Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК налог 13.11 учетпос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.2 Жылдық жиынтық табысты түзету.

Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:

1) тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтінді қоспағанда, дивидендтер;

2) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;

3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;

4) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен төленген кепілдікті және өтемақылық төлемдер бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;

5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар;

6) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар;

7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық және акционерлiк инвестициялық қорлар кастодиандардағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;

8) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;

9) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;

10) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры  мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;

11) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;

12) мақта (астық) қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы алып тасталуға жатады.

Тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде түзілген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға жатады. Салық төлеушi тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салық кезеңiнің басынан бастап жүргiзедi.

3.3 Жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі.

Салық Кодексіне сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiмге жатады. Салық Кодексінде көзделген жағдайларда шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс. Шегерiмдердi салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргiзедi. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады. Болашақтағы кезеңдердiң шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерiмге жатады. Табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген нормалар шегiнде шегерiмге жатады.  Егер шығыстардың бір және сол түрі шығыстардың бiрнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есеп-қисабы кезiнде бiр-ақ рет шегерiледi. Еге салық Кодексінің 103, 115-баптарында өзгеше белгіленбесе, таңылған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары шегерімге жатады. Құрылысқа алынған, құрылыс кезеңінде есепке жазылған кредиттер (қарыздар) үшін сыйақылар құрылыс объектісінің құнына енгізіледі. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі салықтық есепке алуды жүргізген жағдайда бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша шығыстарды шегерімге жатқызу осындай өкіл табыс еткен мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады. Салық төлеушінің құрылысқа, тіркелген активтерді сатып алуға арналған шығындары және капитал сипатындағы басқа да шығындар салық Кодексінің 116 – 125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылады.

Салық Кодексінің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде шеккен шығыстар шегерімге жатқызылуға жатады. Егер мәміле талаптарында салық төлеушінің өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер сапасына кепілдік беруі көзделсе, онда салық төлеушінің мәміледе белгіленген кепілдік беру мерзімі ішінде өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жою жөнінде жүргізген іс жүзіндегі шығыстарының сомасы осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатады. Салық Кодексінің 260-бабына сәйкес қосылған құн салығы жөніндегі декларацияның деректері бойынша есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы шегерімге жатқызылуға жатады. Қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етілген, қосылған құн салығы бойынша салық кезеңін қамтитын салық кезеңінде шегерім жүргізіледі. Салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару кезінде есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан, қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер шотына есепке жатқызылмаған, нөлдік ставкамен салық салынатын айналымдар бойынша қайтаруға ұсынылмаған сомасынан асып кетуі салық Кодексінің 230-баптың 2-тармағында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін шегерімге жатқызылуға жатады. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық төлеуші жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне, қызметкерлердің жыл ішіндегі орташа тізімдік санына сүйене отырып, бір қызметкерге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш шегінде төлеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүшелік жарналары шегерімге жатады. Егер салық Кодексінде өзгеше көзделмесе, төленуге жататыннан (төленгеннен) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын қолдану кезінде бухгалтерлік есепте активтердің және (немесе) міндеттемелердің өзгеруіне байланысты туындайтын шығыс, салық салу мақсатында шығыс ретінде қарастырылмайды. Туынды қаржы құралдары жөніндегі шығыстар осы Кодекстің ережелеріне сәйкес ескеріледі. Егер сенімгерлікпен басқарушыға мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелсе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының шығыстары, осы бөлімнің мақсатында осы сенімгерлікпен басқарушының шығыстарына қосылады.Салық төлеушінің салық Кодексінің 131 және 132-баптарына сәйкес шегерімдерді түзетуге құқығы бар.

Лекцияда пайдаланылған слайдтар:

1. Жылдық жиынтық табысқа кіретін табыс түрлері

2. Жылдық жиынтық табыс

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. (Салық Кодексі), Алматы: Юрист, 02.07. 2014 г. (548стр)

2. Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу,салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру:Оқу құралы.-Алматы:Экономика,2009ж.-354 бет. Жақыпбеков Д.С.

Бақылау сұрақтары : 1.Жылдық жиынтық табыс

2.Жылдық жиынтық табыс құрамы

3. Жылдық жиынтық табысты түзету

4. Құн өсімінен түсетін табыс

5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс

6. Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс