Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК налог 13.11 учетпос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

11.2. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі.

Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын төленетiн табыс сомасына осы Кодекстiң 147-бабының 3-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен айқындайды.

      Салық агентi осы Кодекстiң 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, 143-бабында көрсетілген табыстарды төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты табысты төлеу нысаны мен орнына қарамастан, ұстап қалуға мiндеттi.       Заңды тұлға құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің осындай құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті деп өз шешімімен тануға құқылы.

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.       Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.        Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төленетін (төлеуге жататын) табыстардан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Лекцияда пайдаланылған слайдтар:

1. Корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі

Бақылау сұрақтары:

  1. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы

  2. Төлем көзінен ұсталатын табыс

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Проскурина В.П. Налоговая учетная политика (+CD): Практ. пособие. / В.П. Проскурина.- 2-е изд. доп. и перераб.- Алматы: "Издательство LEM", 2009.- 434 с.

2. Султанова Б.Б. Налоговый учет: Учеб. пособие. / Б.Б. Султанова.- Алматы: Экономика, 2007.- 250 с.;

3. Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане: Учебное пособие. / Ф.С.Сейдахметова.- Алматы: ТОО "Издательство LEM", 2002.- 160 с.;

12 Тақырып. Салық ставкалары, салық кезеңі және салық декларациясы

12.1. Салық ставкалары.

12.2. Салық кезеңі.

12.3. Салық декларациясы.

Лекцияның мақсаты: шаруашылық жүргізуші субъектілердің салық төлеу кезеңдері, салық ставкалары және салық декларациясын толтырып, өткізу тәртібі

Қарастырылатын негізгі сөздер: салықты есетеу, салықты төлеу, салық декларациясы, салық ставкалары

12.1. Салық ставкалары.

     Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген тәртiппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 20 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады. 

    Егер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы ауыл шаруашылығы өнімін, бал ара шаруашылығы өнімін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынған жағдайда, мұндай табыс проценттік ставка бойынша салық салынуға жатады.

      Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстар төлем көзiнен 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.        Резидент еместердiң осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 1) – 8), 10) – 29) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына, сондай-ақ осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген табыстарға осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.

     Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса осы Кодекстiң 199-бабында белгiленген тәртiппен 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.