Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК налог 13.11 учетпос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

7.3 Кен орындарын әзірлеу саладарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және салдарды жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдері.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табыстан салдарды жою қорына аударымдар сомасын шегеруге құқығы бар. Көрсетілген шегерімге жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа іс жүзінде жүргізген аударымдардың мөлшерінде жол беріледі. 

     Салдарды жою қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленеді. 

      Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушының салдарды жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы оған жол берілген немесе ол анықталған және жойылмаған және осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен асып кеткенде, жер қойынауын пайдаланушының сол салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.        2. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңі ішінде кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға іс жүзінде шеккен шығыстары, салдарды жою қорының арнайы депозиттік шотта орналастырылған қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды қоспағанда, сол шығыстарды шеккен салық кезеңінде шегерімге жатады.       3. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнайы депозиттік шотқа аударылған, қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдардың сомасын жылдық жиынтық табыстан шегеруге құқығы бар.        Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі, сондай-ақ қор қаражатын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.        Осы мақсаттарға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган салық төлеушінің қалдықтарды орналастыру полигондарының салдарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы оған жол берілген салық кезеңіндегі салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.

7.4 Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерімдер

Тіркелген активтерді сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстардан және капитал сипатындағы басқа шығыстардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар шегерімдерге жатады. Осындай шығыстарды шегерімге жатқызуға ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмысқа арналған техникалық тапсырма және осындай жұмыстардың аяқталған кезеңдерін қабылдап алу актілері негіз болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомасы, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу жөнiндегi шығыстар және салық Кодексіне сәйкес шегерiмге жататын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердің жеке тобын құрайды. Көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Амортизациялық аударымдардың сомасы салық кезеңінің аяғында, осы бапта көзделген амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасына жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 проценттен аспайтын амортизация нормаларын қолдану арқылы есептеледі.

Жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызмет аяқталған жағдайда амортизацияланатын активтер тобының соңғы салық кезеңінің аяғында қалыптасқан құндық балансы шегерімге жатады.

Коммерциялық табудан кейінгі өндіру:

1) барлауға арналған, сондай-ақ пайдалы қазбалардың бекітілмеген қорлары болғанда бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкілеттік берілген мемлекеттік органы қорларды бекіткеннен кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталуын;

2) қосымша геологиялық зерттеуді және геологиялық-экономикалық қайта бағалауды талап ететін қорларды қоса алғанда, пайдалы қазбаларының қорлары мемлекеттік баланста есепте тұратын және осы мақсаттарға уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – егер мұндай жұмыстар келісімшарттың жұмыс бағдарламасымен көзделсе және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілсе, осы келісімшарттардың жасалу күнінен бастап пайдалы қазбаларды өндірудің басталуын білдіреді.

Осы көрсетілген шығыстар жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арнап жасалған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша:

1) жылдық жиынтық табысты түзетуге сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тастауға жататын табыстарды қоспағанда, геологиялық зерттеуді және өндіруге дайындық жұмыстарын жүргізу кезеңінде алынған;

2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін өндірілген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған;

3) жер қойнауын пайдалану құқығының бір бөлігін өткізуден алынған табыстарының сомасына азайтылады.

Бұл белгіленген тәртіп жер қойнауын пайдалану құқығын алуға байланысты салық төлеуші шеккен материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығыстарға да қолданылады.

Лекцияда пайдаланылған слайдтар:

1. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңі

2. Жер қойнауын пайдалану мәселелері

Бақылау сұрақтары:

  1. Резервтік қорларға аударымдар

  2. Сақтандыру резервтерiн құру тәртiбi

  3. Кен орындарын әзірлеу саладарын жоюға арналған шығыстар

  4. Салдарды жою қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі

Пайдаланылғын әдебиеттер:

1. Қалдыбаев Е.К. Салықтық бақылау: теориясы және жүргізу әдісі: Оқулық. / Е.К. Қалдыбаев, Л.К. Маткаримова.- Алматы: "Дәуір", 2011.- 288 б.

2. ҚР Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. (Салық Кодексі), Алматы: Юрист, 2014.04.12

8 тақырып Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге, оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар және жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға, өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арнлаған шығыстары бойынша шегерімдердің салық есебі және теріс бағамдық айырма сомасының бағамдық айырма сомасынан асып кетуін және салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімінің салық есебі

8.1. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерімдердің салық есебі.

8.2. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерімдердің салық есебі.

8.3 Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегерудің салық есебі.

8.4 Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі.

Лекцияның мақсаты: Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге, оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар және жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға, өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арнлаған шығыстары бойынша шегерімдердің салық есебі және теріс бағамдық айырма сомасының бағамдық айырма сомасынан асып кетуін және салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімінің салық есебі туралы толық ақпарат беру

Қарастырылатын негізгі сөздер: табиғи ресурстар, геологиялық зерттеу, жер қойнауын пайдаланушы, қазақстандық кадрларды оқыту, теріс бағамдық айырма, міндетті төлемдер