- •Se 4309 салық есебі пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •5В050800-«Есеп және аудит», 5в050900-«Қаржы»
- •Құрастырушылар:
- •Баймаханова а.А.– оқытушы, статистика магистрі
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •1. Пән туралы мәліметтер
- •2. Пререквизиттер:
- •3. Постреквизиттер
- •5.2. Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •5.3. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •5.4 Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және шағын жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8. Әдебиеттер тізімі (Негізгі, қосымша)
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •9.3. Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8 . Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •5. « Салық есебі» пәнінің оқу - әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •6. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •1 Тақырып Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі орны - 1 сағат
- •1. 1 Қазақстан Республикасының Салық кодексі, оның құрылымы мен мазмұны.
- •1.2 Салық салу объектісі.
- •1.3 Салық есебін жүргізу және ұйымдастыру тәртібі.
- •2 Тақырып Ағымдағы салық есебінің регистрлерін жүргізу ерешеліктері, салық есебінің ережелері және салық есептілігі.
- •3 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының есебі және оның құрамы
- •3.1 Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының құрамына кіретін табыстары.
- •3.2 Жылдық жиынтық табысты түзету.
- •3.3 Жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі.
- •4 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерістер есебі
- •4.1 Шегерістер және оның құрамы
- •4.2 Еңбек ақы төлеу бойынша шығындардың есебі және оларды шегеріске жатқызу.
- •4.3 Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
- •5 Тақырып Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •5.1 Тіркелген активтер туралы түсінік.
- •5.2 Құндық балансты айқындау
- •6 Тақырып Өкілдік шығыстар, сыйақы және төленген күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша шегерімдердің салық есебі
- •6.1 Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
- •6.2 Сыйақы бойынша шегерімдер
- •6.4 Күмәнді талаптар бойынша шегерім
- •7.1 Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер.
- •7.3 Кен орындарын әзірлеу саладарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және салдарды жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдері.
- •7.4 Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерімдер
- •8.1 Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерімдердің салық есебі. Жазу
- •8.2. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерімдердің салық есебі.
- •8.3 Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегерудің салық есебі.
- •8.4 Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі.
- •9 Тақырып Салық салынатын табысты азайту және салық төлеушілердің кейбір санаттарын салық салудан босату және залалдардың салық есебі
- •9.1 Салық салынатын табысты азайту.
- •9.2 Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу.
- •9.3 Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу.
- •9.4 Залалдардың салық есебі
- •10 Тақырып Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және оны төлеу мерзімдері
- •10.1. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу.
- •10.2. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
- •11 Тақырып. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы
- •11.1. Төлем көзінен ұсталатын табыстардың салық есебі.
- •11.2. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі.
- •12 Тақырып. Салық ставкалары, салық кезеңі және салық декларациясы
- •12.1. Салық ставкалары.
- •12.2. Салық кезеңі.
- •12.3. Салық декларациясы
- •13.4 Ққс есептеу және төлеу тәртібі
- •15.2.Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері.
- •15.3. Патент негізінде салық салудың жалпы ережелері
- •15.4.Шаруа қожалықтарына салық салу
- •7. Семинар (практикалық )сабақтарының жоспары
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Тапсырмалар:
- •7 Тақырып: Корпоративтік табыс салығының есебі Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма: Төменде берілген мәліметтердің негізінде ұйымның жжт анықтап, ктс есептеу қажет:
- •8 Тақырып: Жылдық жиынтық табысты түзету. Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •9. Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •10. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар Емтихан сұрақтары
- •11. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі (слайдтар тізімі)
- •12. Арнайы мамандандырылған дәрісханалар
- •Дәрісханалар тізімі
5.2 Құндық балансты айқындау
Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
рет N |
топ N |
Тіркелген активтердің атауы |
1 |
2 |
3 |
1. |
І |
Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар |
2. |
ІІ |
Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықты қоспағанда, машиналар мен жабдық |
3. |
ІІІ |
Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар |
4. |
ІV |
Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдық |
І топтың әрбір объектісі кіші топқа теңестіріледі.
2. Әрбір кіші топ (І топтың), топ бойынша салық кезеңінің басында және аяғында кіші топтың (І топтың), топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады. І топтың құндық балансы кіші топтардың негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша құндық баланстарынан және осы Кодекстің 122-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құралған кіші топтың құндық балансынан тұрады.
3. Осы Кодекстің 122-бабына сәйкес салық кезеңінде жүргізілген түзетулерді ескеретін, салық кезеңінің бас кезіндегі кіші топтардың құндық балансы I топтың тіркелген активтерінің қалдық құны болып табылады.
4. Тіркелген активтер:
1) І топ бойынша - әрқайсысы топтың құндық балансының жекелеген кіші тобын құрайтын тіркелген активтер объектілері бойынша;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – топтардың құндық баланстары бойынша ескеріледі. 5. Түскен тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 118-бабына сәйкес айқындалатын құнға ұлғайтады.
6. Шығып қалған тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 119-бабына сәйкес айқындалатын құнға азайтады.
7. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы:
кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы алу алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы, алу осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансының мәні теріс болмауға тиіс.
8. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы: кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы қосу салық кезеңінде түскен тіркелген активтер алу салық кезеңінде шығып қалған тіркелген активтер қосу осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулер ретінде айқындалады.
9. Сенімгерлікпен басқарушы осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтер бойынша топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық баланстарын қалыптастыруға және осындай активтер бойынша осы Кодекстің 58-бабының 5-тармағы негізінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
10. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін және (немесе) одан кейін пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылмаған құн бөлігінде топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық балансын қалыптастыруға міндетті.
5.3 Жылдық жиынтық табыстан шегеріске жататын, тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу.
Тіркелген активтердің құны салық Кодексінде белгіленген тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатады. Әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормаларын қолдану жолымен, бірақ салық кезеңінің соңында кіші топтың, топтың құндық балансына шекті нормалардан жоғары болмайтындай етіп анықталады:
рет №
|
топ № |
Тіркелген активтердің атауы |
Амортизацияның шекті нормасы (%) |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
І |
Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар |
10 |
2 |
ІІ |
Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық |
25 |
3 |
ІІІ |
Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтар |
40
|
4 |
ІV |
Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары |
15 |
Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке анықталады.
Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 81 – 149-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі.
Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды:
тіркелген активтер деп тануға және олардың құнын салық кодексінің 116-122-баптарында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызуға немесе преференциялар объектілері деп тануға және олардың құнын салық Кодексінің 123-125-баптарында белгіленген талаптар сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдаланудың бірінші салықтық кезеңінде осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда амортизацияның екі еселенген нормалары бойынша амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құндық балансынан бөлек ескеріледі. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құндық балансына қосуға жатады. Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) өздерін пайдалану ерекшеліктеріне орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылатын;
2) салықтық есепте жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпайтын тіркелген активтерге ғана қолданылады.
Өтеусіз беруді қоспағанда, кiші топтың (І топ бойынша) тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн кіші топтың салық кезеңi соңындағы құндық балансы мөлшеріндегі сома І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады.
Осы кіші топтың құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.
Топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн тиісті кiші топтың немесе топтың салық кезеңi соңындағы құндық балансы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шегерімге жатқызылады.
Кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерiн өтеусіз берген кезде тиісті кiші топтың немесе топтың құндық балансы салық кезеңiнiң соңында нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.
Салық төлеушi кiші топтың (топтың) салық кезеңі соңындағы құндық балансының республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем соманы құрайтын шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.
Лекцияда пайдаланылған слайдтар:
1. Тіркелген активтер үшін амортизацияның шекті нормасы
2. Тіркелген активтерді топтар бойынша жіктеу кестесі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. (Салық Кодексі), Алматы: Юрист, 2013.04.12
2. Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу,салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру:Оқу құралы.-Алматы: Экономика,2009ж.-354 бет.Жақыпбеков Д.
Бақылау сұрақтары:
1. Тіркелген активтер туралы ұғым
2. Тіркелген активтер жіктемесі
3. Тіркелген активтер нормалары
4. Тіркелген активтердің амортизациясы
5. Құндық балансты айқындау
