- •Se 4309 салық есебі пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •5В050800-«Есеп және аудит», 5в050900-«Қаржы»
- •Құрастырушылар:
- •Баймаханова а.А.– оқытушы, статистика магистрі
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •1. Пән туралы мәліметтер
- •2. Пререквизиттер:
- •3. Постреквизиттер
- •5.2. Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •5.3. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •5.4 Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және шағын жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8. Әдебиеттер тізімі (Негізгі, қосымша)
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •9.3. Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8 . Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •5. « Салық есебі» пәнінің оқу - әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •6. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •1 Тақырып Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі орны - 1 сағат
- •1. 1 Қазақстан Республикасының Салық кодексі, оның құрылымы мен мазмұны.
- •1.2 Салық салу объектісі.
- •1.3 Салық есебін жүргізу және ұйымдастыру тәртібі.
- •2 Тақырып Ағымдағы салық есебінің регистрлерін жүргізу ерешеліктері, салық есебінің ережелері және салық есептілігі.
- •3 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының есебі және оның құрамы
- •3.1 Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының құрамына кіретін табыстары.
- •3.2 Жылдық жиынтық табысты түзету.
- •3.3 Жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі.
- •4 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерістер есебі
- •4.1 Шегерістер және оның құрамы
- •4.2 Еңбек ақы төлеу бойынша шығындардың есебі және оларды шегеріске жатқызу.
- •4.3 Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
- •5 Тақырып Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •5.1 Тіркелген активтер туралы түсінік.
- •5.2 Құндық балансты айқындау
- •6 Тақырып Өкілдік шығыстар, сыйақы және төленген күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша шегерімдердің салық есебі
- •6.1 Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
- •6.2 Сыйақы бойынша шегерімдер
- •6.4 Күмәнді талаптар бойынша шегерім
- •7.1 Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер.
- •7.3 Кен орындарын әзірлеу саладарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және салдарды жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдері.
- •7.4 Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерімдер
- •8.1 Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерімдердің салық есебі. Жазу
- •8.2. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерімдердің салық есебі.
- •8.3 Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегерудің салық есебі.
- •8.4 Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі.
- •9 Тақырып Салық салынатын табысты азайту және салық төлеушілердің кейбір санаттарын салық салудан босату және залалдардың салық есебі
- •9.1 Салық салынатын табысты азайту.
- •9.2 Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу.
- •9.3 Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу.
- •9.4 Залалдардың салық есебі
- •10 Тақырып Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және оны төлеу мерзімдері
- •10.1. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу.
- •10.2. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
- •11 Тақырып. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы
- •11.1. Төлем көзінен ұсталатын табыстардың салық есебі.
- •11.2. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі.
- •12 Тақырып. Салық ставкалары, салық кезеңі және салық декларациясы
- •12.1. Салық ставкалары.
- •12.2. Салық кезеңі.
- •12.3. Салық декларациясы
- •13.4 Ққс есептеу және төлеу тәртібі
- •15.2.Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері.
- •15.3. Патент негізінде салық салудың жалпы ережелері
- •15.4.Шаруа қожалықтарына салық салу
- •7. Семинар (практикалық )сабақтарының жоспары
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Тапсырмалар:
- •7 Тақырып: Корпоративтік табыс салығының есебі Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма: Төменде берілген мәліметтердің негізінде ұйымның жжт анықтап, ктс есептеу қажет:
- •8 Тақырып: Жылдық жиынтық табысты түзету. Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •9. Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •10. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар Емтихан сұрақтары
- •11. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі (слайдтар тізімі)
- •12. Арнайы мамандандырылған дәрісханалар
- •Дәрісханалар тізімі
15.2.Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері.
Кодекстiң 428, 429, 433-баптарында белгiленген талаптарға сай келетiн дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар осы Кодекстiң мақсаттары үшiн шағын бизнес субъектiлерi деп танылады.
Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
Кодекстің 85-бабында көрсетілген табыстардан корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеу және олар бойынша салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудің төменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
3) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.
Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтізбелік екі жыл қолданылғаннан кейiн ғана арнаулы салық режимiне қайта ауысуға болады.
Арнаулы салық режимiн:
1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкiлдiктерінің;
әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объетілері бар салық төлеушiлердің;
басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың;
құрылтайшысы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның бір мезгілде құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.
Арнаулы салық режимдері мынадай қызмет түрлеріне:
1) акцизделетiн өнiмдi өндiруге;
2) консультациялық, қаржылық, бухгалтерлiк қызметтерге;
3) мұнай өнiмдерiн өткiзуге;
4) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;
5) жер қойнауын пайдалануға қолданылмайды.
15.3. Патент негізінде салық салудың жалпы ережелері
Патент негізіндегі арнаулы салық режимі мынадай талаптарға сай келетін:
Қызметкерлердің еңбегңн пайдаланбайтын;
Жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;
Салық кезеңіндегітабысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.
Салық кезеңі
Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
Қолдану шарттары
Дара кәсіпкерлер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.
Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады.
Дара кәсіпкерлердің салықтық өтініші осы тармақта аталған мерзімдерде табыс етпеуі, олардың жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімі деп саналады. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға салықтық өтінішпен бір мезгілде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша птаент алуға арналған есеп-қисап (осы тарауда қолдану мақсатында бұдан әрі-есеп- қисап ) табыс етіледі.
Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса беріледі.
Есеп қисапты электронды түрде табыс ететін салық төлеушілер аталған құжаттарды табыс етпейді.
Кезекті патентті алуға арналған есеп-қисап патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға салықтық өтінішті табыс етпестен осының алдындағы патенттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.
Салық органдары есеп-қисап пен есеп-қисапқа қоса берілетін құжаттар табыс етілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде патент беруді жүргізеді немесе уәкілетт іорган белгілеген нысан бойынша патен беруден бас тарту туралы шешім шығарады. Шешім екі данада рәсімделеді, оның біреуін салық төлеушігі қол қойылып тапсырылады.
Салық төлеушінің осы кодексте 428,429- баптарында аталған талаптарға сай келмеуі патент беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Патент кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәләк көрсетәлмейінше, патент жарамсыз болады.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде кәсіпкерлік қызмет уақытша тоқтатыла тұрған жағдайда, дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына осы кодекстің 74- бабында белгіленген тәртіппен салықтық өтініш табыс етеді.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату салықтық өтініш негізінде немесе осы баптың 7- тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануды ерікті түрде тоқтату кезінде салықтық өтініш патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін шарттар туындаған жағдайда, дара кәсіпкер:
Шарттармен сәйкессіздік туындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде, арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы салықтық өтінішті; егер нақты табысы осы Кодекстің 429- бабы 3)тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асып түсетін болса, асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге;
Осындай шарттар туындаған айдан кейінгі айдан бастап осы кодексте белгіленген тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режиміне ауысуға міндетті.
Салық органына салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.
Патент құнын есептеу салық салу обьектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставка ны қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:
Патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде- жеке табыс салығы;
“Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.
Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен сомаға қосыша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті.
Аталған есеп –қисаптың негізінде бұрын берілген патенттің орнына жаңа патент беріледі.
Егер патенттің қолданылу мерзімінің ішінде нақты табыс есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшеріне жетпесе, дара кәсіпкер азаю сомасына қосымша есеп-қисапты табыс етуге құқылы. Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен салық органы жүргізген хорнометражды зерттеуден кейін жүргізіледі.
Іс жүзінде алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429- бабында белгіленген шекті табыс сомасынан асып түскен жағдайда, патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін патент құны осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген жағдайларда салық салудың өзге режиміне ауысу күніне дейін осы баптың 1- тармағында белгіленген ставка бойынша есептеледі.
Дара кәсіпкерді іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептелуге жатпайды.
Оңайлатылған декларация негізінде салық салу ерекшеліктері және бюджетпен есеп айырысу
Жалпы ережелер
Мынадай шарттарға сай келетін шағын бизнес субьектілері:
Дара кәсіпкерлер үшін :
Дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бес адам болса;салық кезеңі ішіндегі шекті табысы 10000 мың теңгені құраса;
Заңды тұлғалар үшін:
Қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса; салық кезеңі ішіндегі шекті табысы 25000 мың теңгені құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.
Салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Қолдану шарттары
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеуші, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңі басталғанға дейін салықтық өтінішті табыс етеді.
Қайта құрылған дара кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға арналған салықтық өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемелекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді.
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мемелекеттік тіркелген күні аталған салық төлеуші үшін арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні болып табылады.
Салық төлеушінің осы тармақта атлаған мерзімде салықтық өтінішті табыс етпеуі, оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.
Салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнаулы салық режимін қолдану туралы және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді салық төлеуші салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады. Шешім екі данада рәсімделеді.
Салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешімді алу үшін салық төлеуші салық органына келмеген жағдайда, бір данасы салық төлеушіге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген шешім салық төлеушіге ол почта байланысының ненмесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылдаса, аталған режимді тоқтатуды салық органы салықтық өтініш берілген айдан кейінгі айдан бастап жүргізеді.
Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.
Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеу
Салықтарды оңайлатылған негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу обьектісіне есепті салық кезеңінде 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Егер есепті кезеңнің қорытындалары бойынша қызметкерлердің орташа айлық жалақысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының, дара кәсіпкерлерде кемінде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1- тармағына сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5 проценті мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге жатады.
Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу мерзімдері
Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей табыс етеді.
Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде есепеті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірілмей жүргізілдеді.
Бұл ретте жеке табыс салығы- оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының ½ мөлшерінде, әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының міндеттті әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының ½ бөлігі мөлшерінде төленуге жатады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.
Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.
