Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК налог 13.11 учетпос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

Өзіндік жұмысты рәсімдеу кезінде мәтіндік құжаттарға қойылатын қолданыстағы талаптар мен жалпыға міндетті ережелерді басшылыққа алған жөн. Олардың негізгілері: курстық жұмыстың мәтіні стандартты беттің тікелей орналасуында сол жақтан -30 мм, оң жақтан-10 мм, жоғарыдан-20 және төменнен-20 мм қалдыра отырып бір жағына орналастырылады (210-297 мм). Жұмыс компьютерде терілген болуы немесе анық етіп жазылған қолжазба түрінде тапсырылады.

Егер де бет кестемен (көрнекі құралдармен) толық қамтылмаған болса, онда оған сонымен қатар мәтін орналастырылады. Бір ойдан екінші ойға өту кезінде мәтін жаңа абзацтан басталады, осыған байланысты абзацтық орын бес әріптік орынға тең.

Жұмыс бөлімдері нүктемен бөлінген араб сандарымен нөмірленеді: бірінші сан тарау номерін, екіншісі-бөлімнің номерін білдіреді.

Кіріспе, әр тарау (бөлімдерден басқа), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар жаңа беттен басталады.

Тарау, бөлім, кестелерді сызуға, сөзді атауларға жалғастыруға болмайды. Тарау атаулары неғұрлым үлкен шрифтермен, ал бөлімдердікі-әдеттегідей шрифтермен жазылады.

Тарау атауы мен келесі мәтіннің ара қашықтығы үш интервалға, тарау атауы мен алдыңғы мәтіннің соңғы жолы – төрт интервалға тең болуы керек. Тараулар жаңа беттен басталады.

Беттер парақтың оң жақ төменгі бұрышына көрсетіліп араб сандарымен нөмірленеді. Нөмірлену титул бетінен бастап соңғы қосымшаға дейін салыну керек.

Кестелер түсіну үшін қарапайым және қарастырылатын сұрақтың мазмұнын дұрыс ашуы тиіс. Шағын кестелерде көрсеткіштер ықшам көрінеді.

Әр кестенің алдында ортасында оның тақырыптық атауы жазылады, ал одан жоғары сол жағына – «Кесте» деген сөз және оның орналасу номері көрсетіледі. Сондықтан да «№» белгісі қойылмайды. Кесте әр тараудың шегінде (бөлім емес) нүктемен бөлінген араб санымен нөмірлейді, біріншісі – тарау нөмірін, екіншісі – кесте нөмірін көрсетеді. Мысалы: Кесте 1.2. (бірінші тараудың екінші кестесі). Сонымен қатар жұмыстың барлық шегінде (қосымшаға дейін) басынан аяғына дейін нөмірлеуге рұқсат етіледі. Кесте бірінші сілтемеден кейін мәтінде немесе келесі бетке орналастырылады. Оларды Өзіндік жұмысты бұрып қарамай оқуға болатындай немесе оны сағат тілімен бұрып оқуға болатындай орналастырады, бірақта керісінше емес. Кестеде өлшем бірліктері үшін арнайы графа қарастыру қажет емес. Оларды жазу немесе графа атауының соңында үтірмен бөле отырып көрсетеді.

Егер де қайталанатын графада мәтін бір сөзден тұрса, оны тырнақшамен ауыстыруға жол беріледі. Егер де қайталанатын мәтін екі немесе одан да көп сөздерден тұрса, онда бірінші қайталанғанда оны «сондай» сөзімен, ал одан әрі тырнақшамен ауыстырады. Тырнақшаның қайталанатын сан, белгі, математикалық символдармен бірге қоюға болмайды. Егер де кестенің қандай да бір жолында сандық немесе өзге де көрсеткіштер көрсетілмесе, онда оған сызықша (-), ал егер де қандай да жол немесе графа толтырылмаса – (х) қойылады.

Көрнекі материалдар (сызба, фотография, графиктер және т.б.) кестеге ұқсас атауы жазылып және екі араб санымен нөмірленеді, бірақ та одан айырмашылығы атауы көрнекі материалдан кейін жазылады. Сонымен қатар бірыңғай нөмірлеу болуы мүмкін. Көрнекі материалдар бірінші сілтемеден кейін немесе келесі бетке орналастырылады.

Атауда және мәтінде қысқартылған сөздерге рұқсат берілмейді. Ол тек мәтінде сәйкес стандарттар немесе жалпыға міндетті ережелер қойылған жағдайда болуы мүмкін. Мысалы: одан әрі – о.ә., жыл (жылдар) – ж (жж), миллион, миллиард – млн., млрд. Егер де тар мамандандырылған қысқартулар қолданылса, онда оны бірінші қолданғаннан кейін жақшаның ішінде толық жазылуын көрсеткен дұрыс, мысалы: АӨК (агроөнеркәсіптік кешен). Одан әрі мәтінде толық жазылуын қайталамау керек.

Әдебиет көздерінен үзінділер толықтай немесе көп мән беретін жекелеген сөздер келтірілуі мүмкін. Мұндай үзінділердің басы мен соңына тырнақша қойылады. Жеке редакцияда пайдаланылған материалдарға рұқсат етіледі, тек оның мағынасы сақталуы тиіс. Мұндай жағдайда тырнақша қойылмайды. Материалдың қай автордың жұмысынан алынғанын ескерткеннен немесе үзіндіден кейін пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі жұмыстың нөмірін және бетін білдіретін жақшаның ішінде нөмір көрсетіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімін барынша мәтінде пайдалану кезегі бойынша орналастырған дұрыс.

Әдеби көздер туралы мәлімет келесілерді кірістіруі керек:Автордың аты-жөні, кітаптың атауы (нұсқаудың), қай жерден басылғандығы, баспаның атауы, шығарылу жылы және пайдаланылған материалдың орналасқан беті.

Екі автор болған жағдайда олардың аты-жөні титул бетінде жазылу тәртібімен жазылады. Егер де автор саны үшеуден көп болса, олардың біріншісінің аты-жөні жазылып, «және басқалар» сөзі жалғанады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне кезеңдік басылымдардың (журнал, еңбек жинақтары) мақалаларын кірістіру кезінде келесі мәліметтер келтіріледі: автордың аты-жөні, мақала атауы, басылым аты және сериясы (бар болса), шығырылу жылы, басылымның томы және нөмірі, мақала орналасқан бет саны.

Өзіндік жұмыстың титульдық бетін рәсімдеу үлгісі қосымшада берілген (қосымша 1).

Өзіндік жұмысты қорғау тәртібі және бағалау саясаты

«Әдістемелік нұсқауда» қойылған талаптарға сай орындалған өзіндік жұмыс пән оқытушысының кеңесі бойынша түзетіледі және жетілдіріледі; оқытушы жұмысты жарамды деп тапқан жағдайда қорғалады.

Өзіндік жұмысты қорғау барысында студент таңдап алған тақырыбын өздігімен түбегейлі зерттегенін, барлық талданған әдеби-статистикалық материалдарды түгел меңгергенін, талдаудың негізгі қорытындыларын тұжырымдағанын, қойылған теориялық және практикалық сұрақтарға жауап бере алатынын дәлелдеп шығуы тиіс.

Өзіндік жұмысты қорғау нәтижесі бойынша студентке максимальды 100 балл, және өзіндік жұмысты орындамаған жағдайда «0» балл «қанағаттанарлық» немесе қойылады.

6. 1-ші аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары

  1. Салық салу объектісі

  2. Салық есебін жүргізу және ұйымдастыру тәртібі

  3. Қазақстан Республикасында қолданылатын салық мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер түрлері

  4. Салық кодексінің салық жүйесіндегі ролі

  5. Салық салу принциптері

  6. Салық салудың міндеттілігі принципі

  7. Салық салудың айқындылығы принципі

  8. Салық салудың әділдігі принципі

  9. Салық салудың әділдігі принципі

  10. Салық салудың біртұтастығы

  11. Салық салудың жариялылығы

  12. Салық саясаты

  13. Салық нысандар және оның түрлері

  14. Салық есептілігі

  15. Салық міндеттемесі және оның орындалуы

  16. Корпорациялық табыс салығы бойынша есеп

  17. Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының құрамына кіретін табыстары

  18. Қызметті, жұмысты, тауарды сатудан түсетін табыс және оны анықтау тәртібі

  19. Жылдық жиынтық табысты түзету

  20. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының түрлері

  21. Жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі

  22. Құн өсімінен түсетін табыстар

  23. Салық есебінің ережелері және тауарларды (жұмыс, қызмет) сату және өндіріске жұмсалған шығындар бойынша шегерістер

  24. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі және оларды шегеріске жатқызу

  25. Еңбек ақы төлеу бойынша шығындардың есебі және оларды шегеріске жатқызу

  26. Алдағы кезең шығындарын шегеріске жатқызу

  27. Тіркелген активтер туралы түсінік

  28. Тіркелген активтердің амортизациясының есебі

  29. Жылдық жиынтық табыстан шегеріске жататын, негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындардың салық есебі

  30. Пайыздар бойынша шығындардың есебі

7. 2 –ші аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары.

  1. Алынған несиелер (займ) үшін сыйлық төлеу бойынша шығындарды шегеріске жатқызу тәртібі

  2. Күдікті қарыздар туралы түсінік және оны талап ету

  3. Күдікті талаптар бойынша шегерімдердің салық есебі

  4. Геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды өндіру үшін дайындық жұмыстарын жасауға жұмсалатын шығындардың салық есебі

  5. жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерімдер

  6. Әлеуметтік салық есебі

  7. Әлеуметтік салықты төлеушілер

  8. Әлеуметтік төлемдер ретінде жұмсалатын шығындар бойынша шегерімдерінің салық есебі

  9. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың табысының есебі

  10. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдердіңсалық есебі

  11. Кепілдік беру жүйелеріне қатысушылардың сақтандыру сыйақылары мен жарналары бойынша шығыстарды шегерудің салық есебі

  12. Коммерциялық емес ұйымдардың табыстарына салық салу ерекшелігі

  13. Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерілетін салықтар

  14. Жылдық жиынтық табысқа кірмейтін өсімақылар және айыппұлдар

  15. Салық төлеушінің жылдық жиынтық табысты алумен байланысты кері бағамдық айырмашылық бойынша шегерістер

  16. Зияншылықтың салық есебі

  17. Кәсіпкерлік қызметке байланысты пайда болатын зияндардың есебі

  18. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын құрылыстарды сатқан кезде пайда болатын зияндардың есебі

  19. Бағалы қағаздарды сатып алған кезде пайда болатын зияндардың есебі

  20. Таза табыс есебінен жасалатын салық есебінің шығындары

  21. Шегеріске жатпайтын шығындардың салық есебі

  22. Салық кодексінен және басқа да бекітілген нақты нормадан жоғары шығындар

  23. Резидент емес тұлғалардың табыстарының салық есебі

  24. Резидент емес тұлғалардың жұмыс жүргізу үшін тұрақты мекеме құру арқылы табатын табыстарының салық есебі

  25. Резидент емес тұлғалардың жұмыс жүргізу үшін тұрақты мекеме құру арқылы табатын табыстарының салық есебі

  26. Жылдық жиынтық табыс туралы деклорация және одан жасалатын шегерістер, Табыс салығы бойынша есеп

  27. Салық есебін ұйымдастыру және салықтық есеп беруді құру тәртібі

  28. Салық салынатын табысты құру тәртібі

  29. Төлем көзінен ұсталатын табыстар

  30. Табыс салығы бойынша есепті, салық декларациясын табыс ету.