Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khim_tekh_lts.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

8.3 Синтетикалық аммиак өндірудің сұлбасы

Аммиакты синтездеудің технологиялық процесі негізгі 7 операциядан тұрады. Табиғи газ күкірт қосылыстарынан тазартылып (І) су буымен араластырып (3,7:1), 800-8500С температурада никель катализаторының қатысуымен конверсияланады (2), (9-10) мөлшерде алғашқы қалпында қалған метан су буымен араласып (0,8:1) шахты конвертиріне келіп 900-10000С температурада ауамен араласып, конверсия процесінің екінші сатысына ұшырайды (3). Шахты конверторынан шыққан газдың жылуын іске асыру мақсатпен, ыстық газды утилдеу қазанымен жанастырып 10 МПа қысымдағы 4800 температурадағы су буы алынады (4). Утилдеу қазанынан өткен 430-4700С температураға қыздырылған темір-хром катализаторы толтырылған конверторға келіп көміртек (ІІ) оксидінің конверсиялануының бірінші сатысына түседі, 2-4% мөлшерде қалған көміртек (ІІ) оксиді төменгі температурада (200-2600С мырыш-хром-мыс катализаторы толтырылған конвертор келіп (5) конверсиясының екінші сатысына түседі, соңғы конвертордан шыққан газ құрамындағы көміртек (ІІ) оксидінің қалдығы 0,2-0,4%-дан аспайды.

Конверсияланған газды СО2, СО және О2-ен тазартып, 30 МПА-дейін қысып, синтез құбырына жібереді. Аммиакты синтездеу құбырларындағы жылу- алмастыру арқылы (6) катализаторды 450-5000С дейін қыздырады. Синтез құбырынан шыққан аммиак-сутек қоспаларынан аммиакты бөліп алу үшін су суытқышымен салқындатып аммиакты сұйық күйіне ауыстырып сеператорда бөліп алынады (7). Газ күйінде қалған аммиак, аммиак суытқышымен- 10-150С температураға суытылып азот-сутек қоспаларынан бөлінеді. Сұйық күйіндегі аммиак сол қалпында қоймаға жиналады. «Аммиак-синтез» құбырына ерекше төзімдіік қасиеті бар хорм-никель болатынан құйылған тұтас құймадан кеуектеу әдісімен тағайындалады. Бейнесі-цилиндр тәрізді, биіктігі 24м, қабырғасының қалыңдығы 18см, диаметрі 1,2-2,4 м. Синтез құбырының жоғарғы жартысына жылу ауыстырғыш орналасқан. Құбыр корпусының құрамында мыс, көміртек болмауы міндетті. Себебі реагенттер құрамындағы сутек және синтезделінген аммиак технологиялық жағдайда агрессивтік қасиетін көрсетеді, яғни сутек гидрлеу процесіне: аммиак мыстың комплекс қосындыларының түзілуіне активті қатысын, синтездеу колонасы кеуектелініп, беріктілігін төмендетеді.

Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар және есептер (2-3):

  1. Аммиак синтездеудің физика-химиялық негізі қандай?

  2. Аммак синтезіндегі катализатор әсерінің механизмі?

  3. Аммиак синтезіне арналған Темкин теңдеуі қандай?

  4. Қысымға байланысты аммиакты синтездеудің қандай технологиялық процестері бар?

  5. Көлемдік жыдамдық аммиак синтезіне қалай әсер етеді?

  6. Аммиак синтездеудің технологиялық процестері бар?

  7. Орташа қысымда аммиакты синтездеуге арналған қондырғының сұлбасын түсіндіріңіз?

  8. 4000 м3 азотты сутек қоспасын (аммиактан мөлшері 7%) 300С-ден -50С-ге дейін суыту үшін қанша сұйық аммиак қажет екенін есептеңіз? Аммиак Т=00С –де конденсацияланады. 1 кмоль сұйық аммиак булану үшін 20300 кДж жылу сіңіріледі, оның меншікті жылу сыйымдылығы 57 кДж/(кмоль.К). газдардың қоспасыеың суытқанға дейінгі және суытқаннан кейінгі сәйкесті меншікті жылусыйымдылықтары 30кДж/(кмоль.К) және 28 кДж/(кмоль.К).

Есептеу:

Берілгені:

V ( газ.) = 4000м3;

ɷ (NH3)= 7%

Тконд. = 00С

Т1газ.= 300С

Т2газ.= -50С

Ǫ (1кмоль NH3)= 20300 кДж

Сменш. (NH3)= 57 кДж/(кмоль.К);

  1. Егер қалыпты жағдайда колоннаңа бір сағатта 35000м3 азотты сутек қоспасы келетін болса, онда аммиакты синтездеу колоннасының өнімділігі (т/сөтке) қандай болатынын анықтаңыз. Колоннаның жұмыс істеу қарқындылығы 3,5т/м3.сағ, катализатордың көлемі колоннаға 1 сағатта келетін азотты сутек қоспасының көлемінің 4.10-5 бөлігін құрайды.

  2. Егер 5000С температура және 1,2.107Па қысымда 1 кг аммиак түзілгенде 4002 кДж жылу бөлінетін болса, онда аммиактың түзілу энтальпиясы қаншаға тең болады?

  3. Аммиакты синтездегенде мынадай құрамдағы: N2-10, NH3-206 H2-70 көлем % газ бөлінеді. Процестің температурасы 4100С, қысымы 3,5.108 Па. Газдардың бастапқы қоспасындағы азот пен сутектің қарым-қатынасын анықтаңыз.

  4. Егер реакция нәтижесінде көлемнің азаюы 0,87, ал шыққанда аммиактың концентрациясы 20% болса, онда контакты реакторға кірердегі аммиакың концентрациясы қандай болатын есептеңіз?

  1. Суыту үшін құрамында 10% аммиак болатын 4000м3 аммиак-ауа қоспасы кетеді. Егер 1 кмоль конденсацияланғанда 20300 кДж жылу бөлінетін болса, онда барлық аммиактың жартысы конденсацияланғанда қанша жылу бөлінеді және колоннада шығатын кезде оның концентрациясы қандай болады?

  2. 3700 м3 аммиакты тотықтыруға 26950м3 /сағ ауа кететін болса,онда аммиактың концентрациясы қандай болады?

ІХ- тарау. Азот қышқылын өндіру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]