Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК налог 13.11 учетпос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5. Баөж-на қойылатын талаптар және шағын жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Студенттің өзіндік зерттеу жұмысы оқу үрдісінің негізгі түріне жатады, ғылыми – зерттеу сипатына ие. Орындалған жұмыстың сапасы теориялық дайындық деңгейін, салалар, жекелеген кәсіпорындар қызметін экономикалық талдаудың методологиясы мен әдістемесін меңгеру деңгейін, олардың құқықтық аспектілерін, сондай-ақ олардың биліктің түрлі деңгейдегі органдарымен өзара әрекеттерін көрсетеді.

Студенттің өзіндік зерттеу жұмысының мәні – студенттің жинастырылған ресми, әдеби-статистикалық және болжамдық материалдарды жүйелі түрде саралап, талдап, одан алынған тұжырымдар мен қорытындыларды таңдап алынған тақырыпты терең ашу үшін белгілі бір логикалық сәйкестілікке келтіруге және осылардың барлығын өз пікірінше орындап жазуға үйрету болып табылады.

Зерттеу жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқау студентттердің тақырыптық бағыттарын анықтау мақсатын, орындау мақсаты мен міндеттерін, мазмұнына, көлеміне, рәсімделуіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ кафедра және оқытушылар тарапынан дайындық жетекшілігін ұйымдастыруды кірістіреді.

Әдстемелік нұсқау зерттеу жұмысының тақырыптарының өзектілігін, оның ғылыми деңгейі мен орындау сапасын жүйелі жоғарлатуды қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, әдістемелік нұсқау алдағы оқу процесінде студенттік ғылыми жұмыстардың тартымдылығы мен дербестігін дамытуды ынталандыруы қажет.

Өзіндік зерттеу жұмыс студенттің бір семестрдегі орындайтын ғылыми жұмысы болып табылады және өзінің мақсаты бар:

  1. мамандық бойынша теориялық білімді жүйелеу, нығайту және кеңейту және бұл білімді нақты ғылыми, техникалық, экономикалық және өзге де міндеттерді шешу кезінде қолдану;

  2. дербес жұмысты жүргізу жетістіктерін дамыту және қарастырылатын сұрақтарды шешу кезінде зерттеу және сынау әдістемесін игеру;

  3. қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника және мәдениеттің жағдайында дербес жұмыс үшін студенттердің дайындық деңгейін анықтау.

Өзіндік жұмыста келесілер көрініс табуы тиіс:

  • студент дайындығының жалпы деңгейі;

  • дербес ғылыми – зерттеу жұмысының жетістіктерін меңгеру деңгейі;

  • зерттеу саласы үшін таңдап алынған арнайы білім негізі;

  • кәсіпорын экономикасының қазіргі заманғы проблемаларымен практикалық байланыс;

  • ғылымның өзекті проблемаларымен байланысы;

  • ғылыми жұмыс әдістемесін жүргізу.

Өзіндік жұмыстың көлемі 20 беттен кем болмауы тиіс.

Өзіндік жұмысты орындау студенттің осы пәнге дайындығымен тығыз байланысты. Өзіндік жұмыс реферат тақырыбының жалғасы болуы тиімді деп саналады. Бұл бұрыннан жиналған материалдарды пайдалануға және зерттеу сапасы мен маңыздылығын көтеруге мүмкіндік береді және болашақта диплом жұмысын орындаудағы бастама болып табылады.

Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны

Жұмыстың ғылыми-зерттеу және әдістемелік базасы студенттің нақты социологиялық зерттеулердің нәтижесі, нормативтік, есепік және жоспарлы құжаттары, сондай-ақ оқу және өндірістік тәжірибе болуы тиіс.

Өзіндік жұмыс келесідей тараулардан тұруы керек:

  • Мазмұны

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Қорытынды

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Әр тарау зерттеудің негізгі мазмұнын үздіксіз және логикалық тұрғыдан ашатын параграфтарға бөлінеді.

Өзіндік жұмыстың Кіріспесінде (2-3 бет) келесідей аспектілер көрініс табуы қажет:

  • Тақырыпты таңдауды, оның өзектілігін, ғылыми және практикалық маңызын негіздеу;

  • Жұмыстың негізгі мақсатын, міндетін анықтау;

  • Зерттеудің теориялық негізін, базалық әдістерін және әдістемесін анықтау.

Кіріспені барлық жұмысты аяқтағаннан кейін жазу керек, себебі мұндай жағдайда жұмыстың мәнін қысқартылған формада көрсетуге болады.

Негізгі бөлім екі тараумен қарастырылған жөн. Олардың әрқайсына тоқталып кетейік.

І тарау теориялық бағытқа ие. Мұнда әдебиетте зерттелетін мәселенің мәні мен мазмұны қалай түсінілетіні, жекелеген авторлар қандай маңызды процесс белгілерін немесе құбылыстарын бөліп көрсететіндігі, ғалымдар мен практиктердің көзқарасы бойынша қандай жағдайда сол немесе өзге процесс, сол немесе өзге құбылыс тиімді қиылысады, оның қызмет етуінің нормативтік-құқықтық негіздері туралы қысқаша әдебиетке шолу берілуі керек. Жекелеген параграфтар ретінде тақырыптың теориялық негіздері қарастырылады. Тараудың үлгілік көлемі 8-10 бет.

ІІ тарау нақты объекті мысалында (кәсіпорын, сала, қызмет түрі) зерттелетін проблеманың нақты жағдайының сипаттамасынан тұруы тиіс. Зерттеу бөлігі жасалған зерттеулер жазбасынан, алынған мәліметтерді талдаудан тұрады. Өзіндік жұмыстың мазмұнына оның текстік бөлігімен қатар графикалық және көрнекі материалдар кіруі тиіс. Зерттелетін кәсіпорынның құрылымы, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалуы тиіс. Зерттелетін нақты мәліметтер кемінде 3 жылды қамтуы тиіс. Талдау тарауында ұйымның салық есебі мен бухгалтерлік есебінің табысы мен шығындарын есептеп, салық салынатын табысты анықтап, ұйымның мәліметтері бойынша корпоративті табыс салығының декларациясын толтыру.Тараудың материалдары 7-9 беттен тұрады.

Студент өзінің жұмысында зерттелетін объекті шегінен шығып, тұтастай саланы қамтуы керек.

Өзіндік жұмыстың аяқталу бөлімінде өндіріске ұсынылған ұсынысты енгізуден келетін экономикалық тиімділікті көрсететін есептеулерді келтірген дұрыс.Тақырыптың және зерттеу объектілердің әртүрлі сипатымен қатар қорытынды тарау талдау тарауынан жазбаның мазмұны мен формасының жоғары дербестігімен ерекшеленеді. Маңыздылығы бойынша үшінші тарау шешуші болып табылады, оның үлесіне өзіндік жұмыстың негізгі бөлігі келеді және 7-9 беттен тұрады.

Қорытындыда әрекет етіп тұрған жағдайдың қорытындысы түрінде зерттеудің қорытындысы қысқаша беріледі. Қорытындыда студент жалпы жұмыс бойынша жалпы қорытынды жасайды, олардың теориялық және практикалық маңыздылығын, практикалық қызметте алынған нәтижелерді пайдалану мүмкіндігін көрсетеді.

Қорытындыда жұмыстың мазмұны көрсетіліп, қысқа, анық және нақты қалыптасқан болуы тиіс. Олар кіріспеде қойылған міндеттердің қалай шешілгені, қандай резервтер анықталғандығы, оларды неғұрлым толық пайдалану үшін қандай нақты ұсыныстар жасалғандығын көрсетуі тиіс.

Мәтін жазбасы кемінде 20-дан кем емес көздерден тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімімен аяқталады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі студенттің қарастырылатын мәселе бойынша негізгі ғылыми-теориялық жұмыстармен (монография, ғылыми мақалалар, жариялымдар т.б.) қаншалықты кеңінен танысқандығын дәлелдейді. Тізімге жұмыста үзінділері берілген әдебиеттер ғана емес, сонымен қатар бұл мәселе бойынша студенттің оқыған және қарастырған барлық әдебиеттер кірістіріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің рәсімделуі қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес алфабиттік тәртіппен немесе сілтеме жасалған ретпен жасалады.

Әдебиеттермен жұмыс істеу. Әдебиетті талдау үшін экономист-классиктердің еңбектерін, сәйкес проблеманы зерттеу әдістемесіне арналған жұмыстарды, зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттерді оқу қажет. Әдебиетті жүйеленген оқу нәтижесінде ғылым мен тәжірибенің мәліметтері негізінде оң тәжірибесі көрінетін сілтеме жасалады, шаруашылық жүргізудің тәжірибесіндегі жетіспеушіліктер мен қате теориялар мәні көрсетіледі, қойылған міндеттер бойынша қорытындылар жасалады.

Егерде, қосымша бар болса, онда текстік материалдар, жұмыстың жазба бөлігінің графикалық және көрнекі материалдар бөлігі берілуі мүмкін. Қосымша әдетте жекелеген беттерде рәсімделеді, нөмірленеді және олардың әрқайсысының өзінің тақырыптары бар.

Мазмұны бет саны көрсетілген жұмыс жоспарына сәйкес келеді.