Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК налог 13.11 учетпос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

15.4.Шаруа қожалықтарына салық салу

Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы. Шаруа қожалықтары үшін арналған салық режимі біріңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру қайта өңдеу және өткізу қызметтерін қоспағанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және оны өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметіне қолданылады. Жеке меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында жер учаскелері болған жағдайда шаруа қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.

Күнтізбелік жыл біріңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.

Шаруа қожалықтары арнаулы салық режимін қолдану үшін осы режим қолданылатын бірінші жылдың 20-шы ақпанынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына өтініш табыс етеді.

Аталған мерзімде салықтық өтініштің табыс етілмеуі, салық төлеушінің бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.

Таңдап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды. Салықтық өтінішпен бір мезгілде мынадай құжаттардың:

  • Нотариат куәландырған немесе селолық атқарушы орган куәландырған жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарының көшірмесі;

  • Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген, нотариат куәландырған немесе селолық атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерін бағалау құнын айқындайтын актілердің көшірмелері табыс етіледі.

20 ақпаннан кейін құрылған шаруа қожалықтары мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алғаннан кейін 30 жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтінішті табыс етеді.

Арнаулы салық режимін қолдану ерікті түрде тоқтатылған кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өткізу есепті кезеңнен кейінгі айдан бастап салық кезеңінің осы режимді тоқтатудың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынылатын салық төлеушінің салықтық өтінішінің негізінде жүргізіледі.

Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.

Біріңғай жер салығын төлеушілер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің келесідей түрлерін төлеушілер болып табылмайды:

  • Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа қожалықтарының қызметінен түскен табыстан алынатын жеке табыс салығы;

  • Арнаулы салық режимін қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығы;

  • Арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

  • Белгілі бір объектілер бойынша көлік құралдары салығын;

  • Салық кодексінде анықталған объектілер бойынша мүлік салығын.

Бұдан басқа салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оларды есептеу, төлеу және салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Біріңғай жер салығын төлеушілер қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде беруге құқылы.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, біріңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің бөлек есебін жургізуге және кодексте белгіленген тәртіппен көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салық пен юджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.

Жер учаскесін бағалау құны біріңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектісі болып табылады.

Егістік бойынша біріңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай ставкаларды қолдану жолымен жүргізіледі:

№

Жер учаскелерінің алаңы, гектар

Салық ставкасы

1

2

3

1

2

3

4

5

500-ге дейін

501-ден 1000-ға дейін қоса алғанда

1000-нан 1500-ге дейін қоса алғанда

1501-ден 3000-ға дейін қоса алғанда

3000-нан жоғары

0,1%

500-гектардан бағалау құнының 0,1%

+500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,2%

1000 гектардан бағалау құнының

0,2% +1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау

құнының 0,3%

1500 гектардан бағалау құнының

0,3% +1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,4%

3000 гектардан бағалау құнының

0,4% +3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,5%

Жайлаулар, табиғи шабындықтар және басқа да жер учаскелері бойынша біріңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнының 0,1 пайыз ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

Шаруа қожалықтары жер пайдалану құқығындағы біріңғай жер салығын жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептейді. Жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін жер учаскесін бағалау құнын 12-ге бөлу және жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі айларының санына көбейту арқылы есептеледі.

Біріңғай жер салығын төлеушілер, әрбір қызметкер шаруа қожалығының басшысы кәмелетке толмаған мүшелері үшін айлық есептік көрсеткіштің 20 пайыз ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын айсайын есептеп отырады. Шаруа қожалығының кәмелетке толмаған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды. Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы заңға сәйкес әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады. Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде әлеуметтік салық сомасы 0-ге тең болады. Төлем көзінен ұсталатын біріңғай жер салығын әлеуметтік салықты жеке табыс салығын жер бетіндеі көздердің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару келесідей тәртіптерде жүргізіледі:

  • Салық кезеңінің 1-ші қаңтарынан 1-ші қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10-шы қарашасынан кешіктірілмей жүргізіледі;

  • Салық кезеңінің 1-ші қазанынан 31-ші желтоқсанына дейін есептелген соманы төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10-шы сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Біріңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 31-ші наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері арнаулы салық режимін дербес таңдауға құқылы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнауы салық режимі корпорациялық корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтк салыұты, жер салығын, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік салығын есептеудің ерекше тәртібін анықтайды.

Арнаулы салық режимі келесілерге қолданылады:

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, осы өндірілген өнімді қайта өңдеу және өткізу қызметтеріне;

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың толық кезеңді мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының, бал шаруашылығының өнімдерін өндіру, осы өндірген өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметтері;

  • Селолық тұтыну кооперативтерінің, яғни шаруа фермер қожалықтары осы кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу;

  • Селолық тұтыну кооперативтерінің, яғни шаруа фермер қожалықтары осы кооперативтің мүшелері болып табылатын шаруа немесе фермер қожалықтары өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу қызметтері.

Селолық тұтыну кооперативтеріне мыналар жатады:

  • Мүшелері, яғни пайшылары тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын селолық тұтыну кооперативтері;

  • Жиынтық жылдық табысының кемінде 90 пайызын ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, өткізу қызметтерін жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтері.

Келесілер арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ:

  • Еншілес ұйымдары, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар;

  • Арнаулы салық режимін қолданатын басқа да заңды тұлғалардың афферленген тұлғасы болып табылатын заңды тұлғалар;

  • Басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;

  • Құрылтайшысы бір уақытта арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалар;

  • Мүшелері басқа селолық кооперативтерінің мүшелері болып табылатын селолық тұтыну кооперативтері.

Арнаулы салық режимі салық төлеушілердің акцизделетін өнімді өндіру, қайта өңдеу, өткізу жөніндегі қызметтеріне қолданылмайды. Корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыны, мүлік салығын, көлік құралдары салығын, есептеуге арналған салық кезеңдері осы аталған салықтар мен төлемдердің жалпыға белгіленген тәртіптегі салық кезеңдерімен сәйкес анықтайды.

Салық төлеуші арнаулы салық режимін қолдану үшін ағымдағы күнтізбелік жылдың 20-шы ақпанынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар салықтық өтінішпен бір мезгілде нотариат куәландырған немесе селолық атқарушы органдар куәландырған жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін табыс етеді. Жаңадан құрылған және күнтізбелік жылдың 20-шы ақпанынан кейін жер учаскесіне құқық туындаған салық төлеушілер арнаулы салық режимін қолдану үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде салықтық өтінішті табыс етуі тиіс.

Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерн қолданғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралы салығының соммалары 70 пайызға азайтылуға жатады.

Лекцияда пайдаланылған слайдтар:

  1. Егістік бойынша біріңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай ставкаларды қолдану жолы

Бақылау сұрақтары:

  1. арнаулы салық режимін қолдану

  2. Салық органдары есеп-қисап пен есеп-қисапқа қоса берілетін құжаттар

  3. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану

  4. Шарттармен сәйкессіздік туындауы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Проскурина В.П. Налоговая учетная политика (+CD): Практ. пособие. / В.П. Проскурина.- 2-е изд. доп. и перераб.- Алматы: "Издательство LEM", 2009.- 434 с.

2. Султанова Б.Б. Налоговый учет: Учеб. пособие. / Б.Б. Султанова.- Алматы: Экономика, 2007.- 250 с.;

3. Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане: Учебное пособие. / Ф.С.Сейдахметова.- Алматы: ТОО "Издательство LEM", 2002.- 160 с.;