- •Se 4309 салық есебі пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •5В050800-«Есеп және аудит», 5в050900-«Қаржы»
- •Құрастырушылар:
- •Баймаханова а.А.– оқытушы, статистика магистрі
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •1. Пән туралы мәліметтер
- •2. Пререквизиттер:
- •3. Постреквизиттер
- •5.2. Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •5.3. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •5.4 Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және шағын жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8. Әдебиеттер тізімі (Негізгі, қосымша)
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •9.3. Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8 . Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •5. « Салық есебі» пәнінің оқу - әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •6. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •1 Тақырып Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі орны - 1 сағат
- •1. 1 Қазақстан Республикасының Салық кодексі, оның құрылымы мен мазмұны.
- •1.2 Салық салу объектісі.
- •1.3 Салық есебін жүргізу және ұйымдастыру тәртібі.
- •2 Тақырып Ағымдағы салық есебінің регистрлерін жүргізу ерешеліктері, салық есебінің ережелері және салық есептілігі.
- •3 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының есебі және оның құрамы
- •3.1 Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының құрамына кіретін табыстары.
- •3.2 Жылдық жиынтық табысты түзету.
- •3.3 Жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі.
- •4 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерістер есебі
- •4.1 Шегерістер және оның құрамы
- •4.2 Еңбек ақы төлеу бойынша шығындардың есебі және оларды шегеріске жатқызу.
- •4.3 Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
- •5 Тақырып Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •5.1 Тіркелген активтер туралы түсінік.
- •5.2 Құндық балансты айқындау
- •6 Тақырып Өкілдік шығыстар, сыйақы және төленген күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша шегерімдердің салық есебі
- •6.1 Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
- •6.2 Сыйақы бойынша шегерімдер
- •6.4 Күмәнді талаптар бойынша шегерім
- •7.1 Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер.
- •7.3 Кен орындарын әзірлеу саладарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және салдарды жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдері.
- •7.4 Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерімдер
- •8.1 Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерімдердің салық есебі. Жазу
- •8.2. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерімдердің салық есебі.
- •8.3 Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегерудің салық есебі.
- •8.4 Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі.
- •9 Тақырып Салық салынатын табысты азайту және салық төлеушілердің кейбір санаттарын салық салудан босату және залалдардың салық есебі
- •9.1 Салық салынатын табысты азайту.
- •9.2 Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу.
- •9.3 Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу.
- •9.4 Залалдардың салық есебі
- •10 Тақырып Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және оны төлеу мерзімдері
- •10.1. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу.
- •10.2. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
- •11 Тақырып. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы
- •11.1. Төлем көзінен ұсталатын табыстардың салық есебі.
- •11.2. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі.
- •12 Тақырып. Салық ставкалары, салық кезеңі және салық декларациясы
- •12.1. Салық ставкалары.
- •12.2. Салық кезеңі.
- •12.3. Салық декларациясы
- •13.4 Ққс есептеу және төлеу тәртібі
- •15.2.Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері.
- •15.3. Патент негізінде салық салудың жалпы ережелері
- •15.4.Шаруа қожалықтарына салық салу
- •7. Семинар (практикалық )сабақтарының жоспары
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Тапсырмалар:
- •7 Тақырып: Корпоративтік табыс салығының есебі Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма: Төменде берілген мәліметтердің негізінде ұйымның жжт анықтап, ктс есептеу қажет:
- •8 Тақырып: Жылдық жиынтық табысты түзету. Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •9. Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •10. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар Емтихан сұрақтары
- •11. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі (слайдтар тізімі)
- •12. Арнайы мамандандырылған дәрісханалар
- •Дәрісханалар тізімі
6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1 Тақырып Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі орны - 1 сағат
1.1. Қазақстан Республикасының Салық кодексі, оның құрылымы мен мазмұны.
1.2. Салық салу объектісі.
1.3. Салық есебін жүргізу және ұйымдастыру тәртібі.
Лекцияның мақсаты: Қазақстан республикасындағы Салық кодексі, ондағы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, салық салу объектісі мен салықтық есепті ұйымдастыру тәртібін қарастыру болып табылады.
Қарастырылатын негізгі сөздер: бюджет, салық, міндетті төлемдер, ерікті төлемдер, норма, принцип, салық салу объектісі.
1. 1 Қазақстан Республикасының Салық кодексі, оның құрылымы мен мазмұны.
Салық Кодексі салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөніндегі билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы салық міндеттемеcін орындауға байланысты қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, салық Кодексінен, сондай-ақ қабылдануы салық Кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Салық Кодексінде көзделмеген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер Салық Кодексінде белгiленген тәртiппен және жағдайларда белгіленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды. Салық Кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерiнiң арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстiң нормалары қолданылады. Салық Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық қатынастарды реттейтiн нормаларды салықтық емес заңнамаға енгiзуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Салық Кодексінен өзгеше ережелер белгiленсе, көрсетілген шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады. Салық әкімшілігін жүргізу, салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, Салық Кодексіне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізiлуi мүмкін.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері Салық Кодексінде белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс:
Салық салудың міндеттілігі принципі
Салық төлеуші – салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
Салық салудың айқындылығы принципі
Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.
Салық салудың әділдігі принципі
Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады. Жеке-дара сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.
Салық жүйесінің біртұтастығы принципі
Қазақстан Республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге (салық агенттеріне) қатысты бiрыңғай жүйе болып табылады.
Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принципі
Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға жатады.
Салық саясаты – мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.
Мемлекет өзінің қызметінің әртүрлі қырларын сыртқы және ішкі саясаты - әлеуметтік және мәдени, қаржылық, техникалық табиғатты қорғау саясаты арқылы ықпал етеді. Ең бастысы қаржы саясаты болып табылады, себебі қаржы ресурстары арқылы басқа саясаттардың барлығының жүзеге асуы қамтамасыз етіледі. Салық саясаты да бюджеттік-қаржылық саясат пен ақша несие саясатымен қатар қаржы саясатының бір бөлігі.
Салық саясаты - мемлекеттің салық саласында жүргізіп отырған іс-шараларының жиынтығы. Оның басты қажеттілігі салықтардың мәні мен атқаратын қызметтерінен келіп шығады және жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жинақтап, бюджет арқылы қайта бөліп, жалпымемлекеттік қажеттіліктерге жұмсауында көрінеді.
Салық саясатының мән-мазмұнын ашудың бастапқы алғышарты – салықтық қатынастар, ал оның негізі – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың арасындағы мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру бойынша қатынастары болып табылады.
Салық саясаты қоғамның дамуының, саяси құрылымы мен ахуалының әр кезеңінің ерекшеліктеріне байланысты. Мемлекет салық саясатын – алға қойған экономикалық саясатына сәйкес, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және әр нақты даму кезеңінің басқа да мақсаттары мен міндеттеріне байланысты жүргізеді.
Салық саясатының міндеттері:
- мемлекетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
- жалпы ел экономикасын жақсартуға және реттеуге жағдай жасау;
- нарықтық қатынастар процесінде туындайтын халықтың табыстары арасындағы теңсіздікті барынша азайту;
- экономикалық заңдарға сәйкестендіру;
- нарықтық реформаларды тездетуге ықпал ететін шешімдерді салықтық
қолдау және макроэкономикалық тұрақтандыру;
- салық салу базасы мен қаржы ресурстарын мобилизациялау көздерін, оның құрамы, құрылымы, өсуінің мүмкін резервтерін анықтау. Сонымен қатар, мұнда қаржы ресурстарының көлемі айқындалып, мемлекет пен шаруашылық субъектілердің табыстары арасындағы оптималды және баланстанған қатынас анықталады.
- экономиканың құрылымдық қайта құру процесстерін, оны жақсартудың басым бағыттарын дамытуды, экономиканы тұрақтындыру және оның тиімді дамуының негізін құруға ынталандыру;
- сәйкес нормативтік актілер түрінде мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырудың салықтық механизмін жасап шығару.
