- •Se 4309 салық есебі пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •5В050800-«Есеп және аудит», 5в050900-«Қаржы»
- •Құрастырушылар:
- •Баймаханова а.А.– оқытушы, статистика магистрі
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •1. Пән туралы мәліметтер
- •2. Пререквизиттер:
- •3. Постреквизиттер
- •5.2. Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •5.3. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •5.4 Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және шағын жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8. Әдебиеттер тізімі (Негізгі, қосымша)
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •9.3. Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •Өзіндік жұмыстың тақырыптары:
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •8 . Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •5. « Салық есебі» пәнінің оқу - әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •6. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •1 Тақырып Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі орны - 1 сағат
- •1. 1 Қазақстан Республикасының Салық кодексі, оның құрылымы мен мазмұны.
- •1.2 Салық салу объектісі.
- •1.3 Салық есебін жүргізу және ұйымдастыру тәртібі.
- •2 Тақырып Ағымдағы салық есебінің регистрлерін жүргізу ерешеліктері, салық есебінің ережелері және салық есептілігі.
- •3 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының есебі және оның құрамы
- •3.1 Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының құрамына кіретін табыстары.
- •3.2 Жылдық жиынтық табысты түзету.
- •3.3 Жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі.
- •4 Тақырып Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерістер есебі
- •4.1 Шегерістер және оның құрамы
- •4.2 Еңбек ақы төлеу бойынша шығындардың есебі және оларды шегеріске жатқызу.
- •4.3 Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
- •5 Тақырып Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •5.1 Тіркелген активтер туралы түсінік.
- •5.2 Құндық балансты айқындау
- •6 Тақырып Өкілдік шығыстар, сыйақы және төленген күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша шегерімдердің салық есебі
- •6.1 Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
- •6.2 Сыйақы бойынша шегерімдер
- •6.4 Күмәнді талаптар бойынша шегерім
- •7.1 Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер.
- •7.3 Кен орындарын әзірлеу саладарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және салдарды жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдері.
- •7.4 Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерімдер
- •8.1 Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерімдердің салық есебі. Жазу
- •8.2. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерімдердің салық есебі.
- •8.3 Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегерудің салық есебі.
- •8.4 Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі.
- •9 Тақырып Салық салынатын табысты азайту және салық төлеушілердің кейбір санаттарын салық салудан босату және залалдардың салық есебі
- •9.1 Салық салынатын табысты азайту.
- •9.2 Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу.
- •9.3 Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу.
- •9.4 Залалдардың салық есебі
- •10 Тақырып Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және оны төлеу мерзімдері
- •10.1. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу.
- •10.2. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
- •11 Тақырып. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы
- •11.1. Төлем көзінен ұсталатын табыстардың салық есебі.
- •11.2. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі.
- •12 Тақырып. Салық ставкалары, салық кезеңі және салық декларациясы
- •12.1. Салық ставкалары.
- •12.2. Салық кезеңі.
- •12.3. Салық декларациясы
- •13.4 Ққс есептеу және төлеу тәртібі
- •15.2.Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері.
- •15.3. Патент негізінде салық салудың жалпы ережелері
- •15.4.Шаруа қожалықтарына салық салу
- •7. Семинар (практикалық )сабақтарының жоспары
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Тапсырмалар:
- •7 Тақырып: Корпоративтік табыс салығының есебі Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •2 Тапсырма: Төменде берілген мәліметтердің негізінде ұйымның жжт анықтап, ктс есептеу қажет:
- •8 Тақырып: Жылдық жиынтық табысты түзету. Тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру:
- •Тапсырмалар:
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы
- •5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •9. Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Есеп және аудит кафедрасы
- •Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •10. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар Емтихан сұрақтары
- •11. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі (слайдтар тізімі)
- •12. Арнайы мамандандырылған дәрісханалар
- •Дәрісханалар тізімі
2 Тақырып Ағымдағы салық есебінің регистрлерін жүргізу ерешеліктері, салық есебінің ережелері және салық есептілігі.
2.1 Салық есептілігі және оның түрлері.
2.2 Салық есептілігін жасау ерекшеліктері.
2.3 Салық есебін табыс ету.
2.4 Салық есебінің ережелері. Есеп құжаттамасын жасау және сақтау.
Лекцияның мақсаты: Ағымдағы салық есебінің регистрлерін жүргізу ерешеліктері, салық есебінің ережелері және салық есептілігін ұйымдастыру тәртібін қарастыру болып табылады.
Қарастырылатын негізгі сөздер: салық есептілігі, салық декларациясы, салық төлеуші, салық агенті, салу объектісі
2.1 Салық есептілігі дегеніміз салық төлеуші, салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.
Салық есептілігіне осы тармақта көрсетілген мынадай құжаттар, сондай-ақ олардың қосымшалары мен қосымша нысандары кіреді:
- салықтың әрбір түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша салық төлеуші жасайтын салық декларациялары, есеп-қисабы;
- резидент емес жеке тұлғаға салынатын жеке табыс салығының болжанған сомасы туралы өтініш;
- арнаулы салық режимдерін қолдануға патент алуға өтініштер;
Салық Кодексітің 397 және 531-баптарына сәйкес салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды тіркеу карточкаларын алуға өтініштер;
қосылған құн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтініштер;
қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттар нормаларын қолдануға берілген өтініштер;
шот-фактуралар тізілімі;
Салық Кодексіке сәйкес электрондық мониторингке жататын, салық төлеушілер табыс ететін құжаттама.
Салық есептілігі — салық төлеушінің, салық агентінің Салық Кодексіте белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша өтініші және (немесе) электрондық құжаты, онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәліметтер болуға тиіс.
Салық декларациясы мен есеп-қисабында көрсетілуге тиісті белгілі бір деректер болмаған жағдайда, оған уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тиісті қосымшалар табыс етілмейді.
2.2 Салық есептілігін салық төлеуші, салық агенті не олардың өкілдері Салық Кодексіке сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша дербес жасайды.
Салық есептілігі қағазда және (немесе) электрондық көздерде мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жасалады. Салық есептілігі электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеуші, салық агенті салық органдарының талап етуі бойынша осындай құжаттардың қағазға түсірілген көшірмелерін табыс етуге міндетті.
Қағазға түсірілген салық есептілігіне салық төлеуші, салық агенті (басшы және бас бухгалтер) қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушінің, салық агентінің мөрімен расталуға тиіс. Салық есептілігі электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиіс. Салық төлеуші — жеке тұлғаның өзі болмаған не ол іс-әрекетке қабілетсіз болған жағдайда салық есептілігіне оныңөкілі қол қойып, куәландырады.
Салық төлеушінің, салық агентінің салық есептілігін жасау жөнінде қызмет көрсететін өкілі оған қол қойып, мөр басуға және өзінің салық төлеуші ретінде тіркеу нөмірін көрсетуге міндетті.
Салық төлеуші, салық агенті салық есептілігін жасаған кезде, оның ішінде мұндай есептілікті оның өкілі жасаған жағдайда, салық есептілігінде көрсетілген деректердің дұрыстығы үшін жауаптылық салық төлеушіге, салық агентіне жүктеледі.
Салық төлеуші, салық агенті салық есептілігін тиісті салық органдарына Салық Кодексіте белгіленген тәртіппен және мерзімде табыс етеді.
Салық төлеуші (заңды тұлға) қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда қайта ұйымдастырылған, таратылған әрбір салық төлеушіге салық кезеңі басталғаннан қайта ұйымдастырылу немесе тарату аяқталған күнге дейін тиісінше бөлу, тарату және өткізу баланстарының негізінде салық есептілігі бөлек-бөлек жасалады. Мұндай есептілік салық органдарына қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап он бес күн ішінде табыс етіледі.
Салық төлеушілер, салық агенттері салық есептілігін өз қалауы бойынша:
өзі келу тәртібімен;
хабарланатын етіп почта арқылы тапсырыстық хатпен;
уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жағдайларда ақпаратты компьютерлік өңдеуге болатын электронды түрде табыс етуге құқылы.
Құжаттарды салық органы қабылдаған күн немесе есептілік жөнелтілімі электрондық почта арқылы жеткізілгендігі туралы хабарланған күн салық есептілігі салық органына табыс етілген күн болып табылады.
Почта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына Салық Кодексіте белгіленген мерзімнің соңғы күнінде сағат жиырма төртке дейін тапсырылған салық есептілігі почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдаған уақыты мен күні қойылған белгісі болса, мерзімінде табыс етілген деп саналады.
2.3 Салық есептілігі алдын ала камералдық бақылаусыз қабылданады. Егер салық есептілігінде:
- салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілмесе не дұрыс көрсетілмесе;
- салық кезеңі көрсетілмесе;
- осы баптың қолтаңба мен салық есептілігін куәландыруға қатысты талаптары бұзылса, салық есептілігі салық органына берілмеген болып есептеледі.
Салық төлеушіден салық декларациясын табыс етудің Салық Кодексіте белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган салық декларациясын табыс ету мерзімін үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Осы бапқа сәйкес салық декларациясын табыс ету мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.
Салық декларациясына, есеп-қисабына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Салық Кодексіте көзделген талап қою мерзімі ішінде жол беріледі.
Салық төлеушінің салық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және (немесе) есеп-қисапты осы өзгерістер мен толынқтырулар жатқызылатын салық кезеңі үшін қосымша салық декларациясын және (немесе) есеп-қисап жасау жолымен жүргізеді.
Қосымша салық декларациясындағы және (немесе) есеп-қисаптағы тиісті жолдарда бұрын табыс етілген салық декларациясымен және (немесе) есеп-қисаппен салыстырғанда анықталған айырманың сомасы ғана көрсетіледі.
Тексеру басталғанға дейін қосымша салық декларациясын және (немесе) есеп-қисап табыс еткен кезде, салық төлеуші анықтаған салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы бюджетке айыппұл есептелмей енгізілуге тиіс.
Салық есептілігі Салық Кодексіте белгіленген талап қою мерзімі ішінде салық төлеушілерде, салық агенттерінде және салық органдарынд сақталады.
Салық төлеуші, салық агенті — заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның қызмет кезеңі үшін салық есептілігін сақтау жөніндегі міндеттемелер оның құқық мирасқорына жүктеледі.
2.4 Салық Кодексітің 397 және 531-баптарына сәйкес салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды тіркеу карточкаларын алуға өтініштер;
қосылған құн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтініштер;
қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттар нормаларын қолдануға берілген өтініштер;
шот-фактуралар тізілімі;
Салық Кодексіке сәйкес электрондық мониторингке жататын, салық төлеушілер табыс ететін құжаттама.
Салық есептілігі — салық төлеушінің, салық агентінің Салық Кодексіте белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша өтініші және (немесе) электрондық құжаты, онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәліметтер болуға тиіс.
Салық декларациясы мен есеп-қисабында көрсетілуге тиісті белгілі бір деректер болмаған жағдайда, оған уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тиісті қосымшалар табыс етілмейді.
Салық есептілігін салық төлеуші, салық агенті не олардың өкілдері Салық Кодексіке сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша дербес жасайды.
Салық есептілігі қағазда және (немесе) электрондық көздерде мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жасалады. Салық есептілігі электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеуші, салық агенті салық органдарының талап етуі бойынша осындай құжаттардың қағазға түсірілген көшірмелерін табыс етуге міндетті.
Қағазға түсірілген салық есептілігіне салық төлеуші, салық агенті (басшы және бас бухгалтер) қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушінің, салық агентінің мөрімен расталуға тиіс. Салық есептілігі электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиіс. Салық төлеуші — жеке тұлғаның өзі болмаған не ол іс-әрекетке қабілетсіз болған жағдайда салық есептілігіне оныңөкілі қол қойып, куәландырады.
Салық төлеушінің, салық агентінің салық есептілігін жасау жөнінде қызмет көрсететін өкілі оған қол қойып, мөр басуға және өзінің салық төлеуші ретінде тіркеу нөмірін көрсетуге міндетті.
Салық төлеуші, салық агенті салық есептілігін жасаған кезде, оның ішінде мұндай есептілікті оның өкілі жасаған жағдайда, салық есептілігінде көрсетілген деректердің дұрыстығы үшін жауаптылық салық төлеушіге, салық агентіне жүктеледі.
Салық төлеуші, салық агенті салық есептілігін тиісті салық органдарына Салық Кодексіте белгіленген тәртіппен және мерзімде табыс етеді.
Салық төлеуші (заңды тұлға) қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда қайта ұйымдастырылған, таратылған әрбір салық төлеушіге салық кезеңі басталғаннан қайта ұйымдастырылу немесе тарату аяқталған күнге дейін тиісінше бөлу, тарату және өткізу баланстарының негізінде салық есептілігі бөлек-бөлек жасалады. Мұндай есептілік салық органдарына қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап он бес күн ішінде табыс етіледі.
Салық төлеушілер, салық агенттері салық есептілігін өз қалауы бойынша:
өзі келу тәртібімен;
хабарланатын етіп почта арқылы тапсырыстық хатпен;
уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жағдайларда ақпаратты компьютерлік өңдеуге болатын электронды түрде табыс етуге құқылы.
Құжаттарды салық органы қабылдаған күн немесе есептілік жөнелтілімі электрондық почта арқылы жеткізілгендігі туралы хабарланған күн салық есептілігі салық органына табыс етілген күн болып табылады.
Салық кодексінің 368-377, 385-397-баптарына сәйкес арнаулы салық режимдерін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушілер Декларацияны салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады. Егер Декларацияны тапсыру мерзімі демалыс немесе мейрам күніне келсе, Декларация келесі жұмыс күні болып табылатын күні беріледі.
Салық телеуші (заңды тұлға) қайта құрылған, таратылған кезде қайта құрылған, таратылған әрбір салық төлеушіге тиісінше бөлу, тарату және табыстау баланстарының негізінде салық кезеңінің басынан қайта құру немесе тарату аяқталған күнге дейін жеке Декларация жасалады. Бұл Декларация қайта құру немесе тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап он бес күннің ішінде салық органдарына беріледі.
Декларация тапсырған кезде:
келу тәртібімен қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен бірге салық төлеушіге қайтарылады;
почта бойынша хабарлама жазылған тапсырыс хатпен – салық төлеуші хабарламаны почта немесе өзге байланыс ұйымы арқылы алады;
келу тәртібімен электрондық түрде не электрондық почта бойынша Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес Декларацияның жеткізілгені туралы хабарлама-ны салық органында не электрондық почта бойынша алады.
Салық кодексінде белгіленген Декларацияны тапсыру мерзімі басталғанға дейін салық төлеушіден жазбаша өтініш алынған кезде уәкілетті мемлекеттік орган Декларацияны тапсыру мерзімін үш айдан аспайтын кезеңге ұзартуға құқылы.
Декларацияны тапсыру мерзімін ұзарту корпорациялық табыс салығын төлеу мерзімін өзгертпейді.
Декларацияға салық төлеушінің, салық агентінің (басшының немесе бас бухгалтердің) қолдары қойылуға, сондай-ақ салық төлеушінің, салық агентінің мөрімен расталуға тиіс. Декларация электрондық түрде жасалған кезде электрондық құжат басшының, бас бухгалтердің электрондық қолдарымен және заңды тұлғаның электрондық мерімен расталуға тиіс.
Салық төлеушілер салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есептеу әдісі бойынша белгілейді.
Салық кодексінде салық салудың әртүрлі шарттары- көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің бөлек есебін жүргізуге міндетті.
Салық төлеушілер бөлек есепті бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде есеп-қисаптарды жүзеге асыру арқылы жүргізеді. Бұл есеп-қисаптар қызметтің әрбір түрі бойынша жеке жасалады (егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта езгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушылар үшін - әрбір кен орны бойынша).
Қызметтің белгілі бір түріне жатқызылған барлық кірістер мен шығыстар тиісті есептік құжаттармен расталуға тиіс.
Заңды тұлға тіркелгеннен кейін бірінші болып табылатын Декларация тапсырылған кезде салық төлеуші «алғашқы» торкөзін белгілейді; заңды тұлға таратылған, қайта құрылған кезде «тарату» торкөзі белгіленеді; егер күнтізбелік жылдың басында құрылган ұйым таратылып, осы жылдың аяғына дейін қайтадан құрылса, «алғашқы» және «тарату» торкөздері белгіленеді; Декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде «қосымша» торкөзі белгіленеді.
Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:
1. Салық есептілігі құжаттары
2. Салық есептілігінің түрлері
3. Салық есебінің ережелері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Кодексі «Бюджетке төленетік салықтар және басқа да міндетті төлемдер» (Салық Кодексі) 2014.04.02 ж.
2. Бабаев Ю.А. Теория бухгалтерского учета: Учебник для студ. высш. учеб. заведений обуч. по эконом. спец-тям. / Ю.А. Бабаев.- Москва: ЮНИТИ, 2000.- 391 с.;
3. Проскурина В.П. Бухгалтерлік проводкалар: (ҚР ҚМ 23.05.2007 ж. N185 бұйрығымен бекітілген, "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының" бөлімдері бойынша бухгалтерлік проводкалар жинағы). / В.П. Проскурина; Ауд. М.Қ.Акишев.- Алматы: ЖШС "LEM" баспасы, 2011.- 292 б.;
Бақылау сұрақтары:
1. Салық есептілігі
2. Салық есептілігі құжаттары
3.Салық есептілігін жасау ерекшеліктері
4.Салық есебінің ережелері
5.Салық салуға байланысты обьектілерді есепке алу
