- •Se 4309 салық есебі пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •5В050800-«Есеп және аудит», 5в050900-«Қаржы»
- •Құрастырушылар:
- •Баймаханова а.А.– оқытушы, статистика магистрі
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •1. Пән туралы мәліметтер
- •2. Пререквизиттер:
- •3. Постреквизиттер
- •5.2. Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •5.3. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •5.4 Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және шағын жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8. Әдебиеттер тізімі (Негізгі, қосымша)
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •9.3. Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8 . Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •5. « Салық есебі» пәнінің оқу - әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •6. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •1 Тақырып Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі орны - 1 сағат
- •1. 1 Қазақстан Республикасының Салық кодексі, оның құрылымы мен мазмұны.
- •1.2 Салық салу объектісі.
- •1.3 Салық есебін жүргізу және ұйымдастыру тәртібі.
- •2 Тақырып Ағымдағы салық есебінің регистрлерін жүргізу ерешеліктері, салық есебінің ережелері және салық есептілігі.
- •3 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының есебі және оның құрамы
- •3.1 Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының құрамына кіретін табыстары.
- •3.2 Жылдық жиынтық табысты түзету.
- •3.3 Жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі.
- •4 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерістер есебі
- •4.1 Шегерістер және оның құрамы
- •4.2 Еңбек ақы төлеу бойынша шығындардың есебі және оларды шегеріске жатқызу.
- •4.3 Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
- •5 Тақырып Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •5.1 Тіркелген активтер туралы түсінік.
- •5.2 Құндық балансты айқындау
- •6 Тақырып Өкілдік шығыстар, сыйақы және төленген күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша шегерімдердің салық есебі
- •6.1 Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
- •6.2 Сыйақы бойынша шегерімдер
- •6.4 Күмәнді талаптар бойынша шегерім
- •7.1 Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер.
- •7.3 Кен орындарын әзірлеу саладарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және салдарды жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдері.
- •7.4 Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерімдер
- •8.1 Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерімдердің салық есебі. Жазу
- •8.2. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерімдердің салық есебі.
- •8.3 Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегерудің салық есебі.
- •8.4 Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі.
- •9 Тақырып Салық салынатын табысты азайту және салық төлеушілердің кейбір санаттарын салық салудан босату және залалдардың салық есебі
- •9.1 Салық салынатын табысты азайту.
- •9.2 Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу.
- •9.3 Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу.
- •9.4 Залалдардың салық есебі
- •10 Тақырып Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және оны төлеу мерзімдері
- •10.1. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу.
- •10.2. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
- •11 Тақырып. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы
- •11.1. Төлем көзінен ұсталатын табыстардың салық есебі.
- •11.2. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі.
- •12 Тақырып. Салық ставкалары, салық кезеңі және салық декларациясы
- •12.1. Салық ставкалары.
- •12.2. Салық кезеңі.
- •12.3. Салық декларациясы
- •13.4 Ққс есептеу және төлеу тәртібі
- •15.2.Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері.
- •15.3. Патент негізінде салық салудың жалпы ережелері
- •15.4.Шаруа қожалықтарына салық салу
- •7. Семинар (практикалық )сабақтарының жоспары
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Тапсырмалар:
- •7 Тақырып: Корпоративтік табыс салығының есебі Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма: Төменде берілген мәліметтердің негізінде ұйымның жжт анықтап, ктс есептеу қажет:
- •8 Тақырып: Жылдық жиынтық табысты түзету. Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •9. Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •10. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар Емтихан сұрақтары
- •11. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі (слайдтар тізімі)
- •12. Арнайы мамандандырылған дәрісханалар
- •Дәрісханалар тізімі
6 Тақырып Өкілдік шығыстар, сыйақы және төленген күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша шегерімдердің салық есебі
6.1. Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
6.2. Сыйақы бойынша шегерімдер
6.3 Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерім.
6.4 Күмәнді талаптар бойынша шегерім.
Лекцияның мақсаты: ұйымдағы өкілдік шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар есебінің салықтық есепте есепке алыну ерекшеліктерін жан-жақты қарастыру және уақытында төленбеген және талап ету мерзімі өткен күмәнді міндеттемелерді салықтық есепке алу ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады.
Қарастырылатын сөздер: өкілдік шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар, төленген күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша шығыстар
6.1 Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
1. Өкілдік шығыстарға мынадай:
1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау мақсатында;
2) салық төлеушінің атқарушы органдарынан басқа, директорлар кеңесінің, өзге басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу мақсатында, көрсетілген іс-шаралардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатады. Өкілдік шығыстарға аталған тұлғаларды көлікпен қамтамасыз етуге, келіссөздер уақытында тамаққа, ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылар көрсететін қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да жатады.
Бос уақытты, көңіл көтеруді немесе демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатпайды және олар шегерiмге жатпайды.
2. Өкiлдiк шығыстар осы Кодекстің 163-баптың 2-тармағында көрсетілген салық салуға жататын қызметкердің табыстары бойынша жұмыс берушінің шығыстар сомасының 1 процентінен аспайтын мөлшерде шегерімге жатқызылады.
6.2 Сыйақы бойынша шегерімдер
1. Сыйақы шегерімі осы баптың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Осы баптың мақсатына орай мыналар сыйақылар болып танылады:
1) осы Кодекстің 12-бабында айқындалған сыйақылар;
2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
3) өзара байланысты тарапқа кепілдік үшін төлемақы.
2. Сыйақыны шегеру мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі: (А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г), мұнда:
А – Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген соманы қоспағанда, осы баптың 1-тармағында айқындалған сыйақы сомасы;
Б – Д көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, өзара байланысты тарапқа төленетін сыйақы сомасы; В – Б көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетін сыйақы сомасы; Г – В көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, кепілдіктерді, кепілгерлікті немесе қамтамасыз етудің өзге нысанын орындаған жағдайда депозитке немесе қамтамасыз етілген кепілдікке, кепілгерлікке немесе өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етуінің өзге нысанына берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленетін сыйақы сомасы;
Д – Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы;
ШК – шекті коэффициент;
ЖК – жеке капиталдың орташа жылдық сомасы;
МС – міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.
А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезінде құрылысқа алынған және құрылыс кезеңіне есепке жазылған сыйақылар алып тасталады.
Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсатына орай тәуелсіз тарап деп танылады. 3. Осы баптың 2-тармағының мақсатына орай:
1) жеке капиталдың орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айының соңындағы жеке капиталдың орташа арифметикалық сомасына тең. Жеке капиталдың орташа жылдық сомасының теріс мәні осы баптың мақсаты үшін нөлге тең деп танылады; 2) міндеттемелердің орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айындағы міндеттемелердің орташа арифметикалық ең көп сомасына тең. Міндеттемелердің орташа жылдық сомасын есептеу кезінде мыналар:
салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
қызметкерлердің жалақысы және өзге де табыстары;
өзара байланысты тараптан алынатын табыстарды қоспағанда, болашақ кезеңдердің табыстары; сыйақылар мен комиссиялар;
дивидендтер бойынша есепке жазылған міндеттемелер есеп-қисапқа алынбайды; 3) шекті коэффициент қаржылық ұйымдар үшін – 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін 4-ке тең. 4. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы баптың 2-тармағының мақсатына орай осы тұрақты мекеменің активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бұл ретте, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы тармақтың қолданылу мақсатына орай осы тұрақты мекеме оқшауландырылған және жеке заңды тұлға болғандай және өзі тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғадан тәуелсіз әрекет ететіндей түрде қарастырылады. 6.3 Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерім
Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ қызметкерлердің есебіне жазылған табыстар мен басқа да төлемдер бойынша туындаған және туындаған күнінен бастап үш жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады.
Көрсетілген міндеттемелер олардың туындауы күніне қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда осы міндеттемелердің бұрын шегерімге жатқызылған сомасына барабар түрде қалпына келтiрiлуге жататын қосылған құн салығын қоспағанда, осы міндеттемелердің бұрын шегерімге жатқызылған сомасы шегінде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
Күмәндi талаптар деп заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесiнде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішiнде қанағаттандырылмаған талаптар танылады. Өткiзiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеушi-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәндi талаптар болып танылады.
