Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК налог 13.11 учетпос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6.4 Күмәнді талаптар бойынша шегерім

Салық төлеушiнiң күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызуы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде жүргізіледі:

1) талаптар туындауын растайтын құжаттардың болуы;

2) шегерімдерге жатқызу кезіне бухгалтерлік есепте талаптардың көрсетілуі не осындай талаптарды алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есептегі шығыстарға (есептен шығаруға) жатқызу.

Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, оған қосымша конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшірмесінің болуы қажет. Салық төлеушi жоғарыда көрсетілген шарттар сақталған кезде, конкурстық іс жүргізу аяқталғаны туралы сот ұйғарымы күшіне енген салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы. 

Күмәнді талаптар бұрын тауарлар өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыс деп танылған табыстың мөлшері шегінде шегерімге жатқызылады.

Егер салық төлеушi бұрын табыс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредит берушiге төлесе, онда жүргiзiлген төлемнiң шамасында шегерiм жасауға жол берiледi. Мұндай шегерiм төлем жасалған салық кезеңiнде бұрын табысқа жатқызылған шама шегiнде жүргізіледі.

Бұл шегерімдерді шегерімдерге жатқызу тәртібі салық Кодексінің сәйкес бұрын табыс деп танылған міндеттемелерді төлеген жағдайда да қолданылады.

Лекцияда пайдаланылағын слайдтар:

1. Дебиторлық қарыздар және оларды күмәнді талаптарға жатқызу тәртібі

2. Күмәнді талаптар бойынша шегерістер

3. Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі

4. Сыйақы бойынша шегерімдер

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Султанова Б.Б. Налоговый учет: Учеб. пособие. / Б.Б. Султанова.- Алматы: Экономика, 2007.- 250 с.;

2. Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу,салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру:Оқу құралы.-Алматы:Экономика,2009ж.-354 бет. Жақыпбеков Д.С

Бақылау сұрақтары:

1. Өкілдік шығыстар

2. Сыйақы бойынша шығыстар

3. Күмәнді талаптар бойынша шегерістер

4. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерістер

5.Дебитордың банкрот деп танылуы

7 тақырып Резервтік қорларға аударымдар, кепілдік беру жүйелеріне қатысушылардың сақтандыру сыйлықақылары мен жарналары бойынша шығындардың салық есебі. Кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған, ғылыми-зерттеу және ғылыми жұмыстарға арналған шығыстар бойынша салық есебі

7.1 Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер.

7.2 Кепілдік беру жүйелеріне қатысушылардың сақтандыру сыйлықақылары мен жарналары бойынша шығыстарды шегерудің салық есебі

7.3 Кен орындарын әзірлеу саладарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және салдарды жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдері.

7.4 Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерімдер

Лекцияның мақсаты: резервтік қорларға аударымдар және кепілдік беру жүйелеріне қатысушыларды сақтандыру бойынша, кен орындарын әзірлеу саладарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және салдарды жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдерін анықтау болып табылады

Қарастырылатын негізгі сөздер: банктік қарыз операциялар, сақтандыру ұйымдары, кен орындарын әзірлеу, ғылыми-техникалық жұмыс