазасында жүреді. Спирттің ыдырауынан 30 шақты қосылыстар түзіледі, олар салқындатылып дивинил этил спиртінде абсорбцияланып, абсорбцияланған күйінен айдау арқылы бөлінеді, дивинил тазартылып сұйық күйінде немесе газ күйінде полимерленеді. Полимерлену процесі автоклавта (2,7м3 сыйымдылығы) 0,9-1 МПа қысымда 30-40°С температурада жүреді. Катализатор металдық натрий болғандықтан полимер- натрий бутадиен каучугі деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]