Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК налог 13.11 учетпос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

11 Тақырып. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы

11.1. Төлем көзінен ұсталатын табыстардың салық есебі.

11.2. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі.

Лекцияның мақсаты: ұсталатын табыс салығы және корпоративтік табыс салығын есептеу ерекшеліктері

Қарастырылатын негізгі сөздер: салық ставкасы, салықты есептеу

11.1. Төлем көзінен ұсталатын табыстардың салық есебі.

      Төлем көзінен ұсталатын табыстарға, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мыналар:        1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;        2) осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, резидент еместердің осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалатын, осындай резидент еместердің тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары;       2-1) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, резидент еместің филиалына, өкілдігіне немесе тұрақты мекемесіне төленетін табыстар;       3) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін сыйақы жатады.        Мыналар: 

1) мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақы;  2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына, өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға қорларға және орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін инвестициялық табыстар;  3) сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы; 

4) лицензия негізінде банктік қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

5) кредиттік серіктестіктерге төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;  6) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компанияларына секьюритилендіру мәмілелері үшін төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы; 

  7) резидент банкке төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы; 

  8) резидент лизинг берушіге төленетін қаржы лизингі бойынша сыйақы; 

  9) репо операциялары бойынша сыйақы;

10) микрокредиттік ұйымдарға төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы;

 11) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға;

12)  бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арқылы заңды тұлғаларға төленетін борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

13) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға төленетін депозиттер бойынша сыйақыға төлем көзiнен салық салынуға жатпайды.      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, банктің еншілес ұйымына кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.