Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК налог 13.11 учетпос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

4 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерістер есебі

4.1 Шегерістер және оның құрамы

4.2 Еңбек ақы төлеу бойынша шығындардың есебі және оларды шегеріске жатқызу.

4.3 Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі

Лекцияның мақсаты: жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерімдер, олардың түрлері және оларды салықтық есепте көрсету тәртібі туралы толық мағлұмат беру.

Қарастырылатын негізгі сөздер: шегерістер, салық төлеуші, еңбекақы, іссапар шығыстары

4.1 Шегерістер және оның құрамы

Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiмге жатады. 

Кодексте көзделген жағдайларда шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс. 

Шегерiмдердi салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргiзедi. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.        Болашақтағы кезеңдердiң шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерiмге жатады.        Табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген нормалар шегiнде шегерiмге жатады. 

Егер шығыстардың бір және сол түрі шығыстардың бiрнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есеп-қисабы кезiнде бiр-ақ рет шегерiледi. 

Егер осы Кодекстің 103, 115-баптарында өзгеше белгіленбесе, танылған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары шегерімге жатады.        Құрылысқа алынған, құрылыс кезеңінде есепке жазылған кредиттер (қарыздар) үшін сыйақылар құрылыс объектісінің құнына енгізіледі. 

      Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі салықтық есепке алуды жүргізген жағдайда бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша шығыстарды шегерімге жатқызу осындай өкіл табыс еткен мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады.        Салық төлеушінің құрылысқа, тіркелген активтерді сатып алуға арналған шығындары және капитал сипатындағы басқа да шығындар осы Кодекстің 116-125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылады.        Осы Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде шеккен шығыстар шегерімге жатқызылуға жатады. 

     Егер мәміле талаптарында салық төлеушінің өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер сапасына кепілдік беруі көзделсе, онда салық төлеушінің мәміледе белгіленген кепілдік беру мерзімі ішінде өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жою жөнінде жүргізген іс жүзіндегі шығыстарының сомасы осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатады. 

Шегерімдердің құрамы:

  1. Қызметкерлерден іс-сапарлар кезінде өтемақылар сомасы бойынша;

  2. Өкілдік шығыстар сомасы бойынша;

  3. Сыйақы бойынша;

  4. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша;

  5. Резервтік қорларға аударымдар бойынша;

  6. Кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған шығындар бойынша;

  7. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығындар бойынша;

  8. Кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың сақтандыру сыйлықақыларымен жарналары бойынша;

  9. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша;

  10. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеулерге және оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша және жер қойнауын пайдаланудың басқа да шығыстары бойынша және жер қойнауын пайдаланудың басқа да шығыстары;

  11. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымаларының әдісімен уранды өндіруге дайындық жұмыстарына кеткен шығыстар;

  12. Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстандық кадрларды оқытуға және аймақтың әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары;

  13. Теріс бағамдық айырма соманың оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;

  14. Тіркелген активтер бойынша шығыстар;

  15. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша шығыстар