Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khim_tekh_lts.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

13.3 Олефиндерге негізделген синтездер

13.3.1 Синтетикалық этил спиртін өндіру

Этил спирті – C2H5OH, түссіз сұйықтық, t=780C ерігіш, жанғыш. Ауамен араласқанда (30%) C2H5OH қопарылғыш қоспаға айналады. Сумен азеотропты қоспа түзеді (95.6% C2H5OH).

Этанол еріткіш ретінде – лак, бояғыштар, дәрі, парфюмерия өндірісінде пайдаланылады. Одан басқа синтетикалық каучук алуда да үлкен маңызы бар. Органикалық синтездеуде өте көп мөлшерде жартылай шикізат ретінде: мысалы күрделі эфирлерді, хлорформды, хлоральді, ацетальдегидті, сірке қышқылының, бутадиенді және басқа өнімдерді өндіруге пайдаланылады. Этил спирті – ракетаның сұйық отының, антифриздерінің және т.б негізгі компоненттерінің біреуі.

13-сурет. Синтез-газдан метил спиртін синтездеу сұлбасы

1-компрессор; 2-араластырғыш; 3-сүзгіш; 4-жылу алмастырғыш құбыры; 5-циркуляциялық компрессор; 6-синтез колоннасы; 7-тоңазытқыш конденсатор; 8-сеператор; 9-шикі спирт жинағыш.

Синтетикалық этил спиртінің өндірілу көлемі органикалық қоспалардың ең алдыңғы қатарында. Бастапқы кездеэтил спиртін алу үшін ішінде крахмал бар, мысалы, астық дақылдарын, картоп, т.б тағамдық азық-түлік жұмсалынатын. Крахмалды қантқа айналдырып, ашытып спиртке айналдыратын. Соңғы кезде ағаш сүрегінің клетчаткасын қантқа айналдырып, ол қантты ашытып гидролиз спиртін өндіреді.

Қазіргі уақытта этил спиртін күкірт қышқылының қатысуымен және тіке гидраттандыру әдістерімен өңдіреді.

Күкірт қышқылы әдісі бойынша этилен 1,5-2,5 мПа қысыммен барботаж бейнелі абсорберге (1) келіп, 97% күкірт қышқылымен шашырату (себелеп жаңбыр тәрізді) әдісімен жанасады (14-сурет). Абсорбердегі (1) температура 65-750С аралығында. Күкірт қышқылы абсорбердегі процессте катализатор және реагент ретінде екі міндет атқарады. Этилен жоғарыда айтылған жағдайда күкірт қышқылымен әрекеттесіп, моноэтилсульфатын C2H5OSO3H және диэтилсульфатын (C2H5O)2SO2 түзеді.

C2H4+H2­SO4=C2H5OSO3H+Q

2C2H2+H2SO4=(C2H2O)2SO2+Q

Абсорберде (1) сіңірілмеген газдар, су (2) және сілті (3) скубберінде (3) 10%-ды NaOHерітіндісімен жуылады, күкірт қышқылынан тазартылып отын ретінде пайдаланылады. Этил сульфаттар және күкірт қышқылы абсорберден (1) гидролизерге (6) жіберіледі. Гидролизердің (гидролиз жүретін аппараты) (6) жоғары шетінен гидролиз аппаратына су енгізіледі.

1 мПа қысымында 70-900С температурада гидролиз аппаратында (6) этильсульфаттары гидролизденіп этил спиртін түзеді.

C2H5OSO3H+H2O=C2H5OH+H2SO4

C2H2O)2SO2+2H2O=2C2H5OH+H2SO4

Бу күйіндегі спирт сутоңазытқышында (4) конденсацияланып, конденсатор ректификациялау колоннасында (5) айдалып қоспалардан тазартылады. Сұйылған күкірт қышқылы 50%-ды гидролизерден шығарылып концентрлеуге жіберіледі, концентрленген күкірт қышқылы технологиялық процесске қайтадан келіп абсорберді (1) шашырау әдісімен суғарады.

14а-сурет.Этиленді күкірт қышқылдық гидратациялап этил спиртін

өңдірудің сұлбасы

1-тарелкелік абсорбер; 2,3-скрубберлер;4-тоңазытқыш; 5- колонна; 6-гидролизер;

Ректификатордан шыққан этил спиртінің концентрациясы 95-96% шамасында болады. Күкірт қышқыл әдісімен 1т этиленнен 1,2г этанол және 100кг этил эфирі өндіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]