- •Se 4309 салық есебі пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •5В050800-«Есеп және аудит», 5в050900-«Қаржы»
- •Құрастырушылар:
- •Баймаханова а.А.– оқытушы, статистика магистрі
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •1. Пән туралы мәліметтер
- •2. Пререквизиттер:
- •3. Постреквизиттер
- •5.2. Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •5.3. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •5.4 Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және шағын жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8. Әдебиеттер тізімі (Негізгі, қосымша)
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •9.3. Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8 . Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •5. « Салық есебі» пәнінің оқу - әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •6. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •1 Тақырып Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі орны - 1 сағат
- •1. 1 Қазақстан Республикасының Салық кодексі, оның құрылымы мен мазмұны.
- •1.2 Салық салу объектісі.
- •1.3 Салық есебін жүргізу және ұйымдастыру тәртібі.
- •2 Тақырып Ағымдағы салық есебінің регистрлерін жүргізу ерешеліктері, салық есебінің ережелері және салық есептілігі.
- •3 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының есебі және оның құрамы
- •3.1 Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының құрамына кіретін табыстары.
- •3.2 Жылдық жиынтық табысты түзету.
- •3.3 Жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі.
- •4 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерістер есебі
- •4.1 Шегерістер және оның құрамы
- •4.2 Еңбек ақы төлеу бойынша шығындардың есебі және оларды шегеріске жатқызу.
- •4.3 Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
- •5 Тақырып Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •5.1 Тіркелген активтер туралы түсінік.
- •5.2 Құндық балансты айқындау
- •6 Тақырып Өкілдік шығыстар, сыйақы және төленген күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша шегерімдердің салық есебі
- •6.1 Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
- •6.2 Сыйақы бойынша шегерімдер
- •6.4 Күмәнді талаптар бойынша шегерім
- •7.1 Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер.
- •7.3 Кен орындарын әзірлеу саладарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және салдарды жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдері.
- •7.4 Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерімдер
- •8.1 Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерімдердің салық есебі. Жазу
- •8.2. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерімдердің салық есебі.
- •8.3 Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегерудің салық есебі.
- •8.4 Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі.
- •9 Тақырып Салық салынатын табысты азайту және салық төлеушілердің кейбір санаттарын салық салудан босату және залалдардың салық есебі
- •9.1 Салық салынатын табысты азайту.
- •9.2 Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу.
- •9.3 Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу.
- •9.4 Залалдардың салық есебі
- •10 Тақырып Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және оны төлеу мерзімдері
- •10.1. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу.
- •10.2. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
- •11 Тақырып. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы
- •11.1. Төлем көзінен ұсталатын табыстардың салық есебі.
- •11.2. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі.
- •12 Тақырып. Салық ставкалары, салық кезеңі және салық декларациясы
- •12.1. Салық ставкалары.
- •12.2. Салық кезеңі.
- •12.3. Салық декларациясы
- •13.4 Ққс есептеу және төлеу тәртібі
- •15.2.Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері.
- •15.3. Патент негізінде салық салудың жалпы ережелері
- •15.4.Шаруа қожалықтарына салық салу
- •7. Семинар (практикалық )сабақтарының жоспары
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Тапсырмалар:
- •7 Тақырып: Корпоративтік табыс салығының есебі Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма: Төменде берілген мәліметтердің негізінде ұйымның жжт анықтап, ктс есептеу қажет:
- •8 Тақырып: Жылдық жиынтық табысты түзету. Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •9. Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •10. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар Емтихан сұрақтары
- •11. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі (слайдтар тізімі)
- •12. Арнайы мамандандырылған дәрісханалар
- •Дәрісханалар тізімі
13.4 Ққс есептеу және төлеу тәртібі
КҚС - тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР-ның аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.
Бұл салықтың ерекшелігі - оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында.
Өз маңыздылығы жағынан ҚҚС-әмбебап салық. Ол тауардың сатылу бағасына енгізіледі және бұрын тауарды әкелушіге төленген қосылған құн салығы сомасын алып тастап, оны бюджетке аударады. Сондай-ақ, ҚҚС берілген өндірістік кезендегі тауарға қосылған құнды ғана қозғайды. ҚҚС нақты салық болып табылады. Оның төленуі жасалынған келісім шарттың сипатымен ғана анықталады да, салық субъектісінің қаржылық жағдайын есепке алмайды.
ҚҚС мемлекет мүддесін ойлайды. Мемлекет оның көмегімен таза табысты алу мүмкіндігі үшін сауда және өндіріс делдаддарынан сол таза табыстың бір бөлігін алып отырады. Қалған барлық жанама салықтар тәрізді ҚҚС фискалдық рол атқарады, оның енгізілуі барысында мемлекетік бюджеттің табыс көзінің сенімді жөне тиімді түрімен қамтамасыз ету мақсаты көзделді. Ол бюджеттік қаржының инфляциялық құнсыздануын тоқтатудың тиімді қүралы болып табылады, өйткені ол салық түсімдері мен бағаның өсуін тікелей байланыстырып отырады. Қосылған қүн салығының көмегімен тұтыну аумағы реттеледі жөне оның өндірісі дамыған еддерде қолданылу мақсаты «экономиканың қызып кетуін» болдырмас үшін төлем қабілеті мен сұранысты төмендетуге ұмтылу болып табылады. Сөйтіп, ққс артық өндіру дағдарысымен күресудің сенімді құралы, экономиканы мемлекеттік реттеудің тетігі бола алады. Мұнымен қоса, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде ққс, әдеттегідей, тауарлардың барлық түрлерін қамтитын жалпы шара ретінде енгізілген. ҚҚС-ның экономикалық мазмұнындағы басқа маңызды бір сәт, оған жоғары салықтық тәртіп, өзін-өзі реттеу, өндірістік шығындар салығынан автоматты түрде босану тән.
Тұтынымға салынатын салық пен өткізуге салынатын салықтан гөрі, ҚҚС қолайлы, өйткені:
- олардан бас тарту қиын;
- олармен байланысты экономикалық заң бұзушылық сирек кездеседі;
- табыс табуға деген ынтаны аз төмендетеді;
- тауар тапшылығы болмаған кезде, оны алмастыратын тауарларды қосқанда, олар тұтынушыларға тандау мүмкіндігін береді.
ҚҚС-ғын қолданушы елдер бірнеше мақсатты ескереді:
- мемлекеттік кірістердің кепілдігін жоғарылату (қамтамасыз ету);
- салық ауыртпалығын соңғы түтынушыға аудару;
- салықты төлеуден жалтарушыларға бақылауды күшейту;
- өндірістік циклдің әр кезеңінде табыс алудың мүмкіндігі.
Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілер ҚР-да қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған жеке кәсіпкерлер, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар, қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар болып табылады.
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.
Қосылған құн салығының салық салу объектісі болып ҚР шегінде жүзеге асырылатын тауарларды, атқарылатын жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді өткізу жөніндегі салық салынатын айналым және импортталатын тауарлар бойынша салық салынатын импорт табылады.
ҚҚС бойынша есепке қою және есептен шығару. Кез-келген (12 айдан аспайтын) кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды (жүмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым мөлшері белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей ққс бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.
Өткізу бойынша айналымды анықтау кезінде салықтан босатылатын өткізу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлік көсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.
Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі (12 айдан аспайтын) кезеңнің соңғы айына белгіленген АЕК-тің 30 000 еселенген шамасын құрайды.
ҚҚС бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ ққс салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға ққс бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады.
Тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жүмыс күнінен кешіктірмей ққс бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш берген жағдайда, мұндай тұлға салық органы оған ққс бойынша есепке қою туралы куәлік берген күннен бастап ққс төлеушіге айналады. Тұлғаны ққс бойынша есепке қойған кезде, оның есепке қойылған күніндегі тауарлар (негізгі құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша ққс сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
ҚҚС бойынша есепке қойылғаны жөніндегі куәлік ҚҚС төлеушіде сақталады. ҚҚС бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлік салық органына қайтарылуға тиіс. Егер ққс төлеушінің соңғы 12 айлық кезендегі салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін ққс бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге қүқылы. ҚҚС төлеуші мұндай құқықты өзін ққс бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде 2 жыл өткеннен кейін пайдалана алады. Егер ҚҚС төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметі тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі 6 айдың аяқталуынан кешіктірмей, өзін ққс бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.
Тұлға ҚҚС бойынша өзін есептен шығару туралы өтініш берген кезеңнен кейінгі салық кезеңінің алғашқы күнінен бастап ққс төлеуші болуын тоқтатады.
Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.
Декларациямен бір мезгілде салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері табыс етіледі, олар декларацияға қосымша болып табылады. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Қосылған құн салығын төлеуші бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.
Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін айқындалатын күні төленеді. Қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын айналымнан 12 %.
ҚҚС салынатын тауарлар өткізуді жүзеге асыратын ҚҚС төлеуші аталған тауарларды алушы тұлғаға ҚҚС көрсетілген шот-фактураны беруге міндетті.
ҚҚС есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада:
- шот-фактураның реттік номірі мен толтырылған күні;
- тауарларды беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты не толық атауы, мекен-жайы және тіркеу номірі, сондай-ақ өнім берушінің ққс бойынша есепке қойылғаны туралы куәліктің нөмірі;
- өткізілетін тауарлардың атауы;
- салық салынатын айналымның мөлшері;
- ҚҚС ставкасы;
- ҚҚС бойынша есепке алынған тауарлар құны көрсетуге тиіс.
Шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазылады жөне берушінің басшысы мен бас бухгалтерінің, не осыған уәкілетті өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырады. Салық салынатын айналымның мөлшері шот-фактурада тауардың әрбір атауы бойынша болек көрсетіледі. (Сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша тауар өткізу жағдайларын). Тауарлар құны және ққс сомасы шот-фактурада ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетіледі.
Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды аткаруды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қосымша кұнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе көрсетілген кызметтерді кабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетті. Егер де КҚС сомасы шот-фактурасында көрсетілсе, онда оған 1420 шоты дебеттеліп, 1250, 3310, 3210 шоттары кредиттеледі.
ҚҚС есептеу кезінде 1210, 2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің» шоты дебеттеледі де, 3130 «Қосылған құн салығы» шоты кредиттеледі. Содан 1210 шотының кредитінен 3130 шотының дебетіне есепке алынады. Айырмашылығы бюджетке аударылады және оған дебет 3130 «Қосылған құн салығы» кредит 1030 «Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары» шотының кредиті бойынша бухгалтерлік жазу беріледі.
Лекцияда пайдаланылған слайдтар:
ҚҚС жанама салық ретінде, оған қалыптасудың ерекше тәртібі тән, нақты бір тауардың өндірілу кезеңі және есептеп шығару жолдары
Бақылау сұрақтары:
ҚҚС ставкасы
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
Қосылған құн салығы
Салық салынатын импорт мөлшері
тауарлар экспорты
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Проскурина В.П. Налоговая учетная политика (+CD): Практ. пособие. / В.П. Проскурина.- 2-е изд. доп. и перераб.- Алматы: "Издательство LEM", 2009.- 434 с.
2. Султанова Б.Б. Налоговый учет: Учеб. пособие. / Б.Б. Султанова.- Алматы: Экономика, 2007.- 250 с.;
3. Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане: Учебное пособие. / Ф.С.Сейдахметова.- Алматы: ТОО "Издательство LEM", 2002.- 160 с.;
14 тақырып. Әлеуметтік салық есебі
14.1. Салық төлеушілер мен салық салу объектілері.
14.2. Әлеуметтік салық бойынша декларация.
14.3. Салық бойынша бюджетпен есептесу.
14.1 Әлеуметтік салық - мемлекетте алынатын тікелей жеке салық болып табылады. Әлеуметтік салық үш бірдей бюджеттен тыс қор төлемдерін алмастырып, Қазақстан салық жүйесіне айтарлықтай жаңғырту әкелді. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медециналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударылымдарының орнына енгізілген.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдеде енгізілген әлеуметтік салықтың ставкалары мынадай болған еді:
Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өзi үшiн тиісті қаржы жылына арналған републикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің екi еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi. Салық есептілігін табыс етуді уақытша тоқтата тұру кезеңінде оларға қолданылмайды.
Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi.
Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелерi үшiн тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң әлеуметтiк салықты есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап туындайды.
1. Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады. 2. Есептi айда әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесi айға ауыстырылады.
Құрылымдық бөлiмшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртiбi 1. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салықтың негiзінде есептеледi. 14.2. Төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелер үшiн тиiстi бюджеттерге әлеуметтiк салық төлеудi құрылымдық бөлімшенің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады. Әлеуметтік салықтың ставкасы 11%.
Әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салықтың негiзінде есептеледi. Төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелер үшiн тиiстi бюджеттерге әлеуметтiк салық төлеудi құрылымдық бөлімшенің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Лекцияда пайдаланылған слайдтар:
Әлеуметтік салық - мемлекетте алынатын тікелей жеке салық
Бақылау сұрақтары:
Әлеуметтік салық
Салық төлеушілер мен салық салу объектілері.
Арнаулы салық режимдерi
Әлеуметтік салықтың ставкасы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Проскурина В.П. Налоговая учетная политика (+CD): Практ. пособие. / В.П. Проскурина.- 2-е изд. доп. и перераб.- Алматы: "Издательство LEM", 2009.- 434 с.
2. Султанова Б.Б. Налоговый учет: Учеб. пособие. / Б.Б. Султанова.- Алматы: Экономика, 2007.- 250 с.;
3. Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане: Учебное пособие. / Ф.С.Сейдахметова.- Алматы: ТОО "Издательство LEM", 2002.- 160 с.;
15 тақырып. Арнаулы салық режимдері
15.1.Жалпы ережелер. Арнаулы салық режимді қолдану ерекшеліктері.
15.2.Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері.
15.3.Патент негізінде салық салудың жалпы ережелері
15.4.Шаруа қожалықтарына салық салу
.Жалпы ережелер. Арнаулы салық режимді қолдану ерекшеліктері.
Арнаулы салық режимдері мынадай түрлерге бөлінеді:
патент негізінде арнаулы салық режимін;
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қамтитын шағын бизнес субъектiлерi үшін арнаулы салық режимі;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;
ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну коопертивтері үшін арнаулы салық режимі.
Салық төлеуші осы бөлімде белгіленген жағдайларда және тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.
Осы бөлімді қолдану мақсатында жалпыға бiрдей белгiленген тәртіп деп есептеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, осы бөлімде белгіленген тәртіпті қоспағанда, олар бойынша осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық есептілігін табыс ету тәртібі түсініледі.
Патент – төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат. Патент нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Патент жоғалған жағдайда салық төлеушiнің өтiнiшi бойынша телнұсқа берiледi. Берiлген патенттердi (патенттердің телнұсқаларын) тiркеудi салық органдары патенттердi тiркеу (беру) журналында жүргiзедi.
Тiркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.
