- •Se 4309 салық есебі пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •5В050800-«Есеп және аудит», 5в050900-«Қаржы»
- •Құрастырушылар:
- •Баймаханова а.А.– оқытушы, статистика магистрі
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •1. Пән туралы мәліметтер
- •2. Пререквизиттер:
- •3. Постреквизиттер
- •5.2. Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •5.3. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •5.4 Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және шағын жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8. Әдебиеттер тізімі (Негізгі, қосымша)
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •9.3. Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8 . Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •5. « Салық есебі» пәнінің оқу - әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •6. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •1 Тақырып Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі орны - 1 сағат
- •1. 1 Қазақстан Республикасының Салық кодексі, оның құрылымы мен мазмұны.
- •1.2 Салық салу объектісі.
- •1.3 Салық есебін жүргізу және ұйымдастыру тәртібі.
- •2 Тақырып Ағымдағы салық есебінің регистрлерін жүргізу ерешеліктері, салық есебінің ережелері және салық есептілігі.
- •3 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының есебі және оның құрамы
- •3.1 Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының құрамына кіретін табыстары.
- •3.2 Жылдық жиынтық табысты түзету.
- •3.3 Жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі.
- •4 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерістер есебі
- •4.1 Шегерістер және оның құрамы
- •4.2 Еңбек ақы төлеу бойынша шығындардың есебі және оларды шегеріске жатқызу.
- •4.3 Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
- •5 Тақырып Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •5.1 Тіркелген активтер туралы түсінік.
- •5.2 Құндық балансты айқындау
- •6 Тақырып Өкілдік шығыстар, сыйақы және төленген күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша шегерімдердің салық есебі
- •6.1 Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
- •6.2 Сыйақы бойынша шегерімдер
- •6.4 Күмәнді талаптар бойынша шегерім
- •7.1 Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер.
- •7.3 Кен орындарын әзірлеу саладарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және салдарды жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдері.
- •7.4 Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерімдер
- •8.1 Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерімдердің салық есебі. Жазу
- •8.2. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерімдердің салық есебі.
- •8.3 Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегерудің салық есебі.
- •8.4 Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі.
- •9 Тақырып Салық салынатын табысты азайту және салық төлеушілердің кейбір санаттарын салық салудан босату және залалдардың салық есебі
- •9.1 Салық салынатын табысты азайту.
- •9.2 Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу.
- •9.3 Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу.
- •9.4 Залалдардың салық есебі
- •10 Тақырып Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және оны төлеу мерзімдері
- •10.1. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу.
- •10.2. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
- •11 Тақырып. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы
- •11.1. Төлем көзінен ұсталатын табыстардың салық есебі.
- •11.2. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі.
- •12 Тақырып. Салық ставкалары, салық кезеңі және салық декларациясы
- •12.1. Салық ставкалары.
- •12.2. Салық кезеңі.
- •12.3. Салық декларациясы
- •13.4 Ққс есептеу және төлеу тәртібі
- •15.2.Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері.
- •15.3. Патент негізінде салық салудың жалпы ережелері
- •15.4.Шаруа қожалықтарына салық салу
- •7. Семинар (практикалық )сабақтарының жоспары
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Тапсырмалар:
- •7 Тақырып: Корпоративтік табыс салығының есебі Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма: Төменде берілген мәліметтердің негізінде ұйымның жжт анықтап, ктс есептеу қажет:
- •8 Тақырып: Жылдық жиынтық табысты түзету. Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •9. Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •10. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар Емтихан сұрақтары
- •11. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі (слайдтар тізімі)
- •12. Арнайы мамандандырылған дәрісханалар
- •Дәрісханалар тізімі
12.2. Салық кезеңі.
Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады. Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады. Бұл ретте ұйымның әділет органында мемлекеттік тiркеуден өткен күнi оның құрылған күнi болып есептеледі. Егер ұйым күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
12.3. Салық декларациясы
Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзiнен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместi қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеушi, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты ашып көрсету жөнiндегi декларациядан және оған қосымшалардан тұрады. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.
Лекцияда пайдаланылған слайдтар:
1. Оңайлатынған декларацияны толтыру және тапсыру тәртібі
Бақылау сұрақтары:
ставка бойынша салық салу
Салық кезеңі.
Салық декларациясы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Проскурина В.П. Налоговая учетная политика (+CD): Практ. пособие. / В.П. Проскурина.- 2-е изд. доп. и перераб.- Алматы: "Издательство LEM", 2009.- 434 с.
2. Султанова Б.Б. Налоговый учет: Учеб. пособие. / Б.Б. Султанова.- Алматы: Экономика, 2007.- 250 с.;
3. Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане: Учебное пособие. / Ф.С.Сейдахметова.- Алматы: ТОО "Издательство LEM", 2002.- 160 с.;
13 тақырып Қосылған құн салығының есебі
13.1. Қосылған құн салығының түсінігі және салық төлеушілер.
13.2. ҚҚС бойынша есепке қоюға қойылатын талаптар және есепке қою куәлігі.
13.3. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт.
13.4. ҚҚС салығын есептеу, төлеу тәртібі және бюджетпен есептесу
13.1. Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы - қосылған қүн салығы (ҚҚС) болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нөтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады жөне салықты төлеуді сатып алушыға аударады.
ҚҚС - тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР-ның аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.
Бұл салықтың ерекшелігі - оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. Өз маңыздылығы жағынан ҚҚС-әмбебап салық. Ол тауардың сатылу бағасына енгізіледі және бұрын тауарды әкелушіге төлеген қосылған құн салығы сомасын алып тастап, оны бюджетке аударады. Сондай-ақ, ҚҚС берілген өндірістік кезендегі тауарға қосылған құнды ғана қозғайды. ҚҚС нақты салық болып табылады. Оның төленуі жасалынған келісім шарттың сипатымен ғана анықталады да, салық субъектісінің қаржылық жағдайын есепке алмайды.
ҚҚС төлеушілері болып Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар:
- дара кәсiпкерлер;
- мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар;
- қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
- сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;
- Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.
13.2. Кез-келген (12 айдан аспайтын) кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым мөлшері белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей ҚҚС бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.
Өткізу бойынша айналымның ең төменгі деңгейі (12 айдан аспайтын) кезеңнің соңғы айына белгіленген АЕК-тің 30 000 еселенген шамасын құрайды.
ҚҚС бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ ҚҚС салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады.
Тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей ҚҚС бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш берген жағдайда, мұндай тұлға салық органы оған ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік берген күннен бастап ҚҚС төлеушіге айналады. Тұлғаны ҚҚС бойынша есепке қойған кезде, оның есепке қойылған күніндегі тауарлар (негізгі құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
ҚҚС бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның ҚҚС төлеуші ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті, онда:
салық төлеушінің атауы және оның деректемелері;
2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
3) тұлға ҚҚС төлеуші болған күн көрсетіледі.
ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәліктің үлгісі қатаң есеп беру нысаны болып табылады және салық төлеушіге ақша төлетпей беріледі.
ҚҚС бойынша есепке қойылғаны жөніндегі куәлік ҚҚС төлеушіде сақталады. ҚҚС бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлік салық органына қайтарылуға тиіс. Егер ҚҚС төлеушінің соңғы 12 айлық кезендегі салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төменгі айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы. ҚҚС төлеуші мұндай құқықты өзін ҚҚС бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде 2 жыл өткеннен кейін пайдалана алады. Егер ҚҚС төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметі тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі 6 айдың аяқталуынан кешіктірмей, өзін ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.
Тұлға ҚҚС бойынша өзін есептен шығару туралы өтініш берген кезеңнен кейінгі салық кезеңінің алғашқы күнінен бастап ҚҚС төлеуші болуын тоқтатады.
13.3. Қосылған құн салығының салық салу объектісі болып ҚР шегінде жүзеге асырылатын тауарларды, атқарылатын жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді өткізу кещіндегі салық салынатын айналым және импортталатын тауарлар бойынша салық салынатын импорт табылады.
Салық салынатын айналым болып салық салынатын айналамдар мен өндірістің өз мұқтаждықтарына жіберілген айналымдарды қоспағанда ҚР шегінде тауарларды сату, жұмыстар мен қзыметтер орындау бойынша айналымдар мен ҚР қатысушысы болып табылатын Халықаралық шарттарда көзделген ережелеге сай анықталған айналымдар табылады. Ол айналымдарға мыналар жатады:
тауарларды сату;
тауарларды басқа тауарларға алмастыру;
тауарларды тегін беру;
активтерді жарғылық капиталға салу;
тауарларды комиссия шарты бойынша жөнелту;
жұмыстар орындау немесе қызмет көрсету, оның ішінде олардың тегін орындау;
мүлікті жалға беру;
жұмыс берушінің еңбек ақы есебінен оларға көрсеткен қызметтерінің құны;
ақпарат беру;
өңдеу бойынша қызмет көрсетулер;
байланыс қызметтері;
сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға келісім беру;
радио және телевизиялық қымет көрсетулер;
туризмді орналастыру бойынша қызметтер;
жүк вагондары мен контейнерлерді пайдалануға беруге байланысты қызметтер;
ҚР Салық Кодесінің 236 бабында көрсетілген басқа да қызметтер.
Тауарды, қызметті немесе жұмысты өткізу бойынша ҚҚС салынатын айналымды есептеу үшін міндетті түрде баға мен ҚҚС қалыптасу төртібін білу қажет. ҚҚС жанама салық ретінде, оған қалыптасудың ерекше тәртібі тән, нақты бір тауардың өндірілу кезеңінен бастап осы тәртіпті қарастырайық.
Мысалы:
1) «Айдын» ЖШС тілінген тақтайларды «Жиһаз фабрикасына» 100 000 теңгеге сатады.
Дт 1210 Кт 6010 = 100 000 тг:
Есептелінген қосылған құн салығы 12 000 тг; Дт 1210 Кт 3130.
«Айдын» ЖШС бюджетке 12 000 тг ҚҚС аударады Дт 3130 Кт 1030.
2) «Жиһаз фабрикасы» осы тақтайдан столдар дайындап, оны 220 000 теңгеге «Аян» сауда үйіне өткізді. Есептелінген қосылған құн салығы – 26 400 теңге. Осы кезеңде «Жиһаз фабрикасы» бюджетке 14400 (26400-12000) теңге ҚҚС төлейді.
3) «Аян» сауда үйі бұл столдарды «Жұлдыз» кәсіпорынына 360000 теңгеден өткізді. «Аян» сауда үйі бюджетке 16800 (43200-26400) теңге төлейді.
4) «Жұлдыз» кәсіпорыны бұл столдарды бөлшек саудада 400000 теңгеге сатты. Сонда соңғы кәсіпорын бюджетке 4 800 тг ҚҚС төлейді. (48000-43200).
Сонымен, тауарды өндіру және оны сатып алушыларға жеткізгенге дейінгі кезеңдерде, бюджет осы процеске қатысушы-кәсіпорындардан 48000 теңге (12000 + 14400 + 16800 + 4800) мөлшерінде бюджетке ҚҚС бойынша төлем алады. Бұл сома шот бойынша соңғы дүкен төлейтін салық сомасына тең, өз кезегінде оны сатып алушы дүкенге столдың сатып алу құнын төлеу кезінде төлейді.
ҚР-ның кеден заңдарына сөйкес декларациялануға тиісті, ҚР аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Тауар импорты - ҚР кеден заңдарына сәйкес ҚР-ң кеден аумағына еркін айналыс үшін тауарлар шығару.
Салық салынатын импорт мөлшеріне:
Тауарлардың кедендік құны (ТКҚ);
Кеден рәсімі үшін кедендік алым (КА);
Импорттық кедендік баж салығы (БС);
Тауарларды импорттау кезінде төленетін акциздер қосылады (А);
Тауарлар импорты кезіңде ҚҚС-ның сомасы келесі формуламен есептелінеді:
А) Кедендік баж салығы және акциз салынатын тауарлар бойынша: ҚҚС=(ТКҚ+КА+БС+А)*12%;
Б) Кедендік баж салығы салынатын,бірақ акциз салынбайтын тауарлар бойынша: ҚҚС=ТКҚ+КА+БС)*12%;
В) Кедендік баж салығы мен акциз салынбайтын тауарлар бойынша:
ҚҚС=(ТКҚ+КА)*12%.
ҚҚС ставкасы салық салынатын айналым мөлшерінің 12%-не тең болады. Салық салынатын импорт бойынша ҚҚС ставкасы салық салынатын импорт мөлшерінің 12%-не тең болады.
ҚҚС бойынша кейбір салық салынатын айналымдарға нөлдік ставка бойынша салық салынады. Нөлдік ставка бойынша салық салу дегеніміз нөлге тең мөлшерлі ҚҚС есептеу. Тауарларын нөлдік ставка бойынша өткізетін салық төлеушінің сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтары бойынша кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын жұмыстар немесе қызметтер бойынша салық сомасын есепке алуға (бюджетке төлемдерді азайтуға) бюджетке өтеуге құқығы бар.
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарга:
- түсті жөне қара металдар сынығының экспортын қоспағанда, экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады;
- халықаралық тасымалдарға байланысты орындалатын жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге нөлдік ставка бойынша ҚҚС салынады.
ҚР кеден зандарына сәйкес жүзеге асырылатын ҚР кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.
Күнтізбелік тоқсан ҚҚС бойынша есепті салық кезеңі болып табылады.
Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.
Декларациямен бір мезгілде салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері табыс етіледі, олар декларацияға қосымша болып табылады. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Қосылған құн салығын төлеуші бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.
Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін айқындалатын күні төленеді.
ҚҚС төлеуші тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асырған кезде сатып алушыға шот фактураны табыс етуге міндетті.
Шот-фактура барлық ҚҚС төлеушілер үшін міндетті құжат болып табылады. ҚҚС есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот фактурада:
1) шот-фактураның реттік нөмірі мен толтырылған күні;
2) тауарларды беруші мен алушының толық атауы, мекен-жайы және тіркеу нөмірі, сондай-ақ өнім берушінің ҚҚС бойынша есепке қойылғаны туралы куәліктің нөмірі;
3) өткізілетін тауарлардың атауы;
4) салық салынатын айналымның мөлшері;
5) ҚҚС ставкасы;
6) ҚҚС ескерілген тауарлар құны көрсетуге тиіс.
Шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазылады жөне берушінің басшысы мен бас бухгалтерінің, не осыған уәкілетті өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырады. Салық салынатын айналымның мөлшері шот-фактурада тауардың әрбір атауы бойынша болек көрсетіледі. Тауарлар құны және ҚҚС сомасы шот-фактурада ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетіледі.
Шот-фактураны рәсімдеу мынадай жағдайларда:
1) бухгалтерлік есеп жүргізуде негіздеме болатын бастапқы құжаттарды қолдана отырып, банктер арқылы халыққа көрсетілген коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айрылысуды жүзеге асырғанда;
2) жолаушыларды тасымалдау жол билеттерімен рәсімдегенде;
3) қолма-қол есеп айрысу арқылы халыққа тауарларды өткізген жағдайда, сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін берген кезде;
4) ҚҚС-нан босатылатын тауарлар табыс еткен кезде талап етілмейді.
Салық салынатын айналым бойынша есептелінген ҚҚС сомасы мен есепке алынған ҚҚС сомасы арасындағы айырма, яғни сатылған тауарлар, қызметтер мен жұмыстарға есептіліген ҚҚС сомасы мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша есепке алынған ҚҚС сомасының арасындағы айырма бюджетке төленуге тиісті ҚҚС болып табылады.
Есепке жатқызылуға тиіс ҚҚС сомасы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді, биологиялық активтері, сондай-ақ жылжымайтын мүліктерді қоса алғанда олар салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, онда олардың құнына есептелінген ҚҚС сомасы есепке жатқызылады.
ҚҚС есептеу және төлеуге байланысты төмендегідей бухгалтерлік жазулар беріледі:
№ |
Шаруашылық операциялары |
Дт |
Кт |
1 |
Сатылған өнімдер, жұмыстар мен қызметтер үшін табыс етілген шоттар бойынша есептелінген ҚҚС |
1210 |
3130 |
2 |
Есепке алынған ҚҚС сомасы арқылы төленуге тиісті ҚҚС сомасын азайту (есепке алынған ҚҚС сомасы) |
3130 |
1420 |
3 |
Бюджетке аударылған ҚҚС сомасы |
3130 |
1030 |
